118
Өткізу барысы:Әрбір оқушыға төмендегі санды кодпен ұсыныстар жазылған бланк
беріледі.
4.3.2.1.01. Мен үшін менің сыныбымның жақсы
жұмыс істегені маңызды деп
санаймын.
4.3.2.1.02. Сынып жұмысын жақсарту үшін ұсыныс енгіземін.
4.3.2.1.03. Өз бетіммен сыныптағы кейбір шараларды ұйымдастырамын.
4.3.2.1.04. Таяудағы міндеттерді анықтап, сынып
жұмысын қорытындылауға
қатысамын.
4.3.2.1.05. Сынып өз бетімен достық қарым-қатынаста іс-әрекеттер істеуге бейім деп
есептеймін.
4.3.2.1.06. Біздің сыныпта міндеткерліктер нақты, бірдей оқушылар арасында бөлінеді.
4.3.2.1.07. Біздің сыныпта сайланған белсенділер сынып ұжымы арасында беделді.
4.3.2.1.08.Біздің сыныптың белсенділері міндеттерін өз беттерінше жауапкершілікпен
атқарады.
4.3.2.1.09. Біздің сыныптың оқушылары қоғамдық
тапсырмаларды атқаруға
жауапкершілікпен қарайды.
4.3.2.1.010. Сынып жиналысы немесе белсенділер қабылдаған шешімді өз уақытында,
нақты орындаймын.
4.3.2.1.011. Ұжым алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін бар күш-жігерімді
саламын.
4.3.2.1.012. Өзімнің және жолдастарымның жұмыстарының қорытындысы үшін жауап
беруге әзірмін.
4.3.2.1.013. Мектеп ұжымы алдында тұрған міндеттерді біз жақсы түсінеміз.
4.3.2.1.014. Менің сыныбымның оқушылары мектеп ұжымының әртүрлі
барлық
шараларын ұйымдастыруға жиі қатынасады.
4.3.2.1.015.Біздің сынып белсенділері алдымызда тұрған міндеттерді шешуде мектеп
ұжымының өзін-өзі басқару орталығына көмектесуге тырысады.
4.3.2.1.016. Мен және менің жолдастарым ұжым алдында тұрған мәселелерді
талқылауға үнемі қатынасамыз.
4.3.2.1.017. Барлық ұжым, басқа сыныптар, бірлестіктер алдында тұрған
міндеттерді
шешуде ынтымақтасамыз.
4.3.2.1.018.Менің
жолдастарымның
басқа
сыныппен
қарым-қатынасына
қанағаттанамын.
4.3.2.1.020. Мектептің өзін-өзі басқару орталығына сайланған оқушылар жоғары
беделге ие деп есептеймін.
4.3.2.1.021. Менің сыныбымның оқушылары, оқушылардың бүкіл ұжымдық өзін-өзі
басқару орталығы тапсырмасын орындауға шын ниетімен көмектеседі.
4.3.2.1.022. Біз мектеп ұжымының жоғары жетістікке жетуіне ұмтыламыз.
4.3.2.1.023.Бүкіл мектеп ұжымының мүддесін басқа
ұжымдар арасында қорғауға
әзірмін.
4.3.2.1.024. Барлық мектеп ұжымы жұмысының қорытындысы үшін жауапкершілікті
сезінемін.
Тақтада санды кодтың мағынасы жазылады:
4 – иә;
3 – жоқтан гөрі иә;
2 – айтуға қиын;
1 – иә дегенше жоқ.
0 – жоқ.
Қорытынды талдау.
Қорытынды талдау кезінде 24 cөйлем 6 топқа бөлінеді:
1. Оқушылардың өзін-өзі басқару іс-әрекетіне қатынасуы. (1-4)
2. Сынып ұжымының ұйымшылдығы. (5-8)
119
3. Ұжым мүшелерінің жауапкершілігі. (9-12)
4. Жалпы ұжым ісіне сыныптың араласуы. (13-16)
5. Сыныптың басқа оқушылар бірлестігімен қарым-қатынасы. (17-20)
6. Сынып оқушыларының мектеп ұжымы ісі үшін жауапкершілігі. (21-24)
Барлық оқушылардың әрбір топ бойынша жауабы салынады, ол
оқушылардың
санымен 16-ға бөлінеді (16 максимальдық балл). Сынып ұжымының өзін-өзі басқару
деңгейі алғашқы 3 топ қорытындысы бойынша шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: