33
жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ,
олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін
сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын
тобы қазақтардың да құрамына кірді.
Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономиясынан да кездеседі.
Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды. Олар бұрынғы этнонимдегі –іт
жалғауын
жоғалтып, Керей (қара керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына
қосылды. Егер орта ғасырлардағы дала халқының монғол дәуірінде тұрақты түрде және
алыстан қоныс аударуын ескерер болсақ, керейіттер мен корейлерді олар батыс
керейіттердің шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа
қарай одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз.
Орталық Азия халықтарының этникалық тарихынан жақсы біліп отырғанымыздай,
мұндай
араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған.
Керейіттерге ерте мемлекеттік құрылымдар - ұлыстар тән болды. Керейіт көсемдерінің
екі ордасы болды, солтүстігі ордасы Орхон өзені бойынағы Хатунбалық қаласында, ал
оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бойында. Ұлыс шекарасының ең маңызды жерлері күзетке
алынды. Ұлыста хан қосынының басқару органдары, әскері мен жасауылы бар басқару
аппараты жұмыс істеді. Іс жүргізу
жолға қойылып, құжаттарға мөр басылатын болды. 1007
жылы керейіттер, ең әуелі билеуші топ, христиан дінінің несториан бағытын қабылдайды.
Наймандар мен керейіттер арқылы христиан діні моңғолдарға ықпал етті. Мысалы,
Шыңғыс ханның ұлы Тұлұйдың (Төлей) әйелі (ол Уаң ханның жиен қарындасы, ұлы хандар
Мөңке мен Хубилайдың шешесі) христиан дінін ұстанды.
Достарыңызбен бөлісу: