Байланысты: Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019
36-бап Қатысушы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да
барлық нысандарынан қорғайды.
37-бап Қатысушы мемлекеттер:
а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай
адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18
жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да,
босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар да тағайындалмауын қамтамасыз етеді;
ә) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап етулері ескеріле
отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және
құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден
бөлек ұсталуға тиіс, алайда, ішінара оның ең қажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер
деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай
туындамаса өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын
қамтамасыз етеді;
в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті
көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті
органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына дауласуға құқығын және де
олар осындай кез келген іс жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай
қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді;
38-бап 1. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын балаларға
қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, олардың сақталуын
қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына
тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды.
3. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің қарулы
күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, бірақ әлі 18-ге
толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы мемлекеттер олардың ішінен көбіне
ересектеулерін алуға тырысады.
Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халыққа қорғау көрсетуге
байланысты халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттемелеріне орай, қарулы
қақтығысқа ұшыраған балаларды қорғау мақсатында оларға қамқорлық пен күтім
көрсетудің барлық қажетті шараларын қабылдайды.