C. М. Шакирова, ф.ғ. к., ҚазҰлтҚызПУ, Алматы қ. ҚАзақстанның педагогикалық журналдары неден зардап шегуде?


- тезис. Цитаталардан жасалған көркем сөздер



бет16/21
Дата07.01.2022
өлшемі49,2 Kb.
#20952
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
17 - тезис. Цитаталардан жасалған көркем сөздер. Дәйексөздің бірінен кейін бірін алу - жаңадан бастаушы авторларға тән құбылыс. Әртүрлі әдебиеттер көздерінен көптеген дәйексөздер жинаған автор оларды алып тастаудан қорқады, олардың барлығы автордың ойын бекітуші маңызды, шешен сөздер сияқты көрінеді. Бір абзац - бір цитата пайда болды. Цитаталарды тырнақшамен ресімдемей, автор өзі жазған жұмысына аз ғана бөлігін жасырын қосуды ойлайды. Цитаталардан алынған мұндай дәйексөздер авторды бөтен ойдың және баяндау қатарының тұтқыны етеді. Өзіндік стиль дайындалмайды, дәлелділік дамымайды. Цитаталау ережесі бойынша ресімделген мәтін тәуелділігінің тиісті нормасы 40% болып табылды. Егер цитаталанған материал көлемі бұл саннан асса, қайта жұмыс жасауға жіберіледі. Егер автор тарихшы-мұрағатшы болмаса, өз жұмысында бұрыннан белгісіз құжатты өзінің ғылыми айналымында бірінші рет енгізбесе болды. Онда ол толығымен ақталады және тәуелді сөздер үлесі туралы сөз қозғаудың керегі жоқ. Цитаталарды қысқарту үшін қандай кеңес беруге болады? – Өз сөзімен мазмұнын айтып беру, цитаталарды физикалық тұрғыдан қысқарту, мазмұн аудармасынан қысқаша тұжырымдама жасау. Кейбір тәртіпке бағынған салаларда мысалы, терең мағыналы сұхбат, өмірлік тарих, өмірбаяндық әдістер сияқты сапалы әдістерді пайдаланған кезде үлкен цитаталарды беруден қашпайсың. Педагогикада сұхбат беруші пікірлерінің дәйексөздері аз таралған. Демек, цитаталарды қысқартуға болады. Мақаланы цитатадан бастау қолайлы болып саналады. Цитатамен аяқтауға болмайды. Мақаланың соңғы ұсыныстарына бұл жұмысқа берілген дәлел, авторлық тұжырымдама, бекітілім енгізілу керек. Мақаланың қорытынды бөлімі – бұл тақырып пен осы тәсілді дамыту үшін болашаққа жол ашатын оның белгілі, ең мазмұнды және құнды шешімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет