C#-та қосу, азайту, КӨбейту, БӨлу амалдары



бет12/19
Дата14.10.2023
өлшемі0,94 Mb.
#115131
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
MaskedTextBox-қа оятқыштың уақытын жазатын боламыз. Стандарт бойынша уақыт (сағат:минут:секунд) түрінде, қос нүктемен ажыратылып, жазылады.
4. «Установка маски» таңдаған соң келесі түрдегі терезе ашылады. Бұл жерде Time жолын таңдаймыз. Ол қолданушы енгізген мәліметті бірден DateTime форматына ауыстырады және арасындағы қос нүктемен айналысудың қажеті туындамайды.

5. MaskedTextBox-тың қасиетін де өзгертеміз:

6. MaskedTextBox-тың артында Label2 тығылып тұр:

Ол бізге MaskedTextBox-тан мәндерді өзіне қабылдап алу үшін керек. Соған негізделе отырып, біздің бір таймер, қашан іске қосылу керек екенін білетін болатын.
7. Оның астында екі Button орналасқан. Біріншісі оятқышты іске қосады, ал екіншісі қоңырау болған соң оны өшіретін болады.
8. Екі Timer орналастырамыз. Біріншісі уақытты көрсететін болады, ал екіншісі оятқыштың уақытында іске қосылуына жауап береді.
9. Енді форманы ерекшелеп, тышқанның оң жағын басамыз. «Перейти к коду» таңдаймыз.
10. Алдымен дыбыстар кітапханасын қосу үшін келесіні код басына жазамыз:
using System.Media;
11. Енді бірнеше айнымалыларды жариялаймыз:
public partial class Form1 : Form
{
Timer timer01 = new Timer();
SoundPlayer sp = new SoundPlayer("F:\\1.wav");
bool b = false;
Алдымен бірінші таймерді жарияладық, содан соң қажетті мелодияны іске керек кезде қосатын айнымалыны жарияладық. Кейін, бізге қажетті мелодияны іске қосатын айнымалыны жаздық. (F:\\1.wav) мелодияның орналасқан жерін білдіреді.
Ескерту:
System.Media кітапханасы тек WAV PCM кеңейтілімі бар файлдармен жұмыс жасай алады.
Оған қоса bool (true немесе false деген екі мәнді ғана қабылдайды) типті айнымалыны жарияладық. Ол «Қосу» батырмасының жұмыс істеу принципін өзгерту үшін керек.
12. Формаға қайт оралып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертеміз. Ол бізді форманың жүктелу тұсына апарады. Осы жерге жазылған код, форма жүктелген уақытта бірден орындалады:
private void Form1_Load(object sender, EventArgs e)
{
button2.Enabled = false;
timer01.Interval = 1000;
timer01.Tick += new EventHandler(timer1_Tick);
timer01.Start();
}
Мұндағы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет