Сендірудің көмегімен жаңа көзқарастар, қарым-қатынастар қалыптасады немесе дұрыс емес көзқарастар мен қарым-қатынастар өзгереді.
Сендіру формалары диспуттар, дискуссиялар, сұхбаттар, мұғалім әңгімесі, жеке үлгі-өнеге болуы мүмкін. Сендіру өзара әрекеттегі әдіс ретінде , ол қойылған талаптарға сәйкес келуі керек:
сендірудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелігінің деңгейіне сәйкес келуі керек (бастауыш мектеп жасындағыларға мысалы ертек, қиял-ғажайып әңгімелер, ары қарай шындық дүние әлемін оқып үйрену, адамның рухани дүниесін оқып үйрену деген сияқты және т.б.);
сендіру принциптер мен ережелер ретінде болуы керек, және нақты фактілер, үлгілер болуы керек; бастауыш мектеп жасындағыларғакөрнекі-бейнелі материалдардың рөлі үлкен.
Сендіруде әңгімелесушіге белгілі нәрсені факті ретінде алып, талдау жиі кездеседі; бұл мүмкін болады-ау деген күдікті тұсаулауға көмектеседі.
Тәрбиеші өзініңайтқалы отырған әңгімесі арқылы, басқаны иландыра алатынына сенімді болуы керек. (Қараңыз: Ковалев А.Г. Тұлға психологиясы.)
Сендірушінің өзара әрекетінің нәтижелілігі мына шарттарға байланысты:
өзара әрекет күші, сендірушінің беделі мен оның мазмұнымен анықталады. Оқушы мұғалімге неғұрлым жақсы қараса, оның сендіруін ол соншалықты жақын әрі тез қабылдайды;
оқушының психикалық ерекшеліктерін есепке алу керек. Ол үшін педагог тәрбиеленушінің жүйке жүйесінің типін білуі керек, оқу-тәрбиеде оның жақын даму аймағын анықтауы керек.
Сендіруші мен сенушінің, олардың өзара әрекет кезінде интелеектуалдық-эмоционалдық жағдайын есепке алу. Мысалы, педагог баланың соншалықты ыңғайсыз жағдайда тұрғанына қарамастан, оның мінез-құлқындағы дұрыс емес жақтарын түсіндіріп айта беруі, оңды нәтиже бере қоймайтыны белгілі.
Сендіру әдісі әрекет етеді тек қана оның ойы, сезімі мен ерік ынтасы бірлікте болған жағдайда. Білім мен сезімді бір-бірінен бөліп алуға болмайды.
Сендірудің нәтижелі болмағы мұғалім сөзі мен оның әрекетінің қалай болатындығына байланысты. Тәрбиешінің сөзі мен ісінің алшақтығы кешірімсіз нәрсе. Мысалы, тәрбиеші балаларға уәде берді оны орындамады және т.б. Балалар мұндай педагогтардың сөзін тыңдамайтын болады. Егер мұғалім жақсы, дұрыс сөздерді айтып, егер олар мұғалім әрекетінде көрінбесе бұдан өткен сорақылық жоқ. Мұндай мұғалімдер қоғамға үлкен зиян келтіреді.