Цельсий шкаласының шығу тарихын сипаттаңыз


Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруін сипаттап жазыңыз



бет7/15
Дата02.06.2023
өлшемі78,58 Kb.
#97788
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
3 1 9 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруін сипаттап жазыңыз
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді өлшем құралдарын белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау және де олардың қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.
Салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеруге қолданылатын эталондар Қазақстан Республикасының шама бірлігінің эталондарына бағынышты болуы керек.
Салыстырып тексеруге мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылатын, өндірістен немесе жөндеуден шыққан, типі бекітілгеннен кейін пайдаланылатын және шеттен әкелінетін немесе метрологиялық аттестатталған және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген өлшем құралдары кіреді.
Салыстырып тексерілетін өлшеу құралын сәйкес санаттағы эталонмен тікелей салыстыру әдісі электрлік және магниттік өлшеулер сияқты салаларда кернеуді, жиілікті және ток күшін анықтау үшін түрлі өлшеу құралдарында кеңінен пайдаланылады. Әдістің негізінде бір физикалық шаманы бір мезгілде салыстырып тексеру (калибрлеу) құралдарымен және эталондық құралдармен өлшеу жатыр. Мұнда қателік салыстырып тексерілген өлшеу құралы мен эталондық өлшеу құралының көрсеткіштерінің айырмасымен анықталады. Ал эталон көрсеткіші шаманың дәл мәні болып қабылданады. Бұл әдістің артықшылығы оның оңайлығында, көрнекілігінде, автоматты салыстырып тексеруді (калибрлеуді) пайдалану мүмкіндігінде, күрделі құрылғылардың қажетсіздігінде
Тура өлшеу әдісі өлшеудің белгілі бір шектерінде сыналатын құралды тікелей эталонмен салыстыру мүмкін болған кезде қолданылады.
Жанама өлшеу әдісі өлшенетін шаманың нақты мәнін тура өлшеулер арқылы анықтау мүмкін емес жағдайларды немесе жанама өлшеулер тура өлшеулерге қарағанда дәлірек болатын жағдайларға қолданылады. Бұл әдіс арқылы ең алдымен ізделінетін сипаттамалары емес, онымен белгілі бір тәуелділік арқылы байланысқан сипаттамалар анықталады. Мысалы, тұрақты тоқтың вольтметрін салыстырып тексеру (калибрлеу) кезінде эталондық амперметрмен тоқ күшімен бірге кедергі өлшенеді. Кернеудің есептік мәні калибрленетін вольтметр көрсеткіштерімен салыстырылады. Жанама өлшеулер әдісін автоматты салыстырып тексеру құралдарында пайдаланылады.
Өлшем бірлігі мөлшерлерінің эталоннан жұмысшы өлшем құралына дұрыс берілуін қамтамасыз ету үшін салыстырып тексеру сұлбалары жасалынады. Олар мемлекеттік эталонның, разрядты этолондық және жұмысшы өлшем құралдарының метрологиялық бағыныштылығын белгілейді.
Салыстырып тексеру схемаларын мемлекеттік және жергілікті деп бөледі. Мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын елде қолданылуға берілген түрдегі өлшеу құралдарының барлығына таралады.
Жергілікті тексеру схемалары министрліктердің метрологиялық органдарына арналған, сондай-ақ олар бағынышты кәсіпорындардың өлшеу құралдарына да таралады.
Барлық жергілікті тексеру схемалары мемлекеттік тексеру схемасы анықтаған бағыныштылық талаптарына сәйкес келуі керек.
Мемлекеттік салыстырып тексеру (калибрлеу) схемалары мемлекеттік эталондарды ұстаушы мемстандартының ғылыми-зерттеу институттары жасайды. Мемлекеттік салыстырып тексеру схемалары мемстандартымен бекітіледі, ал жергілікті- ведмостволық кәсіпорын басшылығымен келіседі.
Нақты салыстырып тексеру схемаларын жасау кезінде келтірілген схеманы негізге алу керек. Салыстырып тексеру схемаларын қатаң ұстану және разрядты эталондарды дер кезінде тексеру жұмысшы өлшеу құралдарының өлшем бірліктерінің дәл, сенімді мөлшерлерін берудің қажетті шарты болып табылады.
Тексеріске жатпайтын өлшеу құралдары қолданысқа шығарылатын кезде салыстырылып тексеріледі. Сонымен қатар жөндеуден шыққан, шет елге шығарылатын өлшеу құралдары жасап шығарушының бекіткен қолдану мерзімінде салыстырылып тексеріледі. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру жүйесі өлшеу бірліктерінің біртұтастығы мен біркелкілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. Салыстырып тексеру жүйесі өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталған және өлшеу құралдарының мөлшерін дұрыс ұйымдастыру және оның жүргізу талаптарының негізінде жұмыстар атқаратын қызметтік субъектілердің және салыстырып тексеру жұмыстарының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет