Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет21/74
Дата09.10.2024
өлшемі5,01 Kb.
#147318
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Егіншілік.
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы 
өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына 
себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе 
суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам 
өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық 
Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау 
баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері 
мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік 
көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы 
арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, 
Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы 


36 
төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі 
алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол 
жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас 
жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу 
өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын 
құралдармен /омаш/ өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас 
диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім 
шарушылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. 
Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, 
Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру жүйесі 
болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың 
айналысындағы бау-бақшалар суғарылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет