29
а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп саналатын жас
мөлшері белгіленуі;
ә) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі соттың қарауына
жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді шартты түрде толық сақтай
отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша шаралар қолданылуы.
4. Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын, әл-
ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз етуде
әртүрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен қамқорлық көрсету,
қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру қызметінің болуын, сынау мерзімі
тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының оқыту және кәсіби дайындық беру
бағдарламаларының болуын қажет етеді.
41-бап
Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес
қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар:
а) қатысушы мемлекеттердің заңының, немесе
ә) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық нормаларының
құрамында бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: