Қасаң қабық, кейдемөлдір қабық — көздің сыртқы фиброзды қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды. Ол сырттан ішке қарай бес қабаттан тұрады: алдыңғы көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий, алдыңғы шекаралық жарғақ, өзіндік зат, артқы шекаралық жарғақ және артқы бірқабатты жалпақ эпителий.
Нұрлы қабық — тамырлы қабықтың ең алдыңғы бөлiгi, көздiң алдыңғы және артқы қуыстарын бөлiп тұрады.Нұрлы қабықта бес: алдыңғы эпителий; сыртқы шекаралық; тамырлы; iшкi шекаралық және артқы бояутектi эпителий қабаттарын ажырайды. Нұрлы қабықтың ортасындағы кішірейіп, кеңейіп тұратын тесікті қарашық деп атайды. Нұрлы қабықта көздің түсін анықтайтын бояғыш пигментті жасушалар болады. Нұрлы қабық көз алмасына өтетін жарық сәулелерінің мөлшерін реттеп, диафрагманың қызметін атқарады
Қарашық — көздегінұрлы қабықтың ортасындағы тесік. Нұрлы қабықтың сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер будалары қарашықтың қысқыш, ал тарам миоциттер будалары, оның кеңейткіш бұлшықеттерін түзеді. Аталған бұлшықеттердің; әсерінен қарашық рефлекторлы түрде кеңейіп немесе тарылып көз алмасына жарықтың түсу мөлшерін реттейді. Күшті жарық әсерінен қарашықтың мөлшері кішірейіп, ал әлсіз жарыққа, керісінше, кеңеюіне жауап береді.
Көз бұршағы — пішіні сопақша келген, екі беті дөңес линзаға ұқсас мөлдір құрылым. Ол талшыққа айналған ұзынша мөлдір эпителий клеткаларынан түзілген. Көз бұршағы — кірпікті денеге кірпікті белдеудің көмегімен бекиді.
Торлы қабық – көзге көрінетін түсті ажыратушы, жұқа жүйкелік жарғақ. Тор қабықтағы жүйке жасушалары көздің көріп тұрғандығы туралы сигналды көру жүйкесі арқылы миға жеткізеді.Тор қабық көздің артқы үштен екі бөлігін алып жатады және 2 қабаттан тұрады: сезімталды торқабық және пигментті эпителиаді торқабық.Көз алмасының артқы жағындағы торлы қабықтың ортасындағы дақ орталық көру қабілетін айқындайды және нақтылайды, көздің көру аймағындағы обьектіге көздің назарып аудартады.
Соқыр дақ — торлы қабықтағы жарықты сезбейтін көз түбі аймағы.Көз алмасының соқыр дақ аймағындағы торлы қабықта жарық сезгіш фоторецепторлы нейроциттер болмайды. Бұл аймақты торлы қабықтың мультиполярлы ганглионды қабатағы нейроциттер аксондарынан түзілген жүйке талшықтарының қабаты құрайды.
Көру жүйкесі — көру талдағышының өткізгіш жолы, ми жүйкелерінің II жұбы, қызметі жағынан сезімтал жүйке. Көру жүйкесі көз алмасы торлы қабығындағы мультиполярлы ганглионды нейроциттераксондарынан түзілген. Аталмыш жүйке ми сауытына көз шарасынан көру өзегі арқьлы еніп, қарсы жақтың аттас жүйкесімен айқасып, көру жолын түзеді де, аралық миға енеді.
Кірпікті дене- тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді.Кірпікті дененің сыртқы қабатын біріңғай салалы ет ұлпасы түзеді. Бұл еттер не жиырылып,не босап көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеп тұрады.