Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы



Pdf көрінісі
бет26/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы 
1. Әрбір баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын 
үйге құқығы бар. 
2. Жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу 
және басқа да мекемелердегі баланың тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-
жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан 
Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (9-10 тараулар). 
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның ішінде жетім балаларды 
оларға басқа үй-жай берілмейінше, олар тұрып жатқан тұрғын үйден шығаруға болмайды. 
15-бап. Баланың білім алуға құқығы 
1. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының білім 
туралы заңдарына сәйкес оған тегін орта білім, бастапқы кәсіби білім және конкурстық 
негізде тегін орта кәсіби және жоғары кәсіби білім алуға кепілдік беріледі. 
2. Тегін жалпы орта білім немесе бастапқы кәсіби білім алғанға дейін баланы 
мемлекеттік білім беру мекемесінен шығару, шығарудың жалпы тәртібін сақтаумен қатар 
тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргізілуі мүмкін. 
3. Арнаулы педагогикалық тәрбиені қажет ететін кемтар балаларға мемлекеттік 
бюджеттен белгіленген стандарттар деңгейінде олардың білім алуына кепілдік беретін 
қосымша қаражат береді. 


38 
4. Мемлекет балалардың білім алу кезеңінде әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерінің 
күтіп-бағу шығынын толық немесе ішінара көтереді. Олардың білім алу кезеңінде 
әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
белгілейді (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз). 
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы 
1. Әрбір баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға 
құқығы бар. 
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде 
денсаулығына және өсіп-жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығына және 
психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ 
мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметі мен жергілікті 
мемлекеттік басқару органдары қамтамасыз етеді. 
3. Он сегіз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртібі 
және еңбек қатынастарының басқа да ерекшеліктері Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасында белгіленеді. 
4. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауіпті 
жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. 
Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс. 
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2007.05.15. № 253 
Заңымен. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет