31
Елюй Дашы 1143 ж. қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй
Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына
отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң қарындасы Бұбұған таққа
отырып, 1164-177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде қарақытай
ордасында саяси өзгерістер көп болды, Бұбұған өлтіреді.
Оның орнына Иелінің баласы Жилучу горхан болды. Жилучу өзінің билігін 1213 жылға
дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытай Орта Азиядағы басып
алған жерлерінен айырыла
бастады. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете
соққы береді.
Қарақытайлар одағына кірген ру-тайпалар мұсылман дінінен тыс қалған, шаманизм,
манихейлік, буддизм сияқты діндерді ұстанып отырған түркілер еді. Дәлірек анықтасақ,
қарақытайлар дегеніміз – кәдімгі, Жетісу мұсылмандарына Қарахандар заманынан жақсы
таныс көршілес мәжуси түркі тайпалары (басмыл, ябаку, оғрақ, т.б.) . Қарахандар оларды
ұзақ уақыт шекарадан өткізбей, тежеп, оқтын-оқтын соғысып отырғанын еске түсіруіміз
керек. Міне, енді олар Шығыс Қарахан елінде саяси билік әлсірегенін, бытыраңқылық орын
алғанын пайдаланып, түрлі сылтаулармен, шекаралық күзет қызметін атқаруға жалданып
кіре бастады. Йе Лүй дашы сияқты мықты әскери қолбасшының келуі оларға тағы да түрткі,
әрі қолайлы жағдай болды. Оған еріп, мұсылман емес түркі топтарының лек-легімен
гүлденген өңірге еніп бара жатқаны үрей туғызды. «Ақырзаман таяғанда қарақытай
қаптайды» деген халық арасындағы сөз осыдан қалған.
Орта Азияға қарай бағытта мұсылмандар мен қарақытайлар арасында бірқатар ірі
шайқастар болды. 1137 жылы қарақытайлар Ходжент маңында
Мауараннахр иесі батыс
қарахандар басшысы Махмұдты талқандады. Махмұд өзінің қамқоршысы селжүк сұлтаны
Санжардан көмек сұрады. Мұсылман билеушілерінің арасында бірлік болмауы осы мәселеде
өзінің әсерін білдірді. Мысалы, Санжармен алауыз болған хорезмшах Атсыз
қарақытайлармен байланыс жасап, оларға дем беріп отырды. 1141 жылы 9 қыркүйекте
Самарқандқа таяу жер - Катуан даласында қарахандар селжүк-қарахан әскерімен ашық
майданда шайқасады. Олар Санжар басқарған 100 мың салт аттылардан тұрған мұсылман
әскерін күйрете жеңеді. Мұсылман әскерінің едәуір бөлігі - 30 мыңдай жауынгер қырылады.
Тарихшы Ибн әл Асирдың айтуынша, ислам тарихында бұдан үлкен және адам қазасы
жағынан аса зардапты әскери шайқас болмағанды. Самарқандта үш ай
болғаннан кейін
қарақытайлар Керманға бағыт алды, мұнда Йе Лүй дашы өзін гурхан деп жариялады (ұлы
хан деген мағынада). Қайтар жолында ол Бұхараны оңай алып, Баласағұн аймағына оралды.
Сөйтіп, қарақытайлар енді Мәуараннахрды да өзіне қаратады. Хорезм болса, жыл сайын 3
мың алтын динар мөлшерінде алым төлем тұруға мәжбүр болды. Жергілікті қарахандар
әулетінің жеке билеушілері Йе Лүй дашыға вассал болды.
Қарақытай мемлекетінің орталығы Баласағұн түбіндегі Күзорда ордасы болды. Олар
көшпелі өмір салтын сақтады. Жаңа билеушілер аула басынан салық жинау жүйесін енгізілді
- әр шаңырақтан бір динардан жиналды. Икта институтына тыйым салынды. Бірақ, жалпы
алғанда, шапқыншылар әлеуметтік-мәдени деңгейі жағынан жергілікті халықпен
салыстырғанда едәуір төмен болғандықтан, бұрынғы саяси-әлеуметтік жүйенің көп тұстарын
өзгеріссіз қалтырды. Қарақытайлар жергілікті түркі-мұсылман жұртының сауатты өкілдеріне
тәуелді болып, оларды қызметке тартты. Әсіресе алғашқы кезеңде қарақытай билігі таралуы
біршама бейбіт сипатта (инфильтрация – біртіндеп ену) өтті. Қалалар мен кенттер
қиратылған жоқ. Бірақ, Катуан шайқасынан кейін жаулаушылар
мұсылман халқын тонау,
дініне қудалау саясатын күшейтті. Бірінші гурхан Йе Лүй дашы 1143 ж. қайтыс болады,
билік оның жесірі Табуянға көшті. Жеті жыл өткен соң таққа Иле отырып, елді он үш жыл
биледі. Ол өлгеннен кейін, 1155 ж. билікті өз қолына Йе Лүй дашының қарындасы Бұсұган
алды. 1169 ж. бастап 1213 ж. дейінгі кезеңде Қарақытай мемлекетін гурхан Чжилугу
басқарды. 1206 ж. Жетісуға Моңғолиядан Шыңғысхан тықсырып қуып шыққан Күшлік
бастаған наймандар қашып келді. Осы кезде қарақытай мемлекеті шын мәнінде алым жіберіп
тұрумен шектелетін дербес ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен еді. Мұсылмандар «кәпір»
32
басқыншыларға наразылығын күшейтті, 1210 жылы хорезмшах Мұхаммедтің негізінен
мұсылман-қыпшақтардан құралған әскері Тараз түбінде гурхан әскерін жеңеді.
Қарақытайлар шегініп, Баласағұнға жеткенде, оның тұрғындары гурханды қалаға жібермей,
қақпасын жауып алады. Қарақытайлар он алты күн өз астанасын шабуылдап, сонан соң үш
күн бойы оны тонап, тұрғындарын қызыл қырғынға ұшыратады. Қаладағы тек «атақты»
мұсылмандардың өзінен 7 мың адам өлтіріледі. Осындай жағдайды пайдаланып, Күшлік
1211 ж. күзде гурханды тұтқынға алып,
биліктен тайдырады, екі жыл өткен соң гурхан
Чжилугу өледі. Сөйтіп, Қарақытай мемлекетінің тарихы аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: