Түйінді сөздер: Оқу үдерісі дағдыларын нығайту, талдау спектрлік әдістері, ғылыми-зерттеу, ақпараттық
технологиялар, органикалық қосылыстар, мәселенің ғылыгми-теориялық білімді қал^іптаст^іруы.
52
Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж.
Summary
Azimbayeva G.T. - assistant professor of chemistry, azimbaeva gt@mail.ru
Alykpashova A.B. - master of chemistry, love 199211@mail.ru
Kazakh National Pedagogical University named after Abai,
Formation of scientific-theoretical knowledge of students when studying spectral methods
of the analysis of organic compounds
In this article it is shown that formation of scientific-theoretical knowledge of students when studying spectral methods of
the analysis of organic compounds - is one of effective methods of training on disciplines: physical and chemical methods of
the analysis; organic chemistry and chemistry of high-molecular connections.
Results thanks to which students when forming scientific-theoretical knowledge of spectral methods of the analysis of
organic compounds, gain theoretical and practical skills are presented, study methods of the solution of spectral tasks. At
interpretation of a range, students independently get necessary for them for this purpose information and independently
choose a method of the solution of a spectral task. It is revealed that such technique promotes activization of educational
process and develops logical thinking. In article it is shown that formation of scientific-theoretical knowledge of spectral
methods of the analysis of organic compounds is very actual now. This technique is necessary in communication of lack of
the necessary equipment. Results are presented that in the absence of the necessary equipment, students master only partly
theoretical knowledge. The solution of practical tasks will provide development of skills of interpretation of ranges for the
purpose of establishment of structure of connections and an explanation of their chemical properties.
In article the methodology of carrying out scientific-theoretical researches is described. The characteristic of the main
spectral methods is provided: method of ultra-violet spectroscopy, method of infrared spectroscopy and nuclear magnetic
resonance.
Data that organic chemistry, and also chemistry of high-molecular connections are in many respects obliged by the
development to spectral methods of the analysis, such as UV-, IR - and a nuclear magnetic resonance are submitted. Ability to
use the described methods is necessary for future expert for the mastering theoretical material passed in higher education
institution and to development of practical skills in further professional activity.
Keywords: spectral methods of the analysis, research, information technologies, organic compounds, formation of
scientific-theoretical knowledge, tasks, activization of educational process, practical skills.
ӘОЖ 544.723.21
М О Д И Ф И К А Ц И Я Л А Н Ғ А Н В Е Р М И К У Л И Т Т Е А У Ы Р М Е Т А Л Д А Р Д Ы Ң
С О Р Б Ц И Я Л А Н У Ы Н З Е Р Т Т Е У
Жанбеков Х.Н. -ж.г.д, профессор,
Лахбаева Ж.А. - PhD докторант, Ш а м ы р а н Л.И. - 2 - курс магистранты
Абай атындагы Казақ ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Макалада бүгінгі таңда өте күрделі экологиялык мәселелердің бірі ластанған өндіріс орындарының суларын
отандык сорбенттермен тазалау және оны дайындау маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Вермикулит сорбентін модельді арнайы дайындалған ауыр метал иондарының ерітінділерінің катысында өз
бойына сіңіру мөлшерін 70-99%-ға дейін жүретіні аныкталды. Модификацияланған вермикулит сорбентінің
оптималды жағдайда термо-кышкылдык өңдеу процесінің ең максималды белсендірілген түрімен табиғи саз
балшыктың физико-химиялык кұрамының өзгеріске ұшырап, активтілігі артатынын тек тәжірибе жүзінде ғана емес,
сонымен катар әртүрлі физико-химиялык әдістерді пайдаланып олардың сапалык және сандык кұрамы өзгеріске
үішфайтынын көрсетілінген.
Түйін сөздер: саз балшык, адсорбент, вермикулит, ауыр металлдар, алюмосиликат.
Қазіргі кезде адамзаттың коршаған ортаға өте белсенді түрде араласу әсерінен өзен-көл суларына,
ауылшаруашылык тұрмыстык және акаба сулардың кұйылуының әсерінен коршаған ортадағы су
бассейнінің ластануы кеңінен орын алып отыр. Осы су бассейндерінің ластануының әсерінен, судың ауыз
суға ғана емес, өндірістік және ауылшаруашылығына пайдалану үшін киынға соғуда. Қоршаған ортаның
ауыр металдармен ластануы олардың концентрацияларына байланысты, аймактың фаунасы мен
флорасына кері әсерін тигізеді.
53
ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г.
54
Қазіргі заманда өнеркәсіп мекемелерінің ағын суларының құрамында ауыр металдар, фенолдар және
беттік активті заттардың мөлшері өте көп болғанына байланысты оларды бөліп алуға арналған тиімді
модификацияланған сорбенттердің жаңа түрлерін алу бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып
отыр.
Жұмыстың өзектілігі мен мақсатын шешуде табиғи модификацияланған сорбенттердің арзандылығы
мен жергілікті материал ретінде оңай табылуына мән берілді. Сондықтан, вермикулит сазы тәрізді табиғи
белсендірілген сорбенттерді модификациялап ауыр металл иондарынан тазарту үшін, олардың моделді
ерітінділерін пайдалана отырып экологиялық мәселені шешу маңызды болып табылады.
Саз балшықты минералдарды адсорбент ретінде қолданудың дәстүрлі салалары - мұнай өнімдерінен
тазарту, соның ішінде минералды майларды алдын ала тазалау және регенерациялау, ароматты
қосылыстарды шекті емес қосылыстардан адсорбциялы-каталитикалық тазарту, шарап және шырындары
жарықтандыру, ағынды және табиғи суларды тазарту және т.б.
Саз балшықты минералдардың фильтрациялық қасиеттерін ағын және табиғи суларды тазартуда
қолданылады. Сол себепті бентонит көмегімен индикаторлар және бояғыштар өңдірісінің ағынды
суларын тазарту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік әдіс жасалынды [1]. Бентонит сазының судағы
ионогенді емес беттік активті заттарды ^ A 3 ) эффективті сіңіру қабілеті газ өнеркәсіптерінің қабатты
суларын тазарту технологиясында жүзеге асырылды [2].
Осы бентонит тәрізі отандық вермикулитті зерттеу өте маңызды. Вермикулиттердің негізгі сипатының
бірі оның катион алмасу сыйымдылығы болып табылады. Өкінішке қарай, әдебиеттерде ауыспалы
катиондарды анықтаудың бірегей және сенімді әдістері көрсетілмеген. Әдебиеттерде бар әдістерді
қолдана отырып, авторлар [3] ұсынған [4-6] жұмыстарда классикалықта [4], жылдамдатылған [5] зерттеу
әдістерінде де сазды минералдардың ауыспалы катиондары да вермикулит үлгілерін талдау үшін аса
қажетті.
Біздің жұмысымыздың мақсаты, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы вермикулит кен
орнынан алынған табиғи сорбентті әртүрлі өңдеу әдістерін пайдаланып, металл иондарын өз бойына
сіңіру көлемі ұлғайтылған, модификацияланған сорбентте ауыр металл иондарының (Pb
2
+, Cr
2
+, Cu
2
+)
сорбциясының ерекшеліктерін зерттеу. A F I ^ суларды ауыр металдар иондарынан тазартудың әртүрлі-
химиялық әдістерін қолдану мақсатында, ауыр металдар иондарының табиғи минералды адсорбенттерде
сорбциялану заңдылықтарын зерттеу үшін мынадай тәжірибелер жасалынды.
Модификацияланған сорбенттерде ауыр металл иондарының сорбциялануын зерттеу, алдын-ала
термо-қышқылдық жағдайда дайындалған вермикулиттің модификацияланған түрлері мыс, қорғасын
және хром (ІІІ) тұздарының арнайы 0,001 - 0,01 моль/дм
3
интервалында дайындалған ерітінділерді, осы
сорбентте адсорбциялану процесі зерттелінді.
A ^ r o металдарды сорбциялау үшін сорбент ретінде модификацияланған табиғи вермикулит алынды.
Сорбенттің катиондық сорбциялық сыйымдылығын анықтау үшін әртүрлі концентрацияда «х.т.»,
«а.ү.т.» металл тұздарының моделді ерітіндісі дайындалды. Ерітінділер дистильденген сумен дайын-
далды.
Сорбциялық қабілетін анықтау үшін 0,5 гсорбентті 20 мл мыс, хром және қорғасынның моделді
ерітіндісіне салып, тепе-теңдік орнау үшін 1 тәулікке қалдырылды. 1 тәулік өткеннен кейін ерітінділерді
сорбенттен бөліп алып құрамындағы металл иондарының мөлшері анықталынды. Ерітіндідегі металл
иондарының концентрациясы қателігі ±1 % Agilent700 ESICP 710 OES атомдық-адсорбциялық спектро-
фотометрінде жүзеге асырылды.
Металл иондарының адсорбция шамасы келесі формула көмегімен есептелінді:
A = ((d-C2)-V)/m
Мұндағы, A - сорбция, ммоль/г;
m - сорбент массасы, г;
C
1
- зерттелетін металл иондарының бастапқы концентрациясы, моль/дм
3
;
С
2 -
зерттелетін металл иондарының сорбентке сіңірілгеннен кейін, тепе-теңдік орнағаннан кейінгі
концентрациясы, моль/дм
3
;
R,% - сорбент бойына сіңірілген металл иондарының мөлшері;
Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж.
Кесте 1 - Cu ионының вермикулитте сорбциялануы (200 С) (вермикулит сорбенттерінің массасы - 0,5 г )
V, 0,01M
ерт/мл
V,
H2O
мл
С0
моль/л
С1
мг/дм
3
С2
мг/дм
3
ЛС
мг/ дм
3
А
мг/ дм
3
R, %
2
18
0,001
63,54
1,911
61,63
2,46
96,99
4
16
0,002
127,08
4,379
122,701
4,91
96,55
8
12
0,004
254,16
16,03
238,13
9,52
93,69
10
10
0,005
317,7
27,08
290,62
11,63
91,47
16
4
0,008
508,32
56,77
451,55
18,06
88,83
20
-
0,01
635,4
82,86
552,54
22,10
86,96
Осы мыс ионының ерітінділері модификацияланған вермикулит сорбентінде 0,001 моль/дм -0,01
моль/дм
3
концентрацияларын 86,96% бен 96,99% аралығында өз бойына сіңіреді (1-кесте), вермикулит-
теде тікелей байланыс байқалады. Осы зерттеудегі ең оптималды сіңіру шамасы 18,06 мг/дм
3
және
89% -ды құрайды.
Кесте 2 - Pb ионының вермикулитте сорбциялануы (200 С) (вермикулит сорбенттерінің массасы - 0,5 г )
V, 0,01M
ерт/мл
V,
H2O
мл
С0
моль/ дм
3
С1
мг/ дм
3
С2
мг/ дм
3
ЛС
мг/ дм
3
А
мг/ дм
3
R, %
2
18
0,001
207
4,603
202,39
8,095
97,78
4
16
0,002
414
16,07
397,93
15,92
96,12
8
12
0,004
828
85,35
742,65
29,70
89,69
10
10
0,005
1035
156,15
878,85
35,14
84,91
16
4
0,008
1656
460,12
1195,94
47,83
72,22
20
-
0,01
2070
605,31
1464,73
58,58
70,76
Модификацияланған вермикулитте Pb ионының тиімді сорбциялануы 72,22%-ды құрайды және
сорбцияланған металл ионының әрбір литрге шаққандағы мөлшері 47,83 мг құрайды (2-кесте). Осы 200°С
өңделген вермикулиттің адсорбциялық изотермасы қорғасын ионының концентрациясы мен сорбенттің
мөлшеріне тура пропорционал екенін байқауға болады.
Жалпы қоршаған ортаға қорғасын иондарының және оның қосылыстарының жиынтығы өте көп
түсетін металдардың бірі, себебі ескі технологиялар бойынша кейбір жанармай зауыттарында бензиннің
октан санын арттыру мақсатында тетраэтилқорғасынды бүгінгі күнге дейін қосады,яғни автомобильге
жанармай ретінде пайдаланылғаннан кейін, отын қалдықтары ретінде газбен бірге шығып, қайтадан
қоршаған ортаны ластауға өз үлесін қосады. Әсіресе көктемгі су тасқыны, қар-жаңбыр сулары еріп жер
бетін шайып өзен-көл суларына түсіп, су - биота - адам организмі тізбегінде қайтадан ластауға әбден
мүмкіндігі бар және өте концерогенді яғни, уытты металл иондарының бірі.
Кесте 3 - Cr
3
+ ионының вермикулитте сорбциялануы (200
0
С) (вермикулит сорбенттерінің массасы - 0,5 г )
V, 0,01M
ерт/мл
V,
H2O
мл
С0
моль/дм
3
С1
мг/ дм
3
С2
мг/ дм
3
ЛС
мг/ дм
3
А
мг/ дм
3
R, %
2
18
0,001
51,9
0,457
51,443
2,05
99,11
4
16
0,002
103,8
1,924
101,87
8,14
98,14
8
12
0,004
207,6
25,88
181,72
29,07
87,54
10
10
0,005
259,5
68,07
191,43
38,28
73,76
16
4
0,008
415,2
154,24
260,96
83,35
62,85
20
-
0,01
519
258,8
260,2
104
50,14
Cr ионының әдеттегідей 0,01моль/дм аралығында адсорбциялануы бентонит сорбентінде және
вермикулит сорбентінде 0,008 моль/дм
3
дейін түзу сызықты болып келеді де, осы концентрациядан кейін,
осы ионның сіңірілу белсенділігі төмендейді. Бентонит сорбентінде осы 0,008 моль/дм
3
концентра-
циясына металл иондарын өз бойына сорбциялануы 99,2% құрайды.
55
ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г.
Бентонитте негізгі жыныс түзуші минерал Na - монтмориллонит, құрылысында екі тетраэдр арасын-
дағы алюмосиликатты октаэдр орналасқан. Олар бірігіп бір қабат түзеді. Қабат аралығындағы су және
Na+, Ca
2
+, Mg
2
+ және аз мөлшерде К+ иондары орналасады [6].
Вермикулит сазбалшығы - ең кең таралған минералдардың бірі болып табылады. Ол терең өзгерістегі
слюданың өнімі. Табиғатта тек кішкентай бөлшек мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар үлкен кристалды
слюда формасында да кездеседі.
Вермикулит сазбалшығының температураға тұрақтылығы басқа жылу оқшаулағыш материалдарға
қарағанда жоғары болады. Вермикулит 1100
0
C температурада морт болып, балқу температурасы 1600
0
C
болады, сонымен қатар аз гидроскоптылығы да бар, күйдірілген вермикулит үшін оның минималды
температура мәні 700
0
C байқалады.
Вермикулит үгіндісі 1000
0
C температураға дейін қолданылатын оқшаулағыш материалдар арасында
көлемдік салмағы бойынша ең төменгісі және температураға ең тұрақтысы болып келеді.
Вермикулит үгіндісін алу процесі келесідей болады: табиғи вермикулит ұсақталып, сұрыпталып, 1 мм
кем бөлшектерден тазартылып, 800-900
0
C температурада күйдіріледі. Күйдіру кезінде вермикулит
бөлшектерінің құрамындағы әртүрлі химиялық қосылыстар жүріп, олардың арасында ауа қуыстары пайда
болады.
Міне сондықтан да, осы жұмыста термиялық-қышқылдық активтенген бентонит тәрізді вирмикулитті
ауыр металл иондарының адсорбциялануын зерттелінді, ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас
ауданындағы отандық кен орнынан алынған вермикулит - термиялық-қышқылдық әдіспен өңделіп
физико-химиялық зерттеулер кеңінен жүргізілді. Осы белсендірілген вермикулиттің қандай құрылымдық
өзгерістерге ұшырайтынын рентген фазалық әдіспен зерттелді.
Вермикулиттің (Түлкібас) құрамына химиялық анализ жасалынды. Талдау нәтижелері 4-кестеде
келтірілген.
Кесте 4 - Табиғи және термо-қышқылдық белсендірілген вермикулиттің химиялық құрамы
Элемент
үлесі, %
Элемент
табиғи
термо-қьшқьілдық модификациядан
Fe
45,407
18,797
Ti
1,860
3,818
Mn
0,132
0,045
Ca
2,056
1,770
K
4,180
1,579
Rb
0,329
0,410
Sr
0,145
0,326
Ni
0,050
-
Cr
0,024
-
Al
34,968
-
Si
10,850
73,255
Кестеден көріп тұрғанымыздай термо-қышқылдық модификациядан кейін вермикулит құрамында Al
жоқ. Одан бөлек Fe мөлшері біршама төмендеген. Мүмкін вермикулит термо-механикалық
модификациядан кейін Si - O - Si және Si - O - Al қатар Si - O - Fe тізбегін байланыстырады. Термо-
механикалық модификациядан кейін Al - O - Si байланысы Si - O-Si алмасады. Сәйкесінше, минерал-
дағы Si
4+
үлесі артқан. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып ИҚ-спектрометрдің сызба нұсқаларында
белсендірілген сорбенттерде SiO2 оксидінің мөлшерінің көбейгенін байқалған, яғни осы кестеден де
байқайтынымыз кремнийдің мөлшерінің артуымен дәлелдеуге болады. Модификацияланған вермикулит-
тің белсенділігін арттыратын осы кремний оксидінің мөлшерінің ұлғаюлымен сипаттауға болады.
Қорыта келгенде, арнайы модификацияланған вермикулит сорбенті ерітіндідегі мыс иондарын
87-97%-ға дейін өз бойына сіңіре алады. Ал модификацияланған вермикулит сорбенті ерітіндідегі
қорғасын иондарын 85-99%, ал хром иондарын 70-99% аралығында өз бойына сорбциялануы анықталды.
Әр түрлі физика-химиялық зерттеулер нәтижесінде, модификацияланған вермикулитте сорбциялық
қасиетін арттыратын Si0
2
және химиялық анализ нәтижесінде кремний элементінің сандық мөлшерінің
артатындығы анықталды.
56
Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж.
57
1. Кудин А.В., Берман О. Н. Водоснабжение и сан. техника. -1987. - № 1. - С. 17.
2. Панасевич АА. и др. В сб.: Дисперсные минералы Закарпатья и научно-технический прогресс. - Ужгород:
Изд. Ужгородск. ун-та, 1988. - С. 110-120.
3. Севрюгов Л.Б. и др. В сб.: Сорбенты и сорбционные процессы. - Ленинград: Ленингр.технологич. ин-т им.
Ленсовета, 1989. - С. 19-25.
4. Ганнибал Л. Ф., Афанасьев А.П. - В кН.: Исследование и применение вермикулита. - Л.: Наука, 1969. - С. 120
5. БатталоваШ.Б, ДжакишеваР.Н., ТабановаХ.Г. -Изв.АНКазССР. Сер.хим., 1978, №1. - С.66.
6. Николаев Г.Н., Немец А.А. Атомно-абсорбционная спектроскопия в исследовании металлов. - М.,1982. -
С.259.
Резюме
Жанбеков Х.Н. - д.з.н., профессор,
Лахбаева Ж.А. - PhD докторант, Шамыран Л.И. - магистрант 2-го курса
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Исследование сорбции тяжелых металлов в модифицированном вермикулите
В статье указано, что на сегодняшний день одной из важнейших экологических проблем является очистка
загрязненных вод с сорбентами отечественного производства.
Показано, что модифицированный вермикулит, поглащяет ионы тяжелых металлов до 70-99%. Обработанный
вермикулит термо-кислотным методом претерпевает структурное распределение некоторых составляющих, физико-
химическими методами доказано, что происходит качественное и количественное изменение, это повышает
активность сорбента.
Ключевые слова: глина, адсорбент, вермикулит, тяжелые металлы, алюмосиликат.
Summary
Zhanbekov H.N. - Dr. Land Sciences, professor,
Lahbaeva J.A. - PhD student, Shamyran L.I. - 2
th
course master
Kazakh National Pedagogical University named after Abai,
Study sorption of heavy metals in the modified vermiculite
The article shows that one of the most important environmental problems today is to clean polluted water with sorbents of
domestic production.
It is shown that the modified vermiculite absorb heavy metal ions to 70-99%. Processed vermiculite is thermal-acid
method is undergoing a structural distribution of some components, the physico-chemical methods proved that there is a
qualitative and quantitative change, it increases the activity of the sorbent.
Keywords: clay, adsorbent vermiculite, heavy metal aluminosilicate.
ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г.
БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
БИОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ
ӘОЖ: 595.794/.799
КҮЗДІК Б И Д А Й Д Ы Ң В Е Г Е Т А Ц И Я Л Ы Қ П Е Р И О Д Ы Н Ұ З А Р Т У
Бабашев А.М. - б.г.к., профессор, Abdrazak55@mail.ru
Қайнарбаева А.Т. - ага оқытушы, магистр, kaynarbaeva1978@mail. ru
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Бүгінгі күні Қазақстанда ауыл шаруашылығына үлкен бетбұрыста - астық өндіруді тұрақтанд^іру ауыл
піаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық
экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүние жүзіндегі дамыған 50
елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрактан-
дырудың, әрі азык-түлік кауіпсіздігін камтамассыз етудің айтарлыктай шарты.
Қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша
өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып
түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда, азыщ-түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар
артыкшылыктарымен ерекшеленеді; ол топырактан, күзгі, кыскы, ерте көктемгі ылғалды және коректік заттарды
жаксы пайдаланады; топыракты су және жел эрозиясынан сенімді корғалды; арамшөптерге карсы күресте ерекше
маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі
7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетатциясын ерте сактайды
Түйін сөздер: онтогенез, вегетациалық период, генотип, фактор, төзімділік, бастануы, амплитуда, даму қарқыны.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығына үлкен бетбұрыста - астық өндіруді тұрақтандыру
ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл
мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың
дүние жүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың,
оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің
айтарлықтай шарты.
Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақыл-
дарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі
бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда, азық-түліктік
құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді; ол топырақтан, күзгі,
қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел
эрозиясынан сенімді қорғалды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз
залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30
тәулікке дейін вегетатциясын ерте сақтайды [1]. Тұқымнан өніп, көктеп шыққаннан дәннің пісіп
жетілуіне дейінгі мерзімді өсімдіктердің вегетациялық кезеңі деп атайды. Дәнді масақты дақылдар
өсімдіктері вегетациялық кезеңде бірнеше фенологиялық өсу және даму сатыларынан өтеді. Олар:
тұқымның бөртуі және өнуі; көктеу; түптену; түтік шығару; масақтану (шашақ бас шығару); гүлдену; пісу
(сүттеніп, қамырланып және толық пісуі). Өсу және даму фенологиялық сатыларда өсімдіктерде сыртқы
морфологиялық өзгерістер байқалады [2].
Ауылшаруашылық дақылдары өніп-өсу үшін физиологиялық үрдістер (фотосинтез, суды сіңіру және
қоректік заттар пайдалану) жүру қажет. Бұл үрдістердің тек бір оптималды температурада ғана жүреді. Әр
түрлі дақылдардың ол үшін оптималды, минималды, максималды температуралары болады және әр бір
өсу фазасында ол температуралар әр түрлі болады. Өсімдік өсе бастағанда температура неғұрлым жылдам
көтерілсе, солғұрлым өсу фазаларыда жылдам өтеді. Ал көктемде салқын күндер көп болған сайын өсу
фазалары кешігеді. Мысалы, демалу (дыхание) үрдісі 0
о
С температурада басталады да, температура өскен
сайын күшейе түседі, ал температура 35-40
0
С жеткенде нашарлайды да, температура 50
0
С - ол тоқтайды.
Температура жоғарылаған сайын суды, қоректік заттарды пайдалану нашарлайды, өйткені ауа
58
Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж.
Кесте 1 - Күздік бидайдың вегетация дәуіріндегі өсіп-жетілуіне қолайлы температура
Тщъмнъщ өнуі
Бұл тыныііггық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал
және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сіңіргеннен кейін өне бастайды,
топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс.
Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым
бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады.
Егін көгі (көктеу)
кезеңі
Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ
пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу
кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж.б. байланысты. Жақсы дайындалған
ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаң-
ш^іл^іқты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктейді.
Орташа тәуліктік ауа температурасы 18,6°С және 12,8°С болғанда тиісінше күздік
бидай 6 және 8- тәулікте егін береді.
Түптену кезеңі
Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің
пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай
негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен
қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны
жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар
түптену түйінінен екіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік
бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін
тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды
Түтікке шығу
(сабақтану) кезеңі
Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік саба-
ғының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапыірақтардың
негізгі массасының түзілуі аяқталады. Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы
жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан
кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы
мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін ощайлы ауа тампературасы 18-20°С.
Гүлдену кезеңі
Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала
басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ^ілғалд^іл^іғ^іна тәуелді.
Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С. Aл барынша қолайлы
ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында
топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75-80% деңгейінде қалыптасады
Пісу кезеңі
Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын
қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады
59
ылғалдылығы төмендейдi. Aуа ылғалдылығы төмендеген сайын құрғақшылық артады. ӨСІМДІКТІҢ
тозаңдануын жоғары температуралар нашарлатады.
Aуылшаруашылық өндірісінде вегетациялық және аязсыз (суықсыз) кезеңдердің мағынасы үлкен.
Вегетациялық кезеңге тұқымның өніп-өсе бастауынан (көпжылдық дақылдар вегетациясының жаңа-
лануы) жаңа тұқымдардың пісіп-жетілуі (көп жылдық дақылдар вегетациясының тоқтауы) арасындағы
кезең жатады. Көпжылдық дақылдар да ол келесі жылдары жалғасады. Вегетациялық кезеңнің
ұзақтығына аяз қатты әсер етеді. Aязсыз кезең болып көктемнің соңғы үсік болған күні мен күзгі алғашқы
үсікке дейінгі аралық саналады. Осы кезеңді дақылдарды аудандастыру кезінде ескеру қажет. Егер
вегетациялық кезең аязсыз (суықсыз) кезеңнен қысқа болса, онда аталған дақылдар піспей үсікке шалды-
ғады. Вегетациялық кезеңдегі орташа температура мен оның жиынтығы осы дақыл вегетациясының
уақытының басталуы мен аяқталуына дейінгі орташа тәуліктік температураларды жинақтау арқылы
шығарылады [3].
Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде жүзінде 230 млн. га
егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35%-ын құрайды, ал оның астық өнімі
орта есеппен 25,4 ц/га.
Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде
аталған түрдің өсу, даму және технологиясының ерекшеліктері қарастырылады.
Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның
вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай
өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Aлғашқы үш кезең-
дері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биология-
лық ерекшеліктерін қарастырайық [4].
ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г.
60
Ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін қолданған күздік бидайдың заманауи сорттарының өніміне
жақын-гектарынан 8,0-9,0 т өнім алуға болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды
қажет ету мөлшері олардың топырақ құрамындағы мөлшеріне, өсіру жағдайына, өсімдіктің даму кезеңіне,
сорттың ерекшелігіне тікелей байланысты. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін
аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж.б. байла-
нысты анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік
бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы [5].
Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты
себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады.
Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-
жетілу кезеңін-тыныштық күйін - өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі
70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтан
дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық
өнімін төмендетеді. Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы
түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай
тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді [6].
Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының
ерекшелігінге тікелей байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің
балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30-35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі.
1. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ., Серекпаев Н.А., Шестакова Н.А., Арыстангұлов С.С. // «Өсімдік
шаруашылыгы». - Алматы, 2011. - 65 б.
2. Жанзақов М.М. // «Өсімдік шаруашылыгы». - Алматы, 2007. - 23 б.
3. Набоков Г. Д. Наследование продолжительности вегетационного периода у озимой мягкой пшеницы//
Пшеница и тритикале. Мат. Конф. - Краснодар, 2001. - С. 7-17.
4. Пучков Ю. М., Набоков Г. Д., и др. Результаты селекции озимой мягкой пшеницы на скороспелость и качество
зерна //Тезисы докладов. - Краснодар, 1998. - С.35 - 39.
5. Самойлов В. Д., Кузьменко А. И., Трубилин А. И. Достижения науки - резерв увеличения производства зерна
//Сб. научн. тр. КНИИСХ. - Краснодар, 2000. - С. 55-59.
6. Бабашев А.М., Татаринова Г.Ш., Қасыбаева Қ. Сирек кездесетін өсімдіктердің морфо-физиологиялық
жагдайларына антропогендік факторлардың әсері//Мат.междунар.научно-практ.конф. «Приоритетные
направления обучения естественно-научных дисциплин в ВУЗах». - Алматы,2013. - Б.404-409.
Достарыңызбен бөлісу: |