Буын — бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын 3 түрлі рөл атқарады



бет2/9
Дата16.12.2022
өлшемі32,18 Kb.
#57678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Глоссарий Аликул Айдын

Үлкен жұмыр бұлшықет - жауырынның төменгі бұрышынан басталып арқаның жалпақ бұлшықетімен бірге тоқпан жіліктің кіші денесіне бекиді де жиырылған кезде қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады, ал көтеріліп тұрған қолды денеге жақындатады.

  • Ауыз қуысы (грек, stoma — ауыз қуысы) — ас корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіре беріс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды.

  • Ерін — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш қабықтан: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті қабықтардан және сыртқы — теріден тұрады. Кілегейлі қабық екі қабаттан: ішкі - көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан тұрады. Жоғарғы және төменгі ерін кілегейлі қабықтарында - еріннің майда қабырғалық сілекей бездері орналасады. Олардың өзектері ауыз қуысына ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бұрышын — езу деп атайды.

  • Ұрт. Сырты терімен, ішкі беті шырышты қабықтың кілегейімен көмкеріліп, ауыз ішінің екі бүйірін алып жатады. Ұрттың кілегей қабатында май бездері орналасқан.Олар шоғырланып орналасқандықтан сары болып көрінеді. Мұрын және ауыз аймақтарынан мұрын-ерін борозымен бөлініп, артқы жағынан паротит-шайнау аймағымен жалғасады.

  • Тiс - қатты жасушаларда тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен қатар жануарларда қорғану және шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады. Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды, және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады. Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда - 32, және 4 ақыл тiстің болуы мiндеттi емес. Атап айтсақ 8 күрек тіс, 4 ит тiс, 8 кіші азу тіс және 8-12 үлкен азу тістер. Балаларда сүт тiс 3 айдан бастап бір жас шамасыаралығында шығады. Сүт тістер 6-12 жас аралығындағы тұрақты тістерге бiртiндеп алмастырылады. Сүт тiстерiнің жалпы саны 20: 8 күрек тіс, 4 ит тiс және 8 азу тіс. Кейбір адамдарда 32 емес 33 тiс болады. Мұндай жағдайлар өте сирек, бiрақ оларды комплекстен тыс деп аталу келісілген,яғни екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасады.

  • Тіл-ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл - тіл түбірінен, тіл денесінен, тіл арқасынан тұрады. Тілде екі бүйір беті және ұшы болады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда механикалық және дәм сезу емізікшелері орналасады. Тіл ауыздағы асты шайнау, жұту жұмыстарын іске асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ол астың дәмін сезеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет