МПЖ – шағын кӛлемді жады, бірақ ерекше шапшаң қызметті. (МПЖ-ға қатынас құру
уақыты, яғни осы жадыдан ақпаратты іздеуге, жазуға және оқуға қажетті уақыт
наносекундтармен ӛлшенеді). Ол машина жұмысының алдағы тактілерінде
есептеулерге тікелей қатысатын ақпаратты қысқа мерзімді жазуға, сақтауға және беруге
арналған.
МПЖ машинаның жоғары шапшаңдығын қамтамассыздандыру үшін қолданылады,
себебі шапшаң қызметті МП-ң тиімді жұмысы үшін қажетті ақпаратты іздеу, оқу
және жазу жылдамдығын, негізгі жады әрқашан қамтамассыздандыра алмайды.
МПЖ машиналық сӛзден кем емес разрядты шапшаң қызметті регистрлерден тұрады.
МПЖ регистірлері арнайы және жалпы қолдану регистрлері болып бӛлінеді:
Арнайы регистрлер әртүрлі адрестерді (мысалға, нұсқау адрестерін), амалдарды
орындау нәтижесінің белгілерін және ДК жұмысының режимдерін сақтау үшін
қолданылады.
Жалпы қолдану регистрлері әмбебап болып табылады және кез келген ақпаратты
сақтау үшін қолданыла алады, дегенменде олардың кейбірі бір қатар процедураларды
орындағанда міндетті түрде қарастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: