78
Сурет 4 - Оқыту межесі (Дейл Х. Шунк бойынша)
2. болуы. Танымдық теориялар да жадтың рӛлін атап кӛрсетеді.
Ақпаратты ӛңдеу теориялары оқытуды
кодтау ретінде қабылдап, санада
жинақталған білім ұйымдасқан және мағынаға толы деп есептейді. Қажетті
белгі жеткен кезде жадтың тұрақты қызмет етіп отыруына мүмкіндік беретін
білімге қол жеткіземіз.
3. Ынтаның рӛлі - білім алушылардың оқуға ынтасын арттыру үшін
оқытушылар оқу тәжірибесі мен қоршаған ортаның ынталандыру әсерін
естен шығармағаны абзал. Бұл болашақ информатика мұғалімдерінің
педагогикалық креативтілігін қалыптастырудағы оқыту мақсаты, ӛзіндік
тиімділік, құндылықтар және мүдделер арқылы айқындалады.
4. Ӛзіндік оқу - оқу мақсатына жету үшін білім алушылардың ойларын,
сезімдері мен әрекеттерін сол мақсатқа бағыттауы. Болашақ информатика
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудағы ӛзіндік оқу:
тұлғаның педагогикалық креативтілікті қалыптастырудағы мақсатын, оның
сол мақсаттарға сүйене отырып әрекет жасауын және білім алуы мен
болашақ кәсіби қызметте жетістікке жету үшін түрлі тәсілдер мен
әрекеттерді бақылап, бейімдеп отыруын қамтиды.
5. Трансфер - білім мен дағдыны жаңаша, жаңа контентте, бұрынғыдан
басқа жағдайда қолдану. Танымдық теория білім алушылар алған білімдерін
басқа жағдайда қалай қолданатынын түсінген кезде трансфер орын алады деп
есептейді. Ақпараттың жадта қалай сақталатыны аса маңызды. Білімді
пайдалану жолдары алған біліммен бірге сақталады немесе оған басқа жад
арқылы қол жеткізуге болады. Бұл болашақ информатика мұғалімдерінің
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда креативті оқыту әдістерін
басшылыққа
алып
ұйымдастырылатын
практикалық
сабақтар
тапсырмаларын, квесттерді, оқу жобаларын орындаулары арқылы іске асады.
6. Оқытудың мәні - оқыту түрлері арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды анықтап, олардың әрқайсысы үшін тиімді тәсілді
таңдау. Танымдық теория оқытуды білім алу, ақпаратты ӛңдеу, жад жүйесі,
сабақ барысында болып жатқан оқиғаларды (мұғалімдер, құрдастары,
материалдар, ұйымдар) білім алушының қабылдауы мен түсіндіруі сияқты
Достарыңызбен бөлісу: