Мен ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне кіретін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған педагогикалық ғылымдар бойынша журнал редакторымын. 2018 жылдың қаңтарынан бастап «ҚазҰлтҚызПУ Хабаршысы» журналына редакторлық етіп, 10 нөмірін шығардым. Осы сала бойынша ғылыми жарияланымдардың жағдайы туралы белгілі ұсыныстар пайда болды және біздің авторларымыздың әлсіз тұстары туралы өзімнің ойыммен бөліскім келеді.