3 1 7 Дөрекі қателіктерді сипаттап жазыңыз Өлшеу – адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол ғылыми бөлімдердің бірі болып саналады, материалдық рессурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, технологияны толығымен жетілдіру, өнімді автоматтандыру үшін және адам қызметінің көптеген басқа салалары үшін қызмет етеді. Өлшеу мен өлшеу техникасының теориялық негізі болып жалпы метрология жатады, ол объектінің қасиеттері мен берілген дәлділігі мен сенімділігі жөніндегі мөлшерлі ақпараттары алу үшін арналған пән болып табылады.
Өлшеу құралдары мен нәтижелерінің сапасын, қателіктерін көрсете отырып, сипаттау қажет. “Қателік” деген ұғымды енгізу мыналар сияқты үш ұғымдарды анықтау және нақты шектеуді қажет етеді:өлшенетін физикалық шаманың шын және нақты мәні мен өлшеу нәтижесі.
Физикалақ шаманың шын мәні – берілген объектінің мөлшерлі түрдегі және сапасы жағынан қасиетін бейнелейтін идеалды мәні. Ол біздің сана сезімімізге тәуелді емес, ол өзімізге сандық мәнде керекті абсолютті нақты шама болып табылады. Тәжірибеде бұл абстракталы ұғымды “нақты шама” деген ұғыммен алмастырған жөн.
Физикалық шаманың нақты мәні – бұл тәжірибеден алынған және мақсатқа сай сол бір керекті шын мәнге жақын шама болып табылады.
Өлшеу нәтижесі – өлшеу жолымен алынған шаманың шын мәнін өзінше жуықтап бағалау.
Қателік деп – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың шын мәнінен ауытқуын айтамыз.
Қателік деген ұғым “өлшеу нәтижесінің қателігі” және “өлшеу құралдарының қателігі” деген түсініктемелерден тұратын метрологияның ең маңызды мәселесі.
Өлшеу нәтижесінің қателігі – ол өлшеу нәтижесі пен өлшенетін шаманың нақты мәні арасындағы айырымы:
Өлшеу құралдарының қателіктері – ол ӨЖ көрсеткіштері мен өлшенетін физикалық шаманың айғақты немесе нақты мәндері арасындағы аралықты көрсетеді. Ол берілген құралдар арқылы жүргізілген өлшеу нәтижелерінің дәлділігін сипаттайды.
Бұл екі түсініктемелер бір-біріне едәуір жақын және бірдей белгілермен жіктеледі.
Өлшеу қателігі – анықталатын шаманың өлшенген мәнінің нақты өлшемнен айырмашылығы.
Дөрекі қателік – бұл өлшеу қатарына кіретін жеке бақылау нәтижесінде алынатын кездейсоқ қателік, ол берілген шарттарда осы қатардың басқа нәтижелерінен лезде ерекшелене алады. Олар ереже бойынша, оператордың қателігінен, яғни оның дұрыс емес әрекеттерінен (оның психофизиологиялық жағдайы, дұрыс есептемеуі, жазба немесе есептеуде кеткен қателіктер, аспаптарды дұрыс қоспауы немесе олардың жұмыс кезіндегі бөгеттер және т.б. ) пайда болады.Дөрекі қате – деп мәні ықтимал қателерден де үлкен қатені айтады. Дөрекі қателері бар нәтижелер әдетте есепке алынбайды. Дөрекі қателер көбінесе тәжірибешінің ағаттығынан (жеткіліксіз назар аударуы, аспаптың көрсеткіштерін дұрыс есептемеуі, нәтижелерді қате жазып алуы, т.с.с.) өлшем аспаптарының бұзылуынан, әсер ететін сыртқы жағдайлардың кенеттен өзгеруінен және басқа кездейсоқ факторлардың әсеріне болады.
Өлшеуіш аспаптың шкаласындағы кіші бөліктердің мәндерін дұрыс есептемеу. Мұндай жағдай әсіресе логарифмдік шкаланың бөліктерінде кездеседі, өйткені шкаланың ортасындағы кіші бөліктің мәні өзгереді. Дөрекі қателіктің құрамына кездейсоқ қателік кіреді (ΔΧкез).