Jaqsynyń aty ólmeıdi, álimniń haty ólmeıdi
Buqar jyraý aýdandyq aptalyq gazeti Еженедельная газета Бухар-Жырауского района
Gazet 1939 jyldyń 12 sáýirinen bastap shyģady Газета издается с 12 апреля 1939 года
№44
(1386)
qarasha 2020 jyl
ноября 2020 года
7
Внимание, подписка!
Началась подписка на районную
газету «Бұқар жырау жаршысы» на
2021 год.
Стоимость подписки на 6 месяцев составляет:
- для физических лиц 1057,60 тенге, индекс 65623;
- для юридических лиц 1957,60 тенге, индекс 15623.
Оформить подписку можно
в любом отделении
АО «Казпочта»
Қазақ тілі - əлемдегі ең бай,
көркемдігі жоғары тілдердің бірі.
Кез-келген халық тудыра ал-
маған фольклорлық туынды-
лары мол, рухани азығы
қуатты, кешегі өткен Қаз дауы-
сты Қазыбек би, Бұқар жырау,
Абылай мен Əбілхайыр хандар,
Абай мен Шəкəрім, Мəшһүр-
Жүсіп сынды ғұламалар сөйле-
ген, Мұхтар мен Ахмет, Ғабит
пен Ғабиден шығармаларын
жазған қасиетті тіл. Бүгінде ол
тəуелсіз ел – Қазақстан Респуб-
ликасының мемлекеттік тілі. Тіл
– ұлттың жаны, идеяның, са-
налы сезімнің,
айтылар ойдың
көрінісі. Тіл халықпен бірге өмір
сүріп, дамиды, яғни тіл əрбір ха-
лықтың дербес ұлт екендігінің
басты дəлелі.
Қазақ елінің мемлекеттік тілі -
сан ғасырдан бері қолданылып
келе жатқан, қоданыла беретін
де, лексикалық қоры бай, терең
тіл. Бұл тіл арқылы халқымыз-
дың
тарихы жасалған, дəстүр
мен салт, мəдениетіміз қалып-
тасқан. Сондықтан біз сан ға-
сырдан бері тұнығы лайланбай
жеткен қасиетті тілімізді қастер-
лей білуіміз керек. Міне, сон-
дықтан да біз Ел мен Тіл – егіз
ұғым, бір-бірінен ажыратылмай-
тын қағида деп білеміз.
Ескі латынды танып, білдік
пе?
Латын əліпбиіне
көшеміз деп
бөркімізді аспанға ата қуанып
жатырмыз. Тарих тағылымы
көрсетіп отырғанындай, əрбір
əліпби ауыстыру халықты біраз
уақыт қараңғылық құшағына кө-
шіреді. Ендеше енгізілгеніне 80,
мүмкін 100 жыл болатын кирилл
əрпімен терілген рухани құнды-
лықтарымызды
келер ұрпаққа
қалай жеткіземіз? Біздің ұрпақ
бұрынғы араб, кейінгі төте жа-
зуды оқи алмайды. Тіпті 30-
жылдарғы латын əліпбиін
қотарғанда өрескел қате жібер-
генінен талай мысал келтірер
едім. Соның бір-екеуін ғана
атап өтейін. Белгілі ғалым, əде-
биетші, ғылым докторы, про-
фессор Тұрсынбек Кəкішев аға-
мыз
Саттар Ерубаевтың еңбек-
терін тұңғыш рет латыннан
кириллицаға ғылыми айналы-
сқа түсірген азамат. Бірақ сол
кісі келтірген Саттар шығарма-
шылығы туралы мақалалар мен
энциклопедияларда Ерубаев
аударған И.Эренбургтің Испа-
ниядан жазған «В горах Асту-
рии» деген мақаласы
түпнұсқада «Asturьja taularь-
nda» деп жазылса да «Австрия
тауларында» болып кеткен.
Астурия қайда, Австрия қайда?
Ешбір
редактор мен корректор-
дың ойына кіріп-шықпаған. Ал
сол С.Ерубаевтан кандидаттық
диссертация қорғаған Г.Сұлтан-
баева деген жас ғалым біздің
«Қарағанды пролетариаты» га-
зетінен (Саттар 1934-35 жж. Қа-
рағандыда қызмет еткен)
Саттардың бір жаңа өлеңін
тауып алып, диссертациясы
мен «Саттар – публицист»
(2000ж.) деген монография-
сында жариялайды. Бірақ түсін-
беген екі сөз бүкіл еңбегін зая
кетіріп отыр.
Қайғылы күн, қайғылы шам
жағылды,
Шахтыларда
қара жалау
тағылды.
Күміс аспан, алтын жұлдыз
тұнжырап,
Əуе бұлттан қара кебін жа-
мылды, - деген қайран Саттар-
дың шумақтарындағы «sam»
(шам) деген сөзді «маги»,
«кymіs» (күміс) деген сөзді
«күллі» деп жазып, бүлдіріп жі-
беріпті.