18 - тезис. Ғылыми және оқу жүмыстарының мақсатын ажырата алмау. Студенттер, магистранттар және тіпті тәжірибелі оқытушылар мақалада оқу құралдарына сілтеме жасауды дұрыс деп есептейді. Шамасы, оқулықтың қатып қалған білім, ал мақала, монография, диссертациялардың ғылыми жаңашылдықтың біршама жоғары дәрежесімен ғылыми ізденуді көрсететінін оларға ешкім үйретпеген.
19 - тезис. Сыни-пікір берілмеген онлайн баспаға сілтеме.Мұғалімдер сайтында, студенттер рефераттарының тегін агрегаторларында, өзгеше колористикалы және визуалды белгісіз баспаларда орналасқан материалдарды жиі цитаталайды. Әдетте мен «егер, сайтта көптүстілік, жарнама, ашылатын терезелер, мақаланы Скопуста бір апта ішінде жариялауға шақыру, шетелдік журналда орыс тілінде мақала шығару – бұл ғылыми мақалада цитаталау үшін әдебиет көзі емес». Тіпті онда орналасқан материал жеткілікті ақпараттық болса да, мұндай сайттардан қашу керек деп айтып жүрмін.