C#-та қосу, азайту, КӨбейту, БӨлу амалдары



бет7/19
Дата14.10.2023
өлшемі0,94 Mb.
#115131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
ПОЛИНДРОМ
Берілген мәтін, сан немесе символ полиндром бола ма? Жоқ па? Екенін шығаратын бағдарлама жасайық. Ол үшін алдымен қарапайым форма жасап алайық.

Мұнда 1-Button, 1-TextBox және 1-Label компоненттері қолданылған
1. Енді «Тексеру» батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазамыз
string text = textBox1.Text;
char[] obrtext = text.ToCharArray();
Array.Reverse(obrtext);
string finaltext = new string(obrtext);
if(text==finaltext)
{
MessageBox.Show("Мәтін палиндромом");
}
if (text!=finaltext)
{
MessageBox.Show("Мәтін палиндромом емес.");
}
2. Алдымен, біз қолданушы жазған мәтінді оқып, оны text айнымалысына қабылдаймыз. Содан соң, char типті символдар массивін құрамыз. Ол символдарды бір-бірден оқу үшін керек. Осының көмегімен, соңында енгізілген текстті кері аударамыз. ToCharArray көмегімен мәтінді жолақтық форматтан, символдар массивіне конвертациялаймыз
3. TextBox-та енгізілген мәтінді Array.Reverse(obrtext) әдісі кері оқиды
4. Бағдарламаны тексеру үшін «қазақ» сөзін теріп көрейік. Сонда, келесі хабарлама шығады

СПАМЕР
C# бағдарламасы көмегімен спамер жасаймыз. Оны кез-келген жерде қолдануға болады: skype, вконтакте, түрлі чаттарда, комментарийлерде және т.б.
Алдымен форма жасаймыз:

TextBox-та біз мәтін теріп жазамыз. Ол TrackBar-да көрсетілген жылдамдықпен жіберіліп отырады. Сонымен қатар формамызға Timer орналастырамыз. Оның көмегімен, жіберілу интервалы анықталады.
TrackBar-ды төмендегідей баптаймыз:

Біздің TrackBar-дің мәні 1-ден 1000 аралығында болады, ал жылжымалы жүгіртпені бағдарламаны жүктегенде ортасына қоямыз – 500. Бұл сандар – миллисекундтар. Біз TrackBar-да көрсеткен секундтан соң хабарлама қайта жіберілетін болады.
TrackBar-дың астына Label орналастырамыз, ол қанша миллисекунд екенін көрсететін болады.
Енді кодтауға көшейік:
1. «Старт» батырмасын екі рет шертіп, жазамыз:
private void button1_Click(object sender, EventArgs e)
{
timer1.Start();
}
«Старт» батырмасын басқан кезде біз таймерді іске қосамыз және ол уақытты есептей бастайды.
«Стоп» батырмасы үшін де осылай жасаймыз, бірақ ол үшін келесі кодты жазамыз:
private void button2_Click(object sender, EventArgs e)
{
timer1.Stop();
}
«Стоп» батырмасын басқан соң таймер тоқтайтын болады. Содан соң, біз терезедегі  белгіні екі рет шертіп, келесіні тереміз:
private void timer1_Tick(object sender, EventArgs e)
{
SendKeys.Send(textBox1.Text);
SendKeys.Send("{ENTER}");
}
Бұл екі жолақ біздің спамеріміздің «жүрегі» болып табылады. Бірінші жолда біз TextBox жазылған мәтінді оқып, жолдаймыз. Екінші жолда біз «Enter» батырмасын басуды жібереміз. Яғни бағдарлама, TextBox-та енгізілген мәтінді оқып, оны жіберіп, Enter батырмасын басады. Ол біз тоқтатқанша қайталана беретін болады.
Қайда жіберетіні түсініксіз болса? Барлығы қарапайым. Ол бұл хабарламаны тышқан тұрған белсенді аймаққа жібереді.
Енді бізге TrackBar-ды баптау қалды. Оны екі рет шертіп, келесі кодты жазамыз:
private void trackBar1_Scroll(object sender, EventArgs e)
{
label3.Text = trackBar1.Value + " мс";
timer1.Interval = trackBar1.Value;
}
Бірінші жолда біз TrackBar астындағы Label-ді жүгіртпенің жылжуына қарай өзгеріп отыратындай баптаймыз

Алынған мән үшін «мс» тіркеп жазамыз, ол қолданушыға уақыттың қалай есептелетінін көріп отыру үшін керек.
Екінші жолда біз TrackBar-дағы мәнмен таймерді «синхронизациялаймыз». Осы жолақ арқасында жіберілу жиілігі реттеледі.
Осылай біздің Спамеріміз дайын. Тексеріп көрейік. Алдымен блокнотта тексерейік:


Бағдарламаның толық листингісі:
using System;
using System.Collections.Generic;
using System.ComponentModel;
using System.Data;
using System.Drawing;
using System.Linq;
using System.Text;
using System.Threading.Tasks;
using System.Windows.Forms;
namespace spamer
{
public partial class Form1 : Form
{
public Form1()
{
InitializeComponent();
}
private void button1_Click(object sender, EventArgs e)
{
timer1.Start();
}
private void button2_Click(object sender, EventArgs e)
{
timer1.Stop();
}
private void timer1_Tick(object sender, EventArgs e)
{
SendKeys.Send(textBox1.Text);
SendKeys.Send("{ENTER}");
}
private void trackBar1_Scroll(object sender, EventArgs e)
{
label3.Text = trackBar1.Value + " мс";
timer1.Interval = trackBar1.Value;
}
}
}




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет