Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет4/74
Дата09.10.2024
өлшемі5,01 Kb.
#147318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Кейінгі палеолит
35-30 мың жылдықтан 12-10 мың жылдық уақытты қамтиды. Бұл 
кезде адам жер шарының барлық климат зонасына қоныстанып, нәсіл мен нәсілдік топтар 
қалыптасты. Алдындағы кезең ескерткіштеріне қарағанда тұрақтар аз болды. Шығыс 
Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское тұрақтары белгілі. Пещера 
деревнясынан табылған тұрақ ерекше назар аударады. Жоғары палеолитте тас құралдарын 
өңдеу күрделі болды; нуклеустерден жұқа қабаттары бөлініп алынды, оны сүйектен, ағаштан 
жасалған заттарға енгізіп қойды, сонымен қатар пышақ және қырғыш ретінде қолданылды.
Палеолит
– көне тас ғасыры, ол б.з.д. 2,6 млн. – 12 мың жылдыққа дейін созылады. 
Ерте (б.з. 2,6 млн. – 35-30 мың жыл бұрын) және кейінгі (б.з. 35-30 - 12 мың жыл бұрын) 
палеолит болып екіге бөлінеді. Адамзат анайы шаруашылық қам-қаракеті табиғаттың дайын 
тұрған өнімдерін пайдаланумен шектелген. Қазақстанда палеолитті зерттеудің қалыптасуы 
мен дамуына Ә.Х. Марғұлан, Х.А. Алпысбаев, А.Г. Медоев, А.П. Окладников, М.Н. Клапчук, 
В.С. Волошин, Ж.Қ. Таймағамбетов, О.А. Артюхова, Б.Ж. Аубекеров т.б. ғалымдар өз 
үлестерін қосты. Нәтижесінде ежелгі адам қоныстарының орналасуы, тас құралдары генезисі 
туралы мәселені жаңа қырынан тануға мүмкіндіктер жасады. Қазіргі таңда Қазақстан
территориясында 450-ден астам палеолит ескерткіштерінің орны анықталған. Бір ғана 
Мұғалжар өңірінен 60-шақты тас дәуірі ескерткіштері табылып отыр.
Мезолит
грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б.з.д. 12-7 мың 
жыл. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген. Алғашқы мезолиттік ескерткіштер ХХ 
ғасырдың 60-70 жылдары оңтүстікте Х.А. Алпысбаев, батыста А.Г. Медоев, солтүстікте Г.Б. 



Зданович, В.Ф. Зайберт, В.Н. Логвин сынды археологтардың жүргізген жұмыстарының
нәтижесінде ашылған болатын. Тек соңғы он жылда оншақты мезолит тас индустрия 
кешендеріне жататын ескерткіштер және тұрақтар табылып отыр. Жерлеу кешендері, 
алғашқы кезеңдер сияқты анықталмаған. 
Неолит 
- жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мың жылдықты қамтиды. Орталық 
Қазақстандағы қола дәуірі мәдениетінің қайнар бұлағын іздестірген Ә.Х. Марғұлан неолит 
дәуіріне зор мән берді. Сондай ақ В.Ф. Зайберт, В.Н. Логвин, Ж.Қ. Таймағамбетов пен Т.И. 
Нохрина сынды ғалымдардың іргелі еңбектерінде неолит ескерткіштерінің зерттелу 
тарихына біршама өз үлестерін қосқан. Соңғы жылдардағы зертеулер бірнеше неолиттік 
мәдениеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар 
және Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда – 
Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда – Усть-Нарым мәдениеттері табылған. Неолит – тас 
индустриаландырудың дамыған кезі. Тас өңдеу жаңа технологиялары пайда болды: аралау, 
бұрғылау, сүргілеу. 
НЕОЛИТ. Б.з.д. 5 мыңжылдықтан басталады. Бұл кезде тас өңдеу техникасы дамыған 
болатын. Неолит дәуірінің адамдары өндіргіш күштерін дамытты, басқа да мәдени-
тұрмыстық жаңалықтарды әкелді. Қазақстанның ежелгі адамдарында тау-кен істері мен 
тоқымашылықтың негізі қаланып, керамикадан ыдыстар жасады. Бұл қоғамды 
ұйымдастырудың жоғары формасы еді, яғни тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер 
құрылды.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 500-ден артық неолит және энеолит 
ескерткіштері белгілі, алайда олардың бәрі толық зерттеліп бітпеген. Орналасу сипатына 
қарай неолит тұрақтары төрт типке бөлінеді: бұлақ, өзен, көл, үңгірдегі. Қазақстан 
территориясында бұлақ жағасында орналасқан тұрақтар көп, әсіресе аңшылардың уақытша, 
мерзімге байланысты келіп орналасқан тұрақтары баршылық. Қазақстанның шөл 
далаларындағы неолит ескерткіштерінің бір ерекшелігі, олардың көпшілігі ашық (жердегі) 
тұрақтар. Барлық тұрақтардан жергілікті материалдардан жасалған тас құралдары табылған: 
садақ және найза ұштары, балталар, пышақтар, қырғыштар. 
Қазақстан территориясында, әсіресе Солтүстік Қазақстанда бірнеше неолит молалары 
бар. Бірде-бір моланың сыртқы белгілері жоқ. Барлық молаларда сүйектермен бірге садақ 
ұштары кездеседі, ал бұл аңшылықпен ежелгі адамдардың айналысқанын көрсетіп қана 
қоймай, олар жиі қақтығысқа түскенін де дәлелдейді. Молаларда керамика аз, кейбіреуінде 
жоқ та. 
Неолит соңғы кезеңіне (энеолит) Леньки 2 тұрағы жатады. Ондағы тастан жасалған 
құралдар Леньки 1 тұрағындағы тасты өңдеу техникасындағы дәстүр сабақтастығын 
көрсетеді. Сонымен қатар ол уақыты жағынан алғанда кейінгісі, өйткені құралдардың типі 
өзгерген, пластиналардың пайызы ғана қысқармаған, сонымен бірге олардан жасалған заттар 
да өзгерген. Құралдар әмбебап сипатта болып келеді. Садақ ұштары иіліп келген, олардың 
бет жағы екі жағынан өңделген. Тұрақтан көп балталар табылған. 
Мәдениет.
Кейінгі палеолитте, әсіресе оның бірінші жартысында, климат суығанда, 
адамдардың тұрақтары жоғары төбешіктерге салынып, бұрынғыдан жақсы жабдықталды. Ол 
жерлерден археологтар көптеген орларды тауып, онда өрт болғанын байқаған. 
Жерлеу рәсімі және энеолит тұрақтарынан табылған бірқатар символдық заттар бұл 
кезде тотемизмнің болғанын дәлелдейді (тотем, тотемизм – рулық қоғамдағы сенімдердің 
кешені, адам топтары арасындағы туыстық туралы түсінікпен байланысты және тотемдермен
– аңдар мен өсімдіктердің түрлері; әр ру өз тотемінің атын алды. Оны өлтіруге, тамақ ретінде 
қолдануға болмады. Тотемизм барлық халықтарда тараған, оның сарқыншақтары барлық 
дінде бар). Туыстарды тұрақтағы ескі үйде жерледі, аруақтың айналасына ондаған 
жылқының бас сүйегін қойған. 
Палеолит өнерінде хайуанаттар мен әйелдер бейнеленген. Қазақстандағы кейінгі 
палеолит тайпаларының көркемдік өнерінде, негізінен, шатқалда салынған алғашқы өгіз – 
турлар, бизондардың гравюралары тән. 



Хайуанаттардың өлуі мен көшуінің себебі Қазақстандағы кейінгі палеолит 
тұрақтарының жоғалуы себеп болып табылады. Хайуанаттар ізімен Сарыарқаның палеолит 
тайпаларының Сібірге қарай миграциясы жүрді. Шамамен 40-35 мың жыл бұрын мамонт 
сияқты хайуанаттардың бейнелері жасалды. Сарыарқаның палеолит гравюраларында 
жартастың жоғары жағы картина сияқты көрінеді. Жалпы Сарыарқа жазығында 
гравюралардың орналасуы микролит мәдениетінің дамуымен байланысты (жебе ұшына 
қолданылатын миниатюралық тас пластиналар). Неолит дәуірінде Сарыарқа климаты тарихи 
уақытпен салыстырғанда ылғалды болды. Аридтік жағдайда (аридтік климат құрғақ климат, 
ауада температура жоғары болады, шөл және жартылай шөл жерлерге тән) тамақ табу үшін 
аң аулап күн көру, соған сай өмір салтын талап етеді. Демек, аң аулау жартастағы өнердің 
дамуының алғы шарты болды деп пайымдауға болды. 
Гравюрамен қатар Қазақстанда таңбалы тас үлгілері табылды. Олардың ішінде 
архаикалық шығармалар ерекше (архаика – грекше ескі, ежелгі, сөздің шынайы мағынасы). 
Ол Тешиктастан табылған бұқалардың бейнелері, Баянауылдағы Әулиетас үңгірінен және 
Бұхтармадан табылған неолит суреттері. 
Энеолит
– мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың жылдықта орын алады. Соңғы уақытқа 
дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп қарстырған. Алайда, 
бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің 
еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалардың 
гүлденуімен байланыстырады. Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит 
дәстүрі аңшылық-балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл бойындағы 
энеолит ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі. 
Тас дәуірі академик Ә.Х. Марғұланның зерттеу жұмыстарын жүргізу негізінде 
өңірлерді анықтап отырған. Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық 
экспедициясы Сарыарқа жерінен неолит пен энеолит дәуірінің тұрақтарын тауып, қазба 
жұмыстарын жүргізген. 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Үйкеу (галечная) мәдениетінде деп аталды шикізат материалы ретінде не 
қолданылды? 
2.
Мустьер дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған? 
3.
Нәсіл мен нәсілдік топтар қашан қалыптасты? 
4.
Неолит пен энеолит дәуірінің тұрақтарын кім тапқан? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет