Кәсіпорын тапсырыс берушіге 1000000 теңгеге дайын өнім өткізді;
Өткізілген өнімге 140000 теңге сомада ҚҚС есептелді;
Тапсырыс беруші алынған өнім үшін 1140000 теңге аударып берді;
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 800000 теңге сомада шығыс етілді;
Келісімшарттарменқарастырылғанкейбірсебептергебайланысты 300000 теңге сомадағы тауардың бір бөлігі кәсіпорынның өзіне қайтарылды. Осы себептен төмендегі операциялар қосымша пайда болады:
Сатылған тауарлардың 300000 теңгеге қайтарылуы (сату бағасы бойынша);
Есеп айырысу шотындағы ақшаның 342000 теңгеге кемуі;
Өткізілген өнімге есептелген ҚҚС-ның 42000 теңге мөлшерде қайтарылуы;
Қоймадағы дайын өнім қалдығының 240000 теңгеге көбеюі. Тауарлардың қайтарылуы мен оның нәтижесі бойынша ша-
руашылық операциялар жазамыз.
№
Операциялардыңаталуы
Сомасы
Шоттардыңкор-респонденциясы
Д-т
К-т
1
Тапсырыс берушіге дайын өнім
өткізілді
1000000
1210
6010
2
Өткізілген өнімге ҚҚС есептелді
110000
1210
3130
3
Есеп айырысу шотына тапсырыс
берушіден ақша келіп түсті
1140000
441
1210
4
Дайын өнімнің өзіндік құны
шығыс етілді
800000
7010
1320
5
Сатылған тауарлардың
қайтарылуы
300000
6020
1210
6
Қайтарылған тауар үшін
тапсырыс берушінің ақшасын қайтару
Қоймадағы дайын өнімнің қалдығы 240000 теңгеге көбейеді;
Өткізілген өнімге есептелген ҚҚС-ның сомасы 98000 теңгеге (140000 — 42000) тең болады.
№ 5410 шот. «Есептік жылдың пайдасы (залалы)»
Кәсіпорын қызметінің түпкі мақсаты пайда (жиынтық табыс) алу болып табылады. Пайда, бұл — алынатын табыстар жиынтығының жұмсалған шығыстардан артық болуы. Ондай болмаса, кәсіпорын залал, яғни теріс нәтиже шегеді.
Бухгалтерлік есеп шоттары бас жоспарының нұсқауында: жыл соңында 6-шы және 7-ші бөлімдердің барлық шоттары № 5410
«Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына жабылады (шығыс етіледі) және түпкі нәтиже анықталады деп айтылған.
6-шы «Кірістер» бөлімінің барлық шоттары (№ 6020, 6030 шоттардан басқа) жыл бойы кредитте болып, ал жыл соңында № 5410 шоттың дебеті бойынша жабылатындығына назар аударамыз. 7-ші
«Шығыстар» бөлімінің барлық шоттары жыл бойы дебетте болып, ал жыл соңында № 5410 шоттың кредиті бойынша жабылады. Ал,
№ 6020, 6030 «Сатылған тауарларды қайтару, сауда жеңілдігі мен бағаны түсіру» шоттары қалай жабылады? Әрине, 7-ші бөлімнің шоттары сияқты № 5410 шоттың кредиті бойынша жабылады.
Бұрынғы мысалдарға қайта ораламыз:
а) Контрпассивті шоттар.
№ 6010 шотты 1000000 теңге сомада № 5410 шоттың кредиті бойынша жабамыз;
№ 6010 шотты 300000 теңге сомада № 5410 шоттың дебеті бойынша жабамыз;
11) № 7010 шотты 560000 теңге = (800000 — 240000) сомада № 5410 шоттың дебеті бойынша жабамыз;
Есепті жылдың бөлінбеген табысын 140000 теңге = (1000000
300000) — 560000 сомада анықтаймыз.
Егер тауар қайтарылмаған жағдайда есепті жылдың бөлінбеген табысы 200000 теңгені = (1000000 — 800000) құрайтын еді.