Бурибекова Асемай Налихановна Пән/Сынып: Химия, 9 сынып Қай аптаның нешінші сабағы ІІІ тоқсан. 8- сабақ



бет1/4
Дата08.03.2023
өлшемі1,07 Mb.
#72522
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
17-сабақ Адам ағзасының химиялық құрамы.


ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Бурибекова Асемай Налихановна

Пән/Сынып:

Химия, 9 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан. 8- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

IX тарау. Адам организміндегі химиялық элементтер

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасының химиялық құрамы.
Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы

Оқу мақсаты:

  • 9.5.1.1 -адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)

  • 9.5.1.2 –Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру

Бағалау критериі:

  • адам ағзасының химиялық құрамын және элементтердің ағзадағы қызметін біледі

  • адам ағзасындағы элементтерді микро- және макроэлементтерге жіктейді

  • өз ағзасының ерекшеліктерін ескере отырып, тәуліктік тамақтану рационын құрастырады

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.

Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды.

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут
00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме !...
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Адам ағзасының химиялық құрамы.
Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
адам ағзасының химиялық элементтердің маңызын
Сенің меңгеретінің:

  • адам ағзасының химиялық құрамын және элементтердің ағзадағы қызметін

  • адам ағзасындағы элементтерді микро- және макроэлементтерге жіктеуді

  • өз ағзасының ерекшеліктерін ескере отырып, тәуліктік тамақтану рационын құрастыруды

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру







Презентация
Слайд 1, 2



14 минут

03:00 – 23:00




Жаңа сабақ

Адам – химиялық қосылыстар жиынтығынан, яғни органикалық заттар (биополимерлер: нәруыздар, нуклеин қышқылдары мен полисахаридтер, майлар, көмірсулар) және бейорганикалық заттардан (минералды тұздар, су) құралған. Адам организімінің 60% - ы судан, 34% -ы органикалық қосылыстардан және 6% - ы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттар, негізінен, көміртек, сутек, оттек, сондай-ақ азот, фосфор және күкірттен тұрады. Адам организміндегі бейорганикалық қосылыстардың құрамына міндетті түрде 22 элемент кездеседі, олар Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет