Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет8/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
 


11 
Қopғaуғa ұcынылaтын қaғидaлap:  
1. Зерттеу мәселесін теориялық негіздеуде диссерттация тақырыбы 
бойынша негізгі түсініктердің мәні, мазмұны айқындалды. Біздің 
тұжырымдауымызша 
креативтілік 

адамның 
шығармашылық 
белсенділігімен, жаңа ӛнімнің қажеттілігіне, түпнұсқа идеялардың 
туындауына, стандартты емес мәселелерді тиімді шешуге, ақпаратты 
оңтайлы түрлендіруге, қалыптан тыс ойлауға, мінез-құлыққа, қарым-
қатынасқа, нәтижені болжауға байланысты кӛрінетін тұлға сапасы. 
2. Зерттеудің тұжырымы бойынша, «болашақ информатика мұғалімінің 
педагогикалық креативтілігі – оның педагогикалық іс-әрекеттегі 
коммуникативтік және дидактикалық мәселелерді дәстүрлі және цифрлық 
педагогикалық технологиялар арқылы жылдам анықтау мен олардың тың 
әрі тиімді шешімдерін іске асыруға шығармашылық даярлығы».. 
3. Педагогикалық 
креативтіліктің 
құраушылары 
педагогикалық 
қызметке мотивациясы, креативті ойлау, шешім қабылдау және 
педагогикалық іскерлік болып табылады. 
4. Бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру: арнайы 
жасалған пән бағдарламалары, оқулықтар мен құралдар жасаумен 
анықталды; оқу-тәрбие үдерісінде түрлі оқыту формаларын, әдіс-тәсілдерді 
пайдаланумен айқындалды; тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда негізделген 
жұмыстармен кӛрініс тапты.
Зерттеуді сынақтан өткізу. 
Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен мазмұны халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияларда талқыланды: «Перспективы развития науки 
и 
образования» 
атты 
XXVIII 
халықаралық 
ғылыми-практикалық 
конференция материалдары (Мәскеу, 2018), ««Научные исследования: 
ключевые проблемы II тысячелетия»» XXVI Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдары (Мәскеу, 2018), «Фундаментальные 
и прикладные исследования в современном мире» атты XXVI халықаралық 
ғылыми-практикалық конференция материалдары (Санкт-Петербург, 2019), 
«Жоғары кәсіптік білім беру үрдісі мен ӛзекті мәселелері» атты халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы (Тараз, 2019), «Global science and 
innovations 2019: Central asia» атты халықаралық ғылыми-практикалық 
журнал (Нұр-Сұлтан, 2019), «Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім және 
тұрақтылық жолы – 2019» атты I-ші халықаралық конференциясының 
материалдары (Түркістан, 2019).
Жарияланымдар
Диссертациялық 
жұмыстың 
мазмұнын 
айқындайтын 13 ғылыми еңбек баспасӛз бетінде жарияланды. Мұның 
ішіндегі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Білім және 
ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 4 
мақала, Scopus дерекқорлар базасында тізімге енген шетелдік журналдарда 2 
мақала, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында 7 
мақала жарық кӛрді, 2 оқу құралы әзірленді. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет