Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет34/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


77 

БОЛАШАҚ 
ИНФОРМАТИКА 
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
КРЕАТИВТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС 
МАЗМҰНЫ 
3.1 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыру әдістемесі 
Ұлттық білім беру моделін қалыптастыруда әлемдік деңгейдегі озық 
білім беру ұйымдарының тәжірибелерін зерделеу және алдымен, адами және 
ғылыми-техникалық әлеуетті нығайту маңыздылығынан туындайды. Бұл, 
білім беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастырудың ұдайы жетілу мен 
толысу үдерісінің толассыз іске асырылуын негіздейді. Осы орайда, оқыту 
мен білім беру ұғымдарының ӛзара қатынасын зерделеу маңызды. Соңғы 
уақытқа дейін оқыту мен білім берудің ӛзара байланысы туралы бірнеше 
тұжырымдамалар қалыптасқандығы белгілі: 
- оқыту мен білім беру арасында сәйкестік мүлдем жоқ деуге болады
;
- білім беру психология сияқты ғылыммен ғана емес, сонымен бірге 
ӛнер деген ұғыммен де тығыз байланысты. Хайет ол туралы: «...мен білім 
берудің ғылым емес, ӛнер екеніне сенемін. ...Алайда білім беруді оқытудан 
бӛліп алуға болмайды», – деген еді;
- «түрлі теориялық қағидалар екі саланы басқарады» деген пікірмен 
тығыз байланысты. Шуелл [178] бұл хақында: «Оқыту мен білім берудің 
айырмашылығы 
әдетте, 
оларды 
бір-бірінен 
бӛліп 
қарастырумен 
байланысты», – дейді.
Қазіргі кезде түрлі зерттеу тәсілдеріне сүйенетін зерттеушілер білім алу 
мен оқыту бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды бірге 
қарастыру қажет деп ойлайды. Білім алушылардың оқу траекториясын, яғни 
олардың бастапқы деңгейі мен қол жеткізгісі келетін нәтиже аралығын 
анықтаудың пайдасы ұшан-теңіз. Кейін білім алушылар аталған 
траекториялар 
бойынша 
ӛз 
білімдерін 
контекстік 
факторлармен 
байланыстыру арқылы білім алу туралы шешім шығара алады.
Ал, Дейл Х. Шунктің тұжырымдауында – оқыту теориясы мен білім 
беру тәжірибесі бірін-бірі толықтырады.
Осы орайда, Дейл Х. Шунктың «оқыту – қайталаулардың немесе 
тәжірибенің 
нәтижесінде 
адамның 
мінез-құлқы 
мен 
жүріс-тұрыс 
ерекшелігінде орын алатын, ұзақ уақытқа созылатын ӛзгеріс» екендігін 
кӛрсететін анықтамасын басшылыққа алу маңызды [179].
Дейл Х. Шунк ұсынған оқыту межесіне жетуде бірнеше мәселелерді 
шешу қажеттілігі кӛрініс табады (сурет 4). Енді аталған мәселелерді кеңірек 
қарастырайық. 
1. 
Оқытудың іске асуы - оқытудағы нейрондық байланыстардың 
(синапстар) пайда болуы мен нығаюын қамтитын бекіту үдерісі. бекітуді 
арттыру тәсілдері: оқу үдерісін ұйымдастыру, қайталау, жоспарлау. Біздің 
зерттеу мәселемізге байланысты оқытудың іске асуы болашақ информатика 


78 
Сурет 4 - Оқыту межесі (Дейл Х. Шунк бойынша) 
2. болуы. Танымдық теориялар да жадтың рӛлін атап кӛрсетеді. 
Ақпаратты ӛңдеу теориялары оқытуды кодтау ретінде қабылдап, санада 
жинақталған білім ұйымдасқан және мағынаға толы деп есептейді. Қажетті 
белгі жеткен кезде жадтың тұрақты қызмет етіп отыруына мүмкіндік беретін 
білімге қол жеткіземіз. 
3. Ынтаның рӛлі - білім алушылардың оқуға ынтасын арттыру үшін 
оқытушылар оқу тәжірибесі мен қоршаған ортаның ынталандыру әсерін 
естен шығармағаны абзал. Бұл болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастырудағы оқыту мақсаты, ӛзіндік 
тиімділік, құндылықтар және мүдделер арқылы айқындалады.
4. Ӛзіндік оқу - оқу мақсатына жету үшін білім алушылардың ойларын, 
сезімдері мен әрекеттерін сол мақсатқа бағыттауы. Болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудағы ӛзіндік оқу: 
тұлғаның педагогикалық креативтілікті қалыптастырудағы мақсатын, оның 
сол мақсаттарға сүйене отырып әрекет жасауын және білім алуы мен 
болашақ кәсіби қызметте жетістікке жету үшін түрлі тәсілдер мен 
әрекеттерді бақылап, бейімдеп отыруын қамтиды. 
5. Трансфер - білім мен дағдыны жаңаша, жаңа контентте, бұрынғыдан 
басқа жағдайда қолдану. Танымдық теория білім алушылар алған білімдерін 
басқа жағдайда қалай қолданатынын түсінген кезде трансфер орын алады деп 
есептейді. Ақпараттың жадта қалай сақталатыны аса маңызды. Білімді 
пайдалану жолдары алған біліммен бірге сақталады немесе оған басқа жад 
арқылы қол жеткізуге болады. Бұл болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда креативті оқыту әдістерін 
басшылыққа 
алып 
ұйымдастырылатын 
практикалық 
сабақтар 
тапсырмаларын, квесттерді, оқу жобаларын орындаулары арқылы іске асады. 
6. Оқытудың мәні - оқыту түрлері арасындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтарды анықтап, олардың әрқайсысы үшін тиімді тәсілді 
таңдау. Танымдық теория оқытуды білім алу, ақпаратты ӛңдеу, жад жүйесі, 
сабақ барысында болып жатқан оқиғаларды (мұғалімдер, құрдастары, 
материалдар, ұйымдар) білім алушының қабылдауы мен түсіндіруі сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет