27
ғылым деп білді. Француз әлеуметтану мектебінің негізін
қалаушы
Э. Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым
ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу
болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты
нығайтатын наным,
ұжымдық
сана жүйесіне
қатысты
функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс
нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес,
әлеуметтану “олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен
гөрі мүлде өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін”
әлеуметтік топтарды зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның
түсінігінде әлеуметтану дегеніміз әлеуметтік институттар,
олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.
Құрылымдық функционализм - қоғамды әлеуметтік жүйе
ретінде қарастыратын
теоретикалық көзқарас.
Қақтығыс
теориялары.
Льюис
Козердің
позитивті-
функционалдық
қақтығысының
тұжырымдамасы.
Ральф
Дарендорфтың қоғамының шиеленіс моделі.
Кеннет Боулдинг
қақтығысының жалпы теориясы.
Символдық интеракционизм - Батыс әлеуметтануындағы
және әлеуметтік психологиядағы теориялық-әдіснамалық бағыт.
Рөлдік теориялар - әлеуметтік рөл түсінігіне сүйенетін,
тұлғаның
және
тұлғааралық
қатынастардың
әлеуметтік
психологиялық теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: