C#-та қосу, азайту, КӨбейту, БӨлу амалдары


C# КӨМЕГІМЕН ӨЗІМІЗДІҢ HOST ПЕН IP-МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗДЫ АНЫҚТАУ



бет11/19
Дата14.10.2023
өлшемі0,94 Mb.
#115131
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
C# КӨМЕГІМЕН ӨЗІМІЗДІҢ HOST ПЕН IP-МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗДЫ АНЫҚТАУ
Компьютердің Host атауы мен IP-ін анықтайтын қарапайым бағдарлама жасаймыз.
Алдымен, анықтамаларға мән берейік.
host – желіге қосылған нақты бір компьютер немесе сервер. Егер жергілікті желіге немесе Интернет желісіне қосылу қажеттілігі туындаса, оның хост пен IP-мекен-жайы керек болады.
IP-мекен-жайы – нақты бір компьютерлік желінің ерекше мекен-жайы.
IP-мекен-жай өзара нүктемен ажыратылған төрт саннан тұрады. Ол біздің компьютерді басқа серверлер немесе компьютерлер тауып, жіберген сұраныстарымызға жауап беру үшін керек.
1. Windows Forms құрастырамыз. Ол үшін бізге 2 Label, 2 TextBox ғана керек.

2. Форманы ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. «Перейти к коду» пунктін таңдап, кодқа көшеміз.
Алдымен, бізге System.Net директивасын қосуымыз керек. Ол түрлі желілік протоколдарды қолдана отырып бағдарламалауға мүмкіндік береді. Өзгеше айтқанда, интернет үшін бағдарламалауға рұқсат береді.
3. Оны қосуы үшін кодтың басында using-ді қолдана отырып, байланыс орнатамыз:
using System;
using System.Collections.Generic;
using System.ComponentModel;
using System.Data;
using System.Drawing;
using System.Linq;
using System.Text;
using System.Threading.Tasks;
using System.Windows.Forms;
using System.Net;
4. Тамаша, енді біз түрлі желілік протоколдарды қолдана аламыз. Мысалы, IP протоколын. Біздің host пен IP-ді келесі жолмен ала аламыз:
string Host = System.Net.Dns.GetHostName();
string IP = System.Net.Dns.GetHostByName(Host).AddressList[0].ToString();
Бұл жолдарды форманың жүктелуіне жауап беретін функция денесіне (private void Form1_Load(object sender, EventArgs e) тырнақша ішіне жазамыз). Ол үшін форманы екі рет шерту керек. Қажетті аймақ пайда болады. Мәліметтер форма жүктелген кезде бірден оған жіберілетін болады.
Жазғанымызды талдайық.
Алдымен біз Host атауымен айнымалы жарияладық. Оның типі string.
Бұл айнымалыға жазылған бағдарлама өзіне апаратын «жолды» қамтиды. Сол арқылы қажетті мәліметті ала аламыз. System.Net директивасын жазып, желілік протоколдарға қосылдық. Содан соң, нүктеден соң DNS жазамыз, тағы бір нүктеден соң GetHostName тереміз. Ағылшын тілінен тікелей аудармасы – «Хост атауын алу». Енді host айнымалысында хост атауы жазылғанын білеміз, осы жолмен IP-мекен-жайын аламыз.
5. Формамызға шығару үшін жоғарғы жазбаға келесіні тіркеп, көрсетеміз:
textBox1.Text = Host;
textBox2.Text = IP;
6. Нәтижесі:

7. Бағдарламаның толық листингі:
using System;
using System.Collections.Generic;
using System.ComponentModel;
using System.Data;
using System.Drawing;
using System.Linq;
using System.Text;
using System.Threading.Tasks;
using System.Windows.Forms;
using System.Net;
namespace WindowsFormsApplication1
{
public partial class Form1 : Form
{
public Form1()
{
InitializeComponent();
}
private void Form1_Load(object sender, EventArgs e)
{
string Host = System.Net.Dns.GetHostName();
string IP = System.Net.Dns.GetHostByName(Host).AddressList[0].ToString();
textBox1.Text = Host;
textBox2.Text = IP;
}
}
}

ОЯТҚЫШ
Дыбысы бар оятқыш бағдарламасын жасаймыз.
1. Алдымен келесідей форма жасаймыз:

2. Формада бірінші болып Label компоненті тұр. Қасиеттері:

3. Оның астында MaskedTextBox компоненті тұр. Оны қажетімізше баптау үшін компоненттің  белгісіне басып, «Установка маски» таңдаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет