Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


-бап.  Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы



Pdf көрінісі
бет23/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100
Байланысты:
Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019

7-бап. 
Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы 
органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі 
өкілеттіктері 
1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз 
ету жөніндегі өкілеттіктеріне: 
1) балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың негіздерін талдап жасау; 
2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін, оның денсаулығы мен имандылығын 
қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің басым бағыттарын таңдау; 
3) өз құзыреті шегінде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау 
жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; 
4) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік 
стандарттарды белгілеу; 
5) бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым 
салынбаған өзге де көздер есебінен балалар мүдделерінде мемлекеттік саясатты іске асыру 
жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; 
6) баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің халықаралық 
міндеттемелерін орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесін білдіру; 
7) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесі мен спорт, 
әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласындағы балалар 
мүдделерінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберін айқындау 
жатады.
2. (*) 
3. Жергілікті атқарушы органдардың бала құқықтары кепілдіктерін жүзеге асырудағы 
өкілеттіктеріне: 
1) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасы мен балаларды 
қолдауға арналған мемлекеттік, жергілікті бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз 
ету; 
2) балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу; 
3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі консультацияларды 
хабарлау мен өткізу, іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін белгілеу; 
4) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесі мен спорт, 
әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне 
орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 
іс-шараларды жүзеге асыру жатады. 
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – Қазақстан Республикасының 2014.12.20. № 13 
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 
 


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет