Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, ҚР-ның Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады. - Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, ҚР-ның Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.
- Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
- Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
- 1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;
- 2) өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді;
- 3) бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
- Аталған құжаттар ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін беріледі.
- Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
- Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгiзедi.
- Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрмей ұсынады. - Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрмей ұсынады.
- Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей аяқталады.
- Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей ұсынады.
- Республикалық бюджеттің атқарылуын ҚР Үкіметі қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |