19,20 дәріс
Қосымша оқуға арналған материалдар
Арифметика-логикалық қҧрылғы
Арифметика-логикалық құрылғы (АЛУ) – символдық және сандық ақпараттармен
барлық арифметикалық және логикалық амалдарды орындауға арналған (кейбір ДК
модельдерінде амалдарды орындауды үдету үшін АЛҚ-ға қосымша математикалық
сопроцессор қосылады);
Сумматор – есептеуіш схема, оның кірісіне келетін екілік кодтарды қосу процедурасын
орындайды, сумматр екі машиналық сӛз разрядтылыққа ие.
Регистрлер әр түрлі ұзындықтағы шапшаң қызметті жады ұяшықтары: регистр 1-дің
разрядтылығы екі сӛз, ал регистр2 разрядтылығы бір сӛз.
Амалдарды орындағанда регистр1-ге, амалда қатысатын бірінші сан, ал амалды
аяқтағанда – нәтиже орналасады. Регистр2-ге амалда қатысатын екінші сан (амал
аяқталғанда онда ақпарат ӛзгермейді).
Регистр1 ақпаратты деректердің кодтық шинасынан ала алады және сол шиналармен
ақпаратты бере алады.
Басқару схемасы басқару құрылғысынан басқару сигналдарын нұсқаулардың кодтық
шинасы арқылы қабылдайды және АЛҚ-ң сумматорын және регистрлерінің жұмысын
басқару үшін оларды сигналдарға түрлендіреді.
АЛҚ тұрақты үтірлі екілік ақпаратпен, яғни бүтін екілік сандармен арифметикалық
амалдар орындайды.
Жылжымалы үтірлі екілік және кодталған-екілік ондық сандармен амалдар
математикалық сопроцессорды қатыстыру немесе арнайы құрылған программалар
арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |