Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата09.03.2017
өлшемі2,17 Mb.
#8503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Г е о г р а ф и я л ы қ 
глобалистика 
Кешенді аумақтық 
зерттеулер 
Ғ ы л ы м д а р тоғысындағы 
География  м а з м ұ н ы н ы ң 
зерттеулер 
байытылуы 
Сурет 2 - Географиялыц глобалистиканың зерттеу бағыттары 
Географиялық глобалистиканың зерттеу мақсаттарына сәйкес, кешенді аумақтық зерттеулер басым 
орын алуда. Жалпы алғанда, қазіргі дүниедегі ғаламдық өзгерістер мен проблемаларды зерттеу аумақтағы 
табиғи және қоғамдық факторларды бірге қарастырған жағдайда нәтижелі болатыны анықталып отыр. 
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің күрделі мәселелерінің заңдылықтарын танып біліп, шешімдер 
қабылдау үшін оларды біртұтас жүйе ретінде алып, кеңістік ұйымдасуын зерттеу қажет. 
Географияның негізінде дамитын геоглобалистика екінші жағынан оның бұрынғы салаларын 
мазмұндық тұрғыдан байытуда. 
Қазіргі ғаламдық проблемаларды ғалымдар төмендегідей жіктемелеуде [6]: 
Кесте 2 - Ғаламдық проблемалар жіктемесі 
Ғаламдық проблемалар жіктемесі 
Саяси сипаттағы 
Табиғи-экономикалық сипаттағы 
- ядролық қаруды жою; 
- әлемдік қауымдастықтың тұрақты 
дамуын қамтамасыз ету; 
- бейбітшілікті сақтау, т.б. 
- экономикалық; 
- энергетикалық; 
- ДЖ мұхит; 
- азық-түлік; 
- шикізат, т.б. 
Әлеуметтік сипаттағы 
Аралас сипаттағы 
- демографиялық; 
- ұлтаралық қатынастар; 
- мәдениеттің тоқырауы; 
- демократияның жетіспекуі; 
-денсаулық сақтау, т.б. 
- аймақтық кикілжіңдер; 
- терроризм; 
- технологиялық, т.б. 
- демографиялық; 
- ұлтаралық қатынастар; 
- мәдениеттің тоқырауы; 
- демократияның жетіспекуі; 
-денсаулық сақтау, т.б. 
Ғылыми сипаттағы 
- ғарышты игеру, т.б. 
Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі 
экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. 
17 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Сурет 3 - Ғаламдыц проблемалардың өзара байланысы 
Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық 
проблемаларды шешу шығындары құрайды. Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық 
және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың 
экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының 
жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. 
Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен,  Б ¥ ¥ - н ы ң басқаруымен шешілуі мүмкін. 
Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру 
қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін 
еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты 
жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын 
табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау 
проблемасы бойынша  Б ¥ ¥ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік 
беру. 
Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, себебі оның дамуы апатқа - өркениеттің 
жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық 
бағдарламалар жасалады, бірақ оларға әлі де болса келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. 
1. Дергачев ВА. Глобалистика. -М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. - 304 с. 
2. Кузнецов В. Что такое глобализация? //Мировая экономика и международные отношения. 1998. № 3. - С. 14-19. 
3. Robertson R. Mapping the Global Condition: Globalization as the Central Conception //Theory, Cultures and Societies. 
2005. V. 7. № 2-3. 
4. Чешков М.А. Глобалистика: предмет, проблемы и перспективы //Общественные науки и современность. -
2005, №11. 
5. Каймулдинова К. Д. Қазіргі дүние географиясы: оцулыц. - Алматы:Дәуір, 2011. - 312 б. -
ISBN 978-601-280-282-5. 
6. Косов Ю.В. Проблемы современной глобалистики //Россия в глобальной политике. - 2007. - №4. 
18 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
19 
Резюме 
Карбаева — доцент кафедры Страноведения и туризма, к.п.н. 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
karbaevash@mail. ru 
Географическая глобалистика 
В статье даны определения сущности таких понятий как «глобализация», «глобальные проблемы», 
«глобалистика» и «географическая глобалистика», а также описываются основные категории глобалистики и их 
взаимосвязь. Наряду с этим в предоставленной статье рассматриваются особенности, классификация и взаимосвязь 
глобальных проблем, а также направления исследования географической глобалистики. 
Глобалистику можно определить как особую область научных исследований, направленную на изучение 
сущности, предпосылок, этапов становления и тенденций развития глобализации, имеющих общечеловеческую 
значимость и отражающих весь комплекс взаимодействий людей друг с другом, с обществом и с природой, 
существующей в условиях антропогенных перегрузок и истощения собственных ресурсов. Глобальные проблемы 
различны по своему характеру, но все они пронизаны идеей географического единства человечества и его 
выживания. Если в прошлом кризисные явления угрожали лишь отдельным культурам и территориям, то 
современный мегакризис охватывает весь мир, все основные формы и сферы жизни человека. Географическая 
глобалистика затрагивает общечеловеческие проблемы, которые синтезируют естественное и общественное 
направления в науке и носит ярко выраженный междисциплинарный характер. 
Ключевые слова: глобализация, глобальные проблемы, глобалистика, географическая глобалистика, тенденции 
развития глобализации, антропогенный перегруз, истощение ресурсов, географическое единство человечества, 
основные категории глобалистики и их взаимосвязь. 
Summary 
Sh.Sh. Karbayeva — Associate Professor of Regional Geography and Tourism Chair, Cand. Sc., 
Kazakh National Pedagogical University named after Abai, 
karbaevash@mail. ru 
Geographical global studies 
The global studies can be determined as the special field of the scientific research directed to studying of essence, the 
prerequisites, stages of formation and tendencies of development of globalization, having the universal importance and 
reflecting all complex of interactions of people with each other, with society and with the nature, existing in the conditions of 
anthropogenous overloads and depletion of own resources. Global problems are various in character, but all of them are 
penetrated by the idea of geographical unity of mankind and its survival. If in the past the crisis phenomena threatened only 
separate cultures and the territories, then modern megacrisis covers the whole world, all main forms and spheres of human 
life. 
Geographical global studies touch on universal issues which synthesize the natural and public directions in science and has 
pronounced cross-disciplinary character. 
Determination of essence of such concepts as "globalization", "global problems", "global studies" and "geographical 
global studies" are given, as well as the main categories of global studies and their interrelation are described in the article. 
Along with it features, classification and interrelation of global problems, and also the directions of a research of geographical 
global studies are considered in the provided article. 
b
ywords: globalization, global problems, global studies, geographical global studies, globalization development 
tendencies, anthropogenous overload, resource depletion, geographical unity of mankind, main of categories of global studies 
and their interrelation. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
ӘОЖ 910:3706 (574) 
ҚАЗАҚСТАН  У Р А Н  Ө Н Е Р К Ә С І Б І Н І Ң  Қ А Л Ы П Т А С У  Т А Р И Х Ы 
Ахметов Е. - профессор, 
Мырзабаев М. - 2-курс магистранты 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 
Мақалада уран өнеркәсібінің қалыптасу тарихы қарастырылған. Уран өнеркәсібінің экономикалық дамуда 
маңызы және ерекшеліктері айтылған. Қазақстан уран өнеркәсібіннің бүкіл қазақ елі үшін бүгінде бүкіләлемдік 
нарықтық уранмен қамтамасыз етуші мемлекет мәртебесі деңгейіне жетіп отырғандығы айтылған. Себебі, бүгінгі 
күні біздің дүниежүзінде уран өндіру көлемі жағынан алдыңғы орында тұрған Аустралия мен Канаданы басып озып 
алға шыққандығы көрсетілген. Қазақстанның - уран кенінің қоры жөнінен әлемде екінші орында тұрғандығы 
баяндалған. Болжам бойынша, еліміздегі уран шикізатының қоры бір жарым миллион тоннаға жуық. Дүниежүзілік 
ядролық қауыімдастығының (World Nuclear Association) мәліметіне сүйенсек, 2008 жылы Канада 9 мың тонна уран 
өндірісе, Аустралия аталған кеннің көлеміне 8,430 тоннаға жеткізген. Егер «Қазатомпром өнеркәсіп» ұлттық атом 
компаниясы 2009 жылдың соңына дейін өзінің 15 мың тонна уран кенін өндіруде әлемдегі жетекші кәсіпорын 
атауымен пара-пар дүние. Бұл мақаланың ерекшелігі Қазақстан уран өнеркәсібінің даму болашағын және еліміз үшін 
қанщалықты тиімді екенін көруге болады. 
Түйін сөздер: Уран өнеркәсібі, кен орындары, экономика, өнеркәсіп. 
ХХІ -ші ғасырдың уран мен бериллийдің заманы деп атайтын боламыз. Қазақстандағы бұл қазыналы 
қуаттың мол екені келешегіміздің көкжиегін де аңғартады. 
Одақ ыдырағаннан кейінгі жерде экономикалық байланыстардың үзілуі басқа одақтас Республика-
ларға қарағанда Қазақстанға салқынын көбірек тигізді. Алып елдің шикізат базасына айналдырылған 
Республиканың көптеген дерлік өндірістері тоқтады. Еліміздегі алғашқы кездегі тәуелсіздікке деген 
кейбір сенімсіздіктің бір ұшы осыдан да болған сияқты. 
Республиканың басшылығы сол тұста қайткенде де зауыттар мен фабрикаларға жан бітіруді, сөйтіп 
тәуелсіз елдің дербес экономикасын қалыптастыруды бірінші кезектегі іске балады. Өзі металлургтер 
қатарынан шыққан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның металлургиялық кешендерін еңбек 
ырғағына көшіруге айрықша назар аударды. Президенттің Кенді Алтай өңіріне келген әр сапары 
Өскемендегі Үлбі металлургия зауытынан басталатындығы да содан болса керек. Зауыттың алғашқы 
өнімін бере бастағанына 60 жылдай болды. Бүгінде осынау бірегей өндіріс әлемдік рынокқа көш түзеп 
отыр. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында ол қайта туып, қайта түледі. 
Атом-электр станцияларына отын даярлау жайында бүгін шығыс Еуропа мен Азиядағы ең қуатты 
кәсіпорын Үлбі металлургия зауыты. Ол кезеңде бүкіл Кеңестер Одағы мен Варшава шартына қатысушы 
мемлекеттердің аталған өнім жөніндегі қажетінің 85 пайызын қамтамасыз етіп тұрды. Әлемдік деңгейдегі 
монополист кәсіпорын аталды. Үлбі металлургия зауытының өнімі Жер шарын қойып аспандағы Айға 
дейін жеткен. Айға қонған кеңестік Луноходта осы зауыттың өнімі бар. Ғарыш пен әскери-өндірістік 
кешен саласында міне осындай үш бірдей стратегиялық маңызды өнім шығаратын ерекше кәсіпорын 
әзірге әлемнің еш жерінде жоқ. Демек Үлбі металлургия зауыты - біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың бір 
ерекшелігі және заңды мақтанышы. 
Жер шарындағы табиғи уранның барланған қорының 26 пайызы Қазақстанда шоғырланған. Демек 
алдағы уақытта атом электр стансаларын пайдалану ісі дами беретін болса, оған қажетті отынды іздеп 
көптеген мемлекеттер біздің елге келетін болады. Ал осы табиғи уранды өндіретін еліміздегі бірден-бір 
кәсіпорын Үлбі металлургия зауыты. 
Уранның бөлінгіштік және демелілік қасиетінің барлығы көпшілікке таныс. Сондықтан Үлбі 
металлургия зауыты ол баста атом қаруы жасау үшін салынған еді. Бірақ сол кездегі саясатқа байланысты 
бұл міндет басқа кәсіпорынға жүктеледі де, Өскемендік зауыт шикізат дайындаушы кәсіпорын қатарында 
қалды. Өйткені табиғи уран өз бетінше оншама қатерлі емес. Ол байытылғанда барып аса қуатты күшке 
ие болады. Сондықтан Үлбі металлургия зауытына басында атом реакторлары мен сүңгуір қайықтарды 
қажетті отынмен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Келе-келе ол атом электр стансаларын уран отынымен 
20 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Кесте 1- Уранның болжамды қорларының көлемі 
№ 
Өңір 
Болжамды уран қорларының көлемі, 
100 % = 1,7 млн. тонна 
1. 
Шу-Сарысу 
57,8
 % 
2. 
Сырдария 
18,8
 % 
3. 
Солтүстік Қазақстан 
16,4
 % 
4. 
Іле 
4,5 % 
5. 
Каспий маңы 
1,7% 
6. 
Балқаш маңы 
0,8% 
Одан қуатты мұнайға қарағанда он мың есе көп алуға болады. Әзірге бар уранның он пайызы да 
пайдаланып отырған жоқ. 
Бір тонна рудадан 0,045-0,06 грамм таза уран алуға болады. Бұл кен орнын 1976 жылы Волков 
экспедициясының геологтары Н.Петров пен Л.Павлов ашқан. Ал қазір Созақ жерінде үш ірі рудник 
істейді (ең үлкен Іңкәр кен орны). Оларда уранды жер астынан қышқылдың күшімен ерітіп, сорғытып 
алады. 
қамтамасыз етеуші одақтағы негізгі кәсіпорынға айналды. Яғни әскери-өнеркәсіп кешен құрамындағы 
кәсіпорын болса да бейбіт мақсатқа қызмет етті. 
Міне, осындай үш бірдей маңызды өнім өндіріп отырған Үлбі металлургия зауытының әлемдік 
рынокке қарай қадам басқанына көп уақыт бола қойған жоқ. Ұзақ уақыттар бойы жабық кәсіпорын 
атанған, арнаулы тапсырыстар бойынша жұмыс істеп, сондықтан Кеңестер Одағы ыдыраған тұста аса 
ауыр жағдайды бастан кешкен зауыт әлемдік нарықтан өз орнын алады деп есептейміз. Өйткені кейінгі 
елу жылдан бері ғана игеріліп, адам баласы үшін әлі таңсық саналатын бұл сирек кездесетін металдар 
ғажайып. ХХІ ғасырда міндетті түрде кәдеге жарайды, кеңінен қолданысқа ие болады. Өскемендегі ең 
тамаша құрылыстар, тұтастай шағын аудандар осы ҮМЗ-нің (Үлбі металлургия зауыты) арқасында бой 
көтереді. ҮМЗ сексенінші жылдардың соңына таман әр жыл сайын орта есеппен алғанда 150 млн АҚШ 
доллары көлемінде табыс құрап отырды. Бұл қазіргі ұлттық валютамызға шақсақ 22 миллиард теңге деген 
сөз. Сөйтіп ол өз табысы арқылы бюджетке де үлкен үлес қосып, қаншама адамды жұмыспен қамтамасыз 
етіп, Өскеменнің өскелең қалаға айналуына ықпал жасады. 
Қазіргі күні «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының 
«Қазатомпром» компаниясының құрамында жұмыс істеуде. 
Президент Н.Назарбаев Америкаға барып,  Б ¥ ¥ саммитіне қатысқан кезде Американдық фирмалармен 
бірнеше маңызды келісімдерге қол қойды. Соның ішінде бериллий мен уран жөніндегі қол қойылған шарт 
ерекше аталады. Уран да, бериллий де XXI ғасырдың аса ғажап та қажет қымбат металдар. Бұл екеуіне 
ғана арнайы келісім-шарттың жасалуында үлкен мән-мағына жатыр. 
Иә, бұл ерекше шарт Қазақстанның байытылған уранды АҚШ-та лайықты бағасымен сату мәселесін 
реттейді. Осы уақытқа дейін қанша, қалай сату айқын емес (кейде тым арзан сатылатын, кейде кедергі 
туатын) еді. Бізде атом электр стансасы жоқ, ал АҚШ-та жүзге жуық АЭС жұмыс істейді. Енді бериллий 
қоспаларын қорыту технологиясын сатып аламыз да, өнімді сататын боламыз. 
Сонымен, уран мен бериллий неге ерекше аталып отыр? 
Уран бір жағынан қорқыныш туғызады. Бірақ, уран-ғаламат қуат беретін қазына. Ол сіріңке секілді, 
одан адамдарды жоятын атом бомбасын жасауға да, адамды жылытатын қуат көзін де алуға болады. 
Әлемдегі бар уран қорының төрттен бірі Қазақстан жерінде жатыр. Оның мөлшері 926 мың (яғни 
миллиондай тонна), ал әлемдік қоры 4 миллион тоннаға барады. Қазақстан уранның қоры жағынан дүние 
жүзінде екінші орынды алады. Қазақстанға ТМД уран қорының 60 пайызы, өндірілуі көлемінің 40 
пайызы келеді. Қазірге дейін еліміздің 53 нүктесінде ураны бар орын табылып отыр. Негізінен олар алты 
аймақты да уранның қоры бар болуы мүмкін. Қазір дүниежүзінде бір жылда 50-60 мың тонна уран 
өндірілетін болса, Қазақ жерінің қазынасы қаншаға жететінін осыған қарап-ақ есептей беріңіз. 
Уранның болжамды қорларының көлемі жағынан ірі Қазақстанның Шу-Сарысу және Сырдария 
өңірлері болып табылады (1-кесте). 
21 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Қазақстанның таулы-тасты аймақтарының бәрі уранға толып тұрған секілді. Уран өндіруі қарт Қаратау 
қойнауынан басталған, Қазақстан ғана емес, букіл Кеңес Одағының тұңғыш уран руднигі елуінші 
жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу-Сарысу, Іңкәр, Буденовск, Қордай 
даласында орнаған. Мұңқұдық кеніштері осы Қаратау мен Бетбақдала өңірінде, уран қорының тең 
жартысы Созақ ауданында жатыр. 
Ондағы уранның сапасы қандай? Елімізде уран кен орындарының гидротермальді (өзекті) және 
шөгінді делінетін екі типі бар. Гидротермальді кені Солтүстік Қазақстанның Көкшетау массивінде 
кездеседі. Уранның негізгі көзі Қазақстанның Оңтүстігіндегі меза және кайназой платформаларындағы 
қабаттың инфильтрациялық кен орындары болып табылады. Шу-Сарысу облысындағы барлық кен 
орындар палеоген және жоғары бор түзілімдеріне бағдарланып таралған. 
Маңғыстау даласында, Көкшетау, Атбасар, аймағында табылып, Ақтауда, Ақмола аса ірі комбинаттар 
жұмыс істеді. 
Сурет 1- Қазақстандагы АЭС 
''Қазақстанның уран кен орындары'' деп аталатын соңғы жылдары ғана жарық көрген екі томдық 
кітапта талай-талай уран кендері аталған, қысқаша сипатталған. Қаншама гелогтар кең даланы шарлап, 
барлап ғаламат қазынаның көздерін ашқан. Сондықтан да біздің еліміз уран қоры жағынан дүниежүзінде 
екінші орын алып тұр. Кеңес заманында атом қаруы шұғыл қажет болғанда іздегенде уранның мол қоры 
осы Қазақ жерінің өзінде қырық жыл бойы сыналып, жарылып сол мол уран жатқан алқапқа алапат 
әкелді. 
Енді уран қатер әкелер бомба емес, бейбітшілік қуат берер атом электр стансалары отын болып, 
адамдарға қызмет етеді. 
Мұнай сарқылып, кейін көмір таусылған кезде (ол да осы XXI ғасырдың ішінде болатын оқиғалар) 
адам жылу мен жарықты атом қуатынан алатын уақытта уранның қажеттілігі арта түседі. Уран 238 
изотоптан нейтрондардар қайталанып, жаңғырып, молайып, шығады. Біздің Ақтаудағы шапшаң 
22 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
23 
нейтрондар реакторында осылай отын бір жағынан жанып, бір жағынан жаңарып көбейіп жатады. Қазір 
әлемде 500-ден астам атом электр стансасы бар. Жапонияда, Францияда бар қуаттың 70-80 пайызын атом 
электр стансаларынан алады. Қазақстанда атом электр стансасын салу деген жоба бар. Ол электр 
қуатының жетіспегендігінен емес, ғылыми-тәжірибе тұрғысында қажет. 
Уранды қазір көбінесе шикі руда күйінде сатады. Ал оны байытып сатқан әлдеқайда тиімді. Егер бәрін 
жоғары байытылған күйінде шикі уранның 20 есе қымбат сататын болсақ, онда Қазақстан уранның бір 
өзінен 1,5 миллиард доллар пайда келтіретін болады. Ал әзірше біз уранның 60 миллион доллар ғана 
тауып отырмыз. Бұл өте аз. 
Міне, Қазақстанға алпауыт Америкалықтар ерекше қызығатын, ынтығатыны да осыдан. 
Сол уранның бір килограммы - 4400 доллар, демек тоннасы 4400 мың доллар тұрады. Яғни, бұл кез 
келген түсті металдан әлденеше есе қымбат деген сөз. Бір грамм уран екі жарым тонна көмірге тең келеді. 
Жер бетіндегі бар уранның төрттен біріне ие болып отырған Қазақстан өзінің осы қазынасымен өз 
халқына мол игілік әкелетін болса... 
Кеңес жылдарында Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында орналасқан Степногорск қаласы 
географиялық картада көрсетілмегенді. Бұл мұнда шығатын өнімді АҚШ-тан жасыру ретіндегі құпия 
болды. Қазіргі Степногорск қаласында уран рудасын өңдеу, байыту және тасымалдаумен байланысты. 
«Целинный» кен-химия комбинаты жұмыс істейді. Бірақ уранның әлемдік бағасының төмендеуімен 
байланысты, кәсіпорынның жұмысы өзін-өзі ақтай алмауда. Кәсіпорынның мезгілді тоқтауының 
салдарынан қоршаған ортаның төменгі радиоактивті өндіріс қалдығымен ластану жағдайы пайда болды. 
Кәсіпорынды қазір Голландия - Израиль компаниясы «Казсабтон» жабық акционерлік қоғамы 
басқарады. Қазір уранның бір граммының бағасы бұрыңғы 18 доллардан 23-24 долларға көтерілді. 
Алдағы мерзімде 28-35 долларға жетуі мүмкін, онда шахталар мен рудниктерде уран өндіру ісі табысты 
болмақ. Степногрск әзірге Ресейге қажетті АЭС отының негізгі бөлігін бұрынғысынша Қазақстан беріп 
келеді. 
2008 жылдың айында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Батыс Мыңқұдық кен орнында 
табиғи уранды өндіру бойынша жаңа Қазақстан-Жапония кәсіпорын ашылды. Кеніштің операторы -
«Аппақ» ЖШС «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясының «Сумитомо» және «Кансай Электрик 
Пауэр» корпорацияларымен тығыз серіктестігінің негізінде құрылды. 
2010 жылы Батыс Мыңқұдық кеніші өзінің 1000 тонналық уран концентраты қуатын жетіп, кен орнын 
25 жыл бойы пайдалану жоспарлануда. «Аппақ» ЖШС-ның өнімін Жапонияда жұмыс істейтін АЭС-терді 
уран ұнтағымен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын болады. 
Бірінші кезекте отын таблеткаларын және Қазақстан уранының керамикалық диоксид ұнтағын 
құрастыруды шетелде шығаруды жоспарлаған болатын. Одан кейін Жапон нарығы үшін уранды шығару 
мен сертификаттауды еліміздің Үлбі металлургия комбинаты игеруі компаниясымен болашақта Жапония 
нарығында өз үлесін алуға мүмкіндік береді деп күтілуде. 
Қазіргі күні уран өндірісі ҮМЗ-ның өзі үшін де ең пайдалы болып отыр. Зауытқа түсіп жатқан қаржы 
кірістері осы саладан алынуда. Сонымен қатар тантал, бериллий өндірісіде жақсы ұлғайып келеді. 
Осындай оңды істердің нәтижесінде тек 2005 жылдың өзінде ғана зауыттың өзішіндегі өндіріс орын-
дарында 600 жұмыс орны игеріле бастады. Бұл кен орнына 700 адам жұмысқа алып отыр. 
Үлбі металлургия зауыты өндірісінің көлемі асты. Өндірісті ұлғайту ісіне ғана 1,5 миллиард теңге 
қаржы жұмсалды. Сәуірдің 29-ы күні, Алматыда Қытай - Қазақ «Семізбай-U» БК (Қызылорда облысы 
аумағында) ашылу салтанаты болып өтті, Central Asian News. Кәсіпорын уран кенін өндіріп, оны Қытайға 
экспорттаумен айналысатын болады. Жылына 750 тонна уран өндіру жоспарланып отырған «Иіркөл» 
кеніші Қазақстан мен Қытай арасындағы ядролық энергетика саласындағы өндірістік пайдалануға 
берілген тұңғыш кеніш. 
2009 жылы мұнда 500 тонна табиғи уран өндірген. Аталынған кеніш 25 жыл бойы жұмыс істемек. ҚР 
мен ҚХР компаниялары арасындағы келісімшартқа сай, «Иіркөл» кенішінде өндірілер кен Қытайдың атом 
энергетикасы саласындағы кәсіпорындарының қажетін өтеу үшін экспортқа жіберілетін болады. 
«Семізбай-U» компаниясының қарамағына жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарт бойынша, 
өндірістік өңдеу үшін, 18 925 тонна уран өткізіліп берілді. Таяуда Қызылорда облысының I Хорасан кен 
орнында Жапонияның «Марубени» және «Тошиба» компанияларымен серіктескен тағы да бір кен орны 
ашылды. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Кесте 2 - Қазақстанда уранды өндіру мөлшері мен жыл болжамды болшағы (мың тонна) 
Жылдар 
2012
 жыл 
2015
 жыл 
2020 жыл 
2030 жыл 
Өндіру молшері 
21,1 
24,9 
25,5 
20,5 
2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының уран өндіру бойынша көшбасшы ұстанымын сақтау 
қамтамасыз етілетін болады. Кейінгі жылдары саланы дамытуға қомақты қаражат көлемі инвестиция-
ланды. Мысалы, соңғы 15 жылда инвестициялар көлемі 3 млрд. АҚШ доллардан асып түсті. Бұл өндіру 
көлемінің орнықты өсуіне әкеледі: 2004 жылдан бастап уран өндіру көлемі 6 еседен астам өсті. Қазақстан 
Республикасының әлемдегі уран өндіру жиынтығының 35 пайыздан астамын қамтамасыз етеді, бұл ретте 
Қазақстанда уран өндіретін шешуші ойыншы - «Қазатомпромөнеркәсіп» компаниясы. 
1. Ахметов Е., Бердыгулов Г.Е. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқу құрал. -
Алматы: T&T Company, 2012 ж. 
2. 2030 жылдарга дейінгі Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешінін даму тұжырымдамасы. 
24 
Аталған кеніште геологиялық барлау жұмыстары өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңында 
басталса, толығырақ барлау жұмысы 80-ші жылдардың басында жүргізілген еді. 
Ұлттық атом компаниясы бұған дейін Қазақстанның атынан дамыған ядролық өнеркәсібі бар 
шетелдердің бірқатарының компанияларымен Қазақстан жерінде уран кенін өндіріп, оны халықаралық 
уран кені нарықтарына экспорттау жөніндегі келісімшартарға қол қойған еді. Аталынған мемлекеттердің 
қатарына Франция, Жапония, Ресей, Үндістан, Канада енген. Енді міне бұл тізім ұлттық компанияның 
тағы бір қалталы халықаралық клиенті — Қытаймен толықты. 
Валюталық кірістің жаңа көзі «Қазақстан уран кенінің қоры бойынша әлемде Аустралиядан кейінгі 
екінші орынды иемденіп отыр» Мемлекет халықаралық уран бизнесі нарығында өз тұрғыларын белсенді 
түрде күшейтіп, уран экспорттау жөнінен ғаламшар бойынша уран экспорттаушы елдер арасында 
жетекші орынды олжалап та үлгеруі тиіс. 
Ғаламдық уран империясы «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы өз бизнесін кен өндіру саласында 
ғана емес, атом электр стансалары салумен осы саладағы менеджмент сферасында да өрістетіп отыр. Әрі 
мұңдай кәсіпкерлік халықаралық ауқымда қолға алынуда. Компания ҚХР-да АЭС салумен айналыс-
пақшы. Әйткенмен, бүгінгі күннің өзінде, «Қазатомпром» АҚШ-тағы ядролық энергетика мен машина 
жасау саласының ең ірі корпорацияларының бірі - «Вестингауз электриктің» акционерлік капиталының 
үлесіне иелік етеді. «Вестингауз электриктің» 10 пайыздық акциялары пакетін 540 млн.долларға 
«Қазатомпром» 2007 жылы сатып алған болатын. 
Уран өнеркәсібі саласында елдің келер замандардағы молшылығын ұзақ мерзімді негізде қамтамасыз 
етуде Қазақстанның рөлі ерекше болмақ. Қазақ елі бүгінде бүкіләлемдік нарықтық уранмен қамтамасыз 
етуші мемлекет мәртебесі деңгейіне жетіп отыр. Себебі, бүгінгі күні біздің дүниежүзінде уран өндіру 
көлемі жағынан алдыңғы орында тұрған Аустралия мен Канаданы басып озып алға шықты. Қазақстан — 
уран кенінің қоры жөнінен әлемде екінші орында тұр. Болжам бойынша, еліміздегі уран шикізатының 
қоры бір жарым миллион тоннаға жуық. Дүниежүзілік ядролық қауымдастығының (World Nuclear 
Association) мәліметіне сүйенсек, 2008 жылы Канада 9 мың тонна уран өндірісе, Аустралия аталған кеннің 
көлеміне 8,430 тоннаға жеткізген. Егер «Қазатомпром өнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы 2009 жылдың 
соңына дейін өзінің 15 мың тонна уран кенін өндіруде әлемдегі жетекші кәсіпорын атауымен пара-пар 
дүние. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
25 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет