Бухгалтерлік



бет11/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

ЖИЫНТЫҒЫ:

38000




Кіріспе бухгалтерлік баланстың мәліметтерін пайдаланып, шот- тарда сол операцияларды жазамыз.



1310 «Шикізат пен

1040 «Ағымдағы банктік

1010 «Кассадағы

материалдар»

шоттардағы ақша

теңгемен ақша




қаражаттары»

қаражаттары»




Дт

Кт




Дт

Кт




Дт

Кт

С. 20000




С. 80000




С. 1000




3) 30000







1) 1000

1) 1000




Айн. 30000

Айн. -




4) 4000

Айн. 1000

Айн. -

С. 50000




Айн. -

Айн. 5000

С. 2000




С. 75000




501 «Жарияланған капитал» 3120 «Жеке табыс салығы»





Дт Кт




Дт Кт




С. 50000




4) 4000

С. 1000

2) 3000

Айн. -

Айн. -

Айн. 4000

Айн. 3000

С. 50000

С. 0

3310 «Жеткізушілерге 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша кредиторлық берешек» кредиторлық берешек»




Дт Кт




Дт Кт




С. 20000







С. 30000

3) 30000

2) 3000

Айн. -

Айн. 30000

Айн. 3000

Айн. -




С. 50000

С. 27000

Айналымдарды есептеп, соңғы қалдықтарды есептеп шығарамыз.


Балансты құрастыруға кірісуден алдын, айналым ведомосын құрып, шоттардағы жазулардың дұрыстығын бақылау қажет.


20_ жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
(теңге)

Шифр



Шоттардың аталуы

1.01.20… ж.
сальдосы

Қаңтар айындағы айналымдар

1.02.20… ж.
сальдосы

Дебет

Кредит

Дебет

Кредит

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

7

8

1310

Шикізат пен
материалдар

20000



30000



50000






1

2

3

4

5

6

7

8

1040


Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары

80000






5000


75000




1010

Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары

1000



1000



2000



5010

Жарияланған капитал



50000







50000

3120

Жеке табыс салығы



1000

4000

3000





3310

Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек



20000



30000



50000

3350


Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек



30000


3000






27000


ЖИЫНТЫҒЫ:

101000

101000

38000

38000

127000

127000

Айналым ведомостың жиынтықтары екі-екіден тең болуы тиіс. Айдың басына қалдықтардың жиынтықтары дебет пен кре-


дит бойынша тең болады, өйткені шоттарды ашу үшін активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болған (101000 = 101000) ба- лансты пайдаланамыз.
Біз әрбір соманы екі реттен, бір шоттың дебеті бойынша және басқа шоттың кредиті бойынша жазғандықтан (қосарлы жазу) (38000 = 38000), айдың ішіндегі айналымдардың жиынтықтары дебет пен кредит бойынша тең болады. Бұл сомалар шаруашылық операциялардың тіркеу журналының жиынтығымен сәйкес келуі тиіс. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда кей бір операция қалып кеткен немесе қате жіберілген болып шығады.
Айдың соңындағы қалдықтардың жиынтығы дебет пен кре- дит бойынша тең болады, өйткені олар бастапқы сальдолар мен айналымдардың негізінде алынған. Енді бұл қалдықтар келесі жаңа баланс құрастыру үшін қолданылады. Біздің мысалда бұл төртінші операциядан кейінгі баланс.
Айналым ведомостары аналитикалық шоттар бойынша жазулар- ды бақылау үшін толтырылады.

Қайталау үшін сұрақтар:





  1. Айналым ведомосы не үшін құрылады?

  2. Айдың басындағы қалдықтардың дебет пен кредит бойынша жиынтықтары неге тең болуы тиіс?

  3. Айдың ішіндегі айналымдардың дебет пен кредит бойынша жиынтықтары неге тең болуы тиіс?

  4. Айналым ведомосындағы айналымдардың жиынтықтарын операцияларды тіркеу журналының жиынтығымен неге салыстыра- мыз?

  5. Айдың соңындағы қалдықтардың дебет пен кредит бойынша жиынтықтары неге тең болуы тиіс?

  6. Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы мен баланстың арасында қандай байланыс бар?



9. Құжаттау


Өзінің жұмысы барысында бухгалтер әртүрлі құжаттармен іс жүргізеді.


Құжат деген латын тілінде «куәлік» немесе «дәлел» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын заңдастырады.
Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз сақталуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және белгілі мерзім бойы сақталуы тиіс.
Құжат, бұл — бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін, жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.
Құжаттардың құрамындағы бастапқы құжаттарды, есепті регистрлерді және есеп беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыра- тып отыру қажет.
Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Содан соң, олардың мәліметтері есеп регистрлеріне өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады.
Бастапқы құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына баста- ма береді, кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті мәліметтермен бухгалтерлік
есепті қамтамасыз етеді. Есепке тек қана дұрыс жасалған, яғни барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жүзіндегі маңыздылығына ие болады.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережесімен реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға үлгінің (форманың) көзі, жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен олардың түсіндірмелері жатады.
Бастапқы құжаттарда қажетті жағдайларда жоғарыда аталған- дардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін.
Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны аяқтаған соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытында алынбаған (депонирленген) еңбекақыны беру үшін шығыс кассалық ордер бухгалтер және еңбекақысын алатын тұлғамен барлық қажетті реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.
Құжатты жасап, қол қойған адамдар оны өз уақытында және са- палы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.
Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс және шығыс кассалық ордерлерде, төлем тапсырмаларында, ақша чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол берілмейді. Егер сондай бастапқы құжатта сіз қатеге орын берсеңіз, онда ол жойылып, жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін тол- тыруда қателессеңіз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын белгілей отырып орнында қалдырыңыз. Сонан соң, келесі жаңа чекті толтырыңыз.
Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, ал- дын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау қажет. Жоғарыда дұрыс мәтін немесе соманы жазыңыз. Қатенің түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен расталуы тиіс.
Бастапқы құжаттар есеп регистрлерімен бірге сақталады неме- се жеке папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі.

Қайталау үшін сұрақтар:





  1. Құжаттау деген не?

  2. Есеп құжаттарының құрамында бастапқы құжаттар қандай орын алады?

  3. Бастапқы құжаттардағы реквизиттер деген не?

  4. Бастапқы құжаттардағы қандай реквизиттер міндетті болып саналады?

  5. Барлық міндетті реквизиттері толтырылмаған құжаттың заңды күші бола ма?

  6. Бастапқы құжаттар қай уақытта жасалуы тиіс?

  7. Құжаттың жасалу дұрыстығына кім жауапты болады?

  8. Қандай бастапқы құжаттарда қателерге жолберілмейді?

  9. Бастапқы құжаттағы қате қалай түзетіледі?



  1. Түгендеу


Барлық шаруашылық операцияларды құжаттау мен шоттардағы қосарлы жазу жүйесі бәрібір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық бейнелеуін қамтамасыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың ықпалына түспейтін (табиғи кему) немесе кейбір себептермен бастапқы құжаттардың мәліметтерін бұрмалайтын (қоймадағы опе- рацияларды жасау және есептеу кезіндегі қателер, қиянат етушілік, ұрлық, иесіздік) процестер де болады.


Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана ашылуы мүмкін. материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар түгендеуге тап болады.
Түгендеу, бұл — кәсіпорында сақталу орындары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша құжаттарын олардың нақты бар болуымен салыстыру.
Түгендеу есептегі қателерді айқындау мен Материалды жауапты тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың түгелдігін тексеру үшін қажет.
Егер, материалдардың түгендеуі жүргізілсе, онда олар есептеледі, таразыға тартылады, өлшенеді және олардың техникалық жағдайы бағаланады. Бұл жұмыстың барысында тиісті үлгідегі түгендеу тізімі толтырылады. Материалдық құндылықтардың нақты бар болуы бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады. Атап айтқанда, материалдық құндылықтарды сақталу орындарынан алынған түгендеу тізімінің мәліметтері бухгалтерлік шоттардағы
жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру ве- домосы түзіледі.
Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы түгендеу тізімі үлгісінің шамалы өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі жүргізіледі. Негізгі құралдарды түгендеуде әрбір мүлік объект бойынша есепке алынады.
Ақша қаражаттарын түгендеу кезінде олардың кассадағы нақты бар болуы мен анықталған сома бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады.
Есеп айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салысты- ра тексеру жұмысы жүргізіледі. Түгендеу толық немесе бөлшекті түрде (материалды-жауапты тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы және кенеттен болады. Түгендеу төмендегі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі. Олар:

  1. Кәсіпорынның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ меншіктің түрі өзгеру жағдайында;

  2. Жылдық есеп беруді дайындау алдында. Үйлер, ғимараттар мен негізгі құралдардың басқа да қозғалмайтын объектілерінің түгендеуі екі-үш жылда бір рет жасалуы мүмкін;

  3. Материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (жұмысты қабылдау-тапсыру күніне);

  4. Ұрлық және қиянат ету, сондай-ақ құндылықтардың бұзылу фактілері анықталған кезде;

  5. Өрт немесе басқа табиғи апаттар болған жағдайда.

Түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар кіріске алынып, кәсіпорынның табыстарына есепке алынады. Кем шығулар айып- ты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптар анықталмаса немесе сот органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндіріс немесе айналым шығындары ретінде бейнеленеді.
Түгендеу комиссия құрамына Материалды жауапты тұлғаны қатыстырумен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет