Бюджеттiк кредиттеу бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесті білдіреді.
Кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн келiсiм кредиттiк шарт болып табылады.
Кредитор, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент).
Республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде ҚР Үкiметi кредитор болып табылады.
Бюджеттiк кредиттеу кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ҚР Yкiметiнiң атынан кредитор ретінде әрекет етедi.
Жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы орган кредитор болып табылады.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк кредит беру кезiнде кредиттiк шарттың тарабы болып табылады және:
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк кредит беру кезiнде кредиттiк шарттың тарабы болып табылады және:
1) қаржы агенттiктерiн қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi (агенттердi) конкурстық негiзде айқындауды;
2) бюджеттiк кредиттердiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын, өтелуi мен оларға қызмет көрсетiлуiн бақылауды және мониторингiн жүзеге асырады.
Бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы б.т.
Бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы б.т.
1) мамандандырылған ұйымдар – банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не ҚР резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;