Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет16/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Ресей. Ресейде болашақ информатика мұғалімдерін 44.03.01 
«Педагогикалық білім беру» мамандығы аясында кәсіби даярлайды. 4 
жылдық оқу мерзімі белгіленген. Түлектердің магистратурада білім алуды 
жалғастыру мүмкіндіктері білім беру стандартымен бекітілген. 
Жоғары білім беру ұйымдарында «эвристикалық оқыту» термині 
кеңінен қолданылады, әрі бұл кӛбінесе креативтік оқыту ұғымын 
алмастырады. Эвристика және эвристикалық оқыту теориясын жасаумен 
Г.С.Альтшуллер [104], М. М. Зиновкина [105] айналысқан. Ең алдымен іргелі 
білімді алдыңғы орынға қоятын орыс ғылымының дәстүрлері маңызды 
теориялық қорын жинақтауға мүмкіндік берді, бірақ оны іс жүзінде жүзеге 
асыру соңғы уақытқа дейін кең кӛлемде іске асырылмады.
Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті білім беру 
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау 
факультетінде «Жоғары мектеп оқытушысының қызметіндегі креативті 
акмеология» модулін жүзеге асырады. Бұл кәсіби қалыптасудың барлық 
кезеңдерінде мұғалімнің жеке басының креативтік жетілуіне қол жеткізу 
заңдылықтарын зерттеуді қамтиды. Жоғары мектеп оқытушыларының ӛзін-
ӛзі тәрбиелеу және креативті ӛзін-ӛзі оқыту қағидаларын әзірлеуге ерекше 
назар аударылды.
Москва 
қалалық 
педагогикалық 
университетінің 
(МҚПУ) 
(https://www.mgpu.ru/obrazovanie/bakalavriat/) 
Цифрлық 
білім 
беру 
институтында Информатика, Информатика және технология білім беру 
бағдарламалары іске асырылады. «Информатика және технология» білім 
беру бағдарламасы қазіргі заманғы технологиялар негізінде жалпы білім 
беретін мектептерде және қосымша білім беру жүйесінде (технопарктер, 
кванториумдар, үйірмелер, клубтар және т.б.) информатика, технология, 
робототехника пәндерінен сабақ бере алатын жоғары білікті информатика 
және технология мұғалімдерін даярлауға бағытталған.
Білім алушылар 3 жыл бойы ағылшын тілін үйрену саласында қарқынды 
дайындық алады, бұл тілді кәсіби деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, білім алушылар жеке және кәсіби сапаларды дамытатын оқу 
жоспары пәндерінің маңызды бӛлігін ӛз бетінше таңдауға мүмкіндік алады. 


34 
Қосымша білім беру бағдарламаларының кӛмегімен жеке білім беру 
траекториясын құрудың кең мүмкіндіктері қарастырылған.
Жалпы дамыту бағдарламалары 
1. Болашақ 
педагогтың 
әлеуметтік-психологиялық 
құзыреттілігін 
дамыту «Мен-кәсіпқоймын» (160 сағат); 
2. Skills ресурстық орталығындағы Worldskills Russia (WSR Junior) 
стандартының педагогикалық құзыреттіліктері бойынша білім алушылардың 
кәсіби дағдыларын меңгерудің теориясы мен практикасы (160 сағат). 
МҚПУ білім алушыларына барлық біліктілікті арттыру және кәсіби 
қайта даярлау бағдарламаларына 10% жеңілдік беріледі. 
Сонымен қатар, келесі ашық онлайн курстар ұсынылған. 
1. Жанжалды жағдайларды шешу әдістері. 
2. Сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын басқару формалары мен 
практикасы. 
МҚПУ білім алушыларына жеке білім беру траекторияларында 
ұсынылған оқу курстары аясында болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастырылуына толық мүмкіндік бар деп 
тұжырымдауға болады. 
Түркия Республикасы. «Информациялық технологияларды қолдану, 
білімді цифрландыруға байланысты болашақ информатика мұғалімдерін 
даярлау бойынша Түркияда да ӛзгерістер енгізілуде.
2013 жылдан бастап Түркияда F@tih жобасы жүзеге асырылды...» 
[106]. Жобаның мақсаты - мұғалімдердің оқыту және оқу үдерісінің бір бӛлігі 
ретіндегі АКТ құралдары мен қорларын тиімді пайдалануына және 
бейімделуіне мүмкіндік беретін кадрларды даярлау ұйымдастыру. Жобаның 
бес негізгі құраушылары:
1. Аппараттық және бағдарламалық инфрақұрылыммен қамтамасыз 
ету;
2. Оқу электрондық мазмұнын қамтамасыз ету және басқару;
3. Оқу бағдарламасында АКТ-ны тиімді қолдануды қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру;
5. АКТ-ны мақсатты, қауіпсіз, дұрыс қолдану.
Білім алушылардан күтілетін АКТ стандарттарын білім, дағдылар мен 
құндылықтар ретінде анықтау мұғалімдердің құзыреттілігі мен жетістік 
деңгейлерін анықтауда үлкен маңызға ие. Стандарттарды құру - оқытудың 
тиімді және маңызды әдісі. Сонымен, қолданыстағы мемлекеттік 
стандарттарға сәйкес негізделген тәсілдер қолданылды және АКТ-ның 
халықаралық стандарттарына сай негізделген құрылым құрылды, ол тӛрт 
аспектіден тұрады: (1) цифрлық сауаттылық, (2) коммуникация, біліммен 
алмасу және ӛзін-ӛзі кӛрсету. АКТ арқылы (3) зерттеу, білімді құру және 
ынтымақтастық; (4) мәселелерді шешу, бағдарламалау және түпнұсқалық 
материалдарды әзірлеу. Стандарттарға негізделген оқу бағдарламасының 
жалпы мақсаты келесідей тұжырымдалды: «...білім алушылар ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды тиімді және этикалық құндылықтармен 


35 
қатар 
қолдануы 
керек». 
Курстың 
ресми 
атауы 
«Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету» деп 
кӛрсетілген.
Қазіргі кезде жаппай ашық онлайн курстар арқылы білім алудың 
маңыздылығы мен қолжетімділігі сәт сайын артып келеді.
Сондықтан болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін 
ағылшын 
тілінде 
меңгерілетін 
пәндерді 
оқытуда 
қалыптастыруда шетелдік тәжірибелер санатында танымал ашық онлайн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет