Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет6/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Андроновшылардың шаруашылығы.
Андроновшылар мал өсірумен айналысты. 
Олар қой, сиыр, жылқы бақты. Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда 
ұстау дәстүрін енгізді. Тұрғын үйлердің жанынан мал қораларын салды. Олар қос өркешті-
бактриан түйелерін өсірген. Сондықтан жартастарға салынған түйенің суреттері кездеседі.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басында 
андроновшылар отырықшы болған. Олар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал 
өсірген. Үй іргесінде мал бақты. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. 
Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрлері - жайлаулық тәсілі, яғни жартылай көшпелі мал 
шаруашылығы шықты. Сөйтіп, үй іргесіндегіден – жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай 
көшпелі, одан кейін көшпелі мал шаруашылығы пайда болды. Бұл дала мен шөл 
жайылымдарын тиімді пайдалануға септігін тигізді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал 
шаруашылығына өткеннен кейін бірте-бірте мал құрамы да өзгере бастады: ірі қараның саны 
кеміп, қой мен жылқы саны көбейді. Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік 
болған. Олар бидай, қарабидай және тары өсірді.
Қола дәуірінде кен өндіріп, балқыту ісі жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 
мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі 
кеншілер жұмсақ кенді қайламен қазса, қатты, тығыз кенді отпен уатқан, сонымен қатар 
үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тәсілі бойынша - кен өзегінің үстіне от жағылып, 
әбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, 
арнаулы пештерге салып балқытқан, ал мұндай пештерді ғалымдар Атасу, Суықбұлақ 
қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан тапқан. Металл балқытатын шеберханалар орны 
Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Металл 
балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. 
Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған.
Андронов тайпалары үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Қазақстанның далалары 
мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Әйелдер саз 
балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған 
шұңқырға от жағып, сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХVІІ-ХVІ ғғ. аяқ-табақтар белгілі бір 
тоқылған мата қалыпқа салынып істелген. Қыш ыдыстарға геометриялық ою-өрнектер 
салған. Бұл өрнектер байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін және ыдыс 
ішіндегі затты білдірген.
Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жертөле үйлер болған. 
Бөлмелерді жылыту үшін тастан пештер салынды, отынға ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола 
дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан 
салған. Мұндай көлемі үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарынан кездесеті. Осындай 


12 
үлкен үйлерде қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен 
отбасылар тұрған. Осындай үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір сүрген және 
бірге тұрып, бәріне ортақ шаруаны ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарғанын 
байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет