2.2.4 AJAX тілінің негіздері
Қазіргі уақытта web- жобаларды жасау күннен күнге күрделене түсуде,
осыған орай олардың іске асуы баяулауда. Және құрастырудың өзі көп
уақытты алады. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар:
1)
Шаблондар. Қазіргі кезде web-қосымшларын құруда клиенттік және
серверлік бөлімдерін бөліктеуге ұмтылады, сол себепті шаблондарды бірге
қолданады. Түрлі технологияларды бір-бірімен байланыстыра пайдалану
құрастырушының уақытын қымбатқа түсіреді. Мысалы, барлық форматау
стильдері CSS-қа немесе XSL-ға жазылады, HTML немесе XML мәліметтері
басқа бөлімдерде сақталады, серверлік өңдеулер үшіншісінде, мәліметтер
қоры тағы біреуінде. Егер 5-6 жыл бұрын аталғанның барлығы бір файлда
ұйымдастырылған болса, қазір бұл сирек кездеседі.
2)
Бұдан
да
күрделі
жобаларды
құрастыруда
кодтың
құрылымданғандығы мен оқуға ыңғайлылығы талап етіледі. Программалық
кодты беттеушінің, яғни дизайнердің кодымен араластыру қажет емес. Екі
41
маманның жұмысын бөліктеу қажеттілігі туындайды. Сол кезде жоба
сапалығы жоғарылай түседі.
3)
AJAX (Asynchronous JavaScript and XML- асинхронды JavaScript және
XML)
–
web-қосымшаларының
қолданушылар
интерфейсінің
интерактивтілігін ұйымдастыру әдісі. Ол браузер мен web- сервер арасында
«фондық» режимде мәлімет алмасуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде,
мәліметтері жаңартылған web-бет толығымен қайта жүктелмейді де, web-
қосымша жылдам және ыңғайлырақ болады. AJAX – DHTML
концепсиясының бір компоненті.
Артықшылықтары:
- трафиктің үнемдеуі. Бетті толығымен қайта жүктеудің орнына, тек
өзгерген бөлікті жүктеу web-қосымшамен жұмыс істеу кезіндегі трафикті
үнемдеуге AJAX елеулі септігін тигізуде;
- серверге түсетін жүктеме азаяды. Мысалы, Gmail-да оқылған
хаттарды белгілегенде, сервер тек мәліметтер қорына өзгертулер енгізіп,
клиенттік скриптке операция сәтті орындалғандығы туралы мәлімет
жіберіледі. Бет қайта жүктеліп клиентке берілмейді;
- Интерфейс шапшаңдығының (реакция) жылдамдауы. Тек өзгерген
бөлікті ғана жүктеу керек болғандықтан, қолданушы өзінің әрекеттерінің
нәтижесін бірден көреді.
Кемшіліктері:
- браузердің стандартты құралдарымен интегрирленуі. Динамикалық
құрылатын беттер браузер кірген беттер тізімінде көрінбейді, сол себепті
кірген беттерді қайта көруге мүмкіндік беретін «Артқа» батырмасы жұмыс
істемейді. Бірақ бұл мәселені шешетін скриптер бар. Тұрақты URL-да беттің
контенті керекті немесе ұнаған материал жаңарып отыратындықтан
сақталынбайды. Бұл мәселелерді фрагмент идентификаторын динамикалық
өзгертуі арқылы шешуге болады(#-дан кейінгі URL бөлігі);
- динамикалық жүктелетін құрылым іздеу машиналарына қол жетімсіз.
Іздеу
машиналары
JavaScript-ті
орындай
алмайды,
сондықтан
құрастырушылар сайт құрамына қол жеткізетіндей альтернативті жолдарды
ескеру керек;
- сайт
статистикасын жүргізудің ескі әдістері актуалдылығы
төмендеуде. Көптеген статистиканы қызметтері AJAX-ты қолданатын
беттерді жүрмейді;
- браузерде әрқашан JavaScript қосулы болуы міндетті.
Бұл технологиялардың пайда болуы мен дамуы ұйымдастырылған және
басқаруға ыңғайлы, икемді жүйелердің шығуына септігін тигізбей қоймады.
Бірнеше тілдерді, қызметтерді ортақ пайдаланып, дайын шаблондарға
кигізілетін сайттардың дамуы арта түсуде. Әрбір пайда болған жаңа шешім
жоғарыда айтылған технологиялар негізінде жасалады.
42
2.2.5 Content Management System (CMS) жүйесі
CMS – бұл контентті құруды, басқару мен өңдеуді ұйымдастыратын
және қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе немесе компьютерлік бағдарлама.
CMS жүйесінде екі қор бар. Біріншісінде (реляционды МҚБЖ) сайтта
көрсетілген барлық мәліметтер сақталады. Екіншісінде (файлдық жүйе)
көрсетілім элементтері – шаблондар, графикалық суреттер және т.с.с.
сақталады.
Қолданушыларға көрінетін сайттың сыртқы түрінен басқа екі арнайы
жұмыс орны ұйымдастырылған.
Бірінші жұмыс орны – сайт өңдеушісі үшін арналған. Оның көмегімен
сайт құрылымын, контент құрылымын береді, сайттың сыртқы түрін
анықтайды, ақпарат бейнелеу шаблонын жөндейді. Бұл құрал әдетте толық
автоматтандырылмайды. Сайтты жөндеу үшін өңдеушілер жиірек CMS
құралдары арқылы жұмыс жасайды, ақпарат тікелей орналастырылады.
Екінші жұмыс орны – сайт басшыларына арналған. Ол ұйым немесе
компания қызметкерлеріне өз бетінше өңдеушілер қыhзметінсіз сайтқа
ақпарат тапсыруға мүмкіндік береді. Тұтынушы менеджері тек арнайы жұмыс
орны арқылы жұмыс жасай алады.
CMS техникалық мамандар түрінде ешбір делдалсыз, ақпаратты
қамтитын, ақпаратты қызметкер жариялайды – ақпаратты оперативті
жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар CMS негізінде түрлі қызметтер –
функционалды жүзеге асырылған, яғни қажет етілген функциялар CMS-та
жүзеге асырылған және жедел қолданысқа беріледі. CMS негізінде сайт
құруды бірнеше рет тексеруден өткен дайын модульдер пайдаланылады,
сайттың сыртқы түрі статикалық сайттар жағдайына қарағанда, кішігірім
шығындармен алмасады.
CMS өңдеушілері сайт құруда ақпаратты кез келген маман жүзеге асыра
алады деген тұжырым айтса, онда арнайы визуалды өңдеу құралдарын
пайдалана отырып, кеңсе құжаттарын ақпаратты импорттауға арналған web-
интерфейс бар екені анық.
Сонымен қатар CMS – қосымшалар нарығында ең бақталастардың бірі.
Әлемде мұндай қосымшалардың бірнеше мыңға жуық түрлері бар.
Бірнеше жылда web-қорлар, контентті басқару жүйелері айтарлықтай
жетілдірілді. CMS-ты пайдалануына қарай бөлінуі:
- порталдар – жаңалықтар мен мақалаларды жариялаудың жолын
жайдақтататын ақпараттық қорлар үшін пайдаланылады. Құрамына дербес
модульді CMS типтерін құрайды. Бұл кластың ең әйгілі типтері – XOOPS,
Xnuke, Xaraya, ВебZE және т.б;
- қозғалтқыштар (SQL-сыз) - бұл CMS өңдеуде тармақтары әлсіз
дамыған, сондықтан ақпарат құжаттарын сақтау негізінде мәлімет кестесі
орнына түрлі мәселелер байланысқан. Бұл CMS-тың артықшылығы – контент
модификациясы мен тегін хостингте орналасу мүмкіндігінің бар болуы. Бұл
идеяның бірнеше тараулары бар: Cute News, Deelight CMS, Progressive,
SAPID;
43
- блог. Weblog ағылшын сөзінен тараған. Орысша термині – «желілік
күнделік» - бұл автордың жеке мақалалары орналасатын сайт. Әдетте
мақалалар ретінде сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Бұл категорияға келесі
CMS-тарды жатқызуға болады: bBlog, CMS MyPUPBlog, Nucleus, plog,
pMachineFree, WordPress;
- форумдар – бұл сайтта пікір алмасу құралы. Форумда хаттар
пошталық хаттар сияқты өз авторы мен мазмұны бар. Бірақ хат жіберу үшін
арнайы прогрмма қажет емес – жай ғана сайтта сәйкес форманы толтыру
қажет. Форумның принциптік қасиеті, онда хаттар өзара байланысқан
тредтерге (thread - жіп) біріктірілген. Форумға жауап берген жағдайда сіздің
жауабыңыз алдыңғы шығыс хатқа байланысқан болады;
- хостингтің Админ панелі. Бұл класқа Control PANEL (С-панель),
Direct Admin өнімдері жатады.
Объектілі-бағытталған мәліметтер үлгісінде негізделген жүйелер
функционалды, иекмді болып келеді, бірақ ол күрделі.
CMS-та мәліметтер қорының желілік түрі – графтар теориясына
сүйенеді: ақпарат құрылымы өзара байланысқан, белгіленген түйіндер түрінде
көрсетіледі. Жүйе фундаменті ретінде мәліметтер сипатының желілік үлгісі
көрсетілген желілік жүйесі ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі реляционды
МҚБЖ қызмет ете алады. Реляционды кестелерде түйіндер, олардың
атрибуттары және өзара байланыстары жайлы ақпарат сақталады. Атрибуттың
байланыстан айырмашылығы, атрибутта – өз мәні, ал байланыста – басқа
түйінге сілтеме сақталады. Бағытталған графтан мәліметтерді бөлу үшін
әдетте түйіндер тізімін құрау, түйіндер атрибуттарын бас атрибут түйіні
бойымен анықтау сияқты өңдеудің рекурсивті процедуралары пайдаланады.
Модульдер тәуелсіз және берілген типтің құжаттарымен жұмысына
толығымен жауап береді. Модульді CMS-жүйелерінің ортақ кемшілігі, ол –
мазмұнының модуль негізінде қатаң белгіленген құрылымды қамтуы. CMS –
бұл хостинг-аймақта орнатылатын және екі негізгі функция атқаратын
программа болып табылатындықтан, оның басты функциясы – мәліметтер
қорында сақталатын, алдын ала анықталған контентпен, дизайнмен, яғни
мәтіндермен,
суреттермен,
кестелермен
және
т.б.
материалдарды
құрылымдап, қолданушыларға сайт беттерін көрсету (2.5-сурет).
44
2.5 cурет - CMS жүйесінің жұмыс істеу принципі
Мынаны ескерген жөн, мұндай түрде сайт беттері болмайды. Жеке
шаблондар және түрлі материалдар жиыны – мәтін, суреттер, мұрағатталған
файлдар, MSOffice/PDF құжаттары және т.б. материалдарды құрайды. CMS
қолданушы сұраныс жіберген жағдайда web-бет құрастырылады. Сонымен
жағдайдан тәуелсіз, қолданушыға ешкім көрмейтін, қандай да бір уникалды
ақпарат көрсетіледі.
Тағы бір функциясы – сайт басшысына ешбір арнайы тәжірибелерсіз
сайтты басқаруға көмектесуге болады.
2.2.7 Drupal қолдану ортасы
CMS
қолданушыларын
түрлі
топтарға
жатқызуға
болады.
Қолданушылар тобы қолданушыға тиесілі құқықтарды анықтайды. Кез келген
CMS жүйесін орнатуда бір қолданушы құрылады, ол суперадминистратор
болып табылады. Оған «Admin» аты және орнату кезінде көрсетілген
парольге иеленеді.
Әрбір CMS жүйесінде қолданушылардың орнатылған тобы бар. Бұл
келесідей топтар:
- Super Administrator;
- Administrator;
- Manager;
- Auditor;
- Editor;
- Publisher.
45
Administrator тобы Super Administrator-ға қарағанда бірнеше
қысқартылған құқыққа ие. Бұл топқа жататын қолданушылар келесі
құқықтарға ие:
- Super Administrator тобының қолданушыларын қосуға және өзгертуге;
- Global Congiguration Settings – глобальді өңдеу бөліміне кіруге;
- массалы e-mail хаттарды жіберуге;
- шаблонды қосуға немесе өзгертуге;
- тілдік файлдарды қосуға/өзгертуге тыйым салынады.
Manager тобы бойынша контентті басқару үшін құрылған. Бұл топтың
қолданушылары сайттың админ панелінде тіркелуіне болады, бірақ:
- басқа қолданушыларды өзгерту;
- модульдерді орнатуға;
- компоненттерді орнатуға;
- супер
администратормен көрсетілген кейбір компоненттерге
қатынауға тыйым салынады;
- Registered тобының қолданушылары сайтқа логин пішіні көмегімен
кіре алады, сонымен қатар сайтқа құрылған қосымша ақпаратқа қатынай
алады;
- Author тобының қолданушылары өздері қосқан сайттағы контент
ақпаратты өзгерте алады;
- Editor тобы қолданушыларға кез келген қолданушымен құрылған
контент ақпаратты қосуға немесе өзгертуге мүмкіндік алады;
- Publisher тобы – кез келген контент ақпаратты жариялауға, өңдеуге
немесе қосуға мүмкіндігі бар [13].
Қазіргі заманғы сапалы CMS жүйесі келесі сипаттамаларды қамтуы
қажет:
1) Қарапайым инсталляция. CMS-тың алғашқы эксплуатация кезеңі –
орнату (инсталляция) кезеңі. Үдеріс максималды түрде құжатталған,
қарапайым болу керек – мәліметтер базасын құруды немесе конфигурациялық
құжаттарды басқарудан бастамау қажет. Бұл орнату скриптінің көмегімен
орындалатын қарапайым процедура болу керек.
2) Жылдам бастау. CMS жүйесін оны қолданушы пайдалана бастаған
сәттен максималды үйрену қажет. Орнату тапсырмалары біртіндеп
күрделенуі, қарапайым үдерістен күрделі үдеріске өтуі қажет. Сосын бірнеше
css стильдерін қосу мүмкіндігі (нұсқа ретінде – шаблонды таңдау), және жаңа
құжатты басқа сілтемелер мен web-беттермен байланыстыру керек. Әрі қарай
шолу жүйесінің орнатылуы және барлық мүмкін қызметтердің қосылуы,
функционалды блоктардың іске асуы орындалады.
3) Сапалы құжаттау. Егер CMS жүйесін орнатуда қандай да бір
қиындықтар туындаса, құжаттаманы оқыған абзал.
4) Администрациялауды бөлу және құрамын басқару.Барлық ашық
CMS жүйелері «администратор» және «қолданушы» деген түсініктерді
айырады, бірақ қолданушы құрамды басқару және администрлеу тәртібі
арасында өзгертулер енгізу үшін ауысу міндетті емес. CMS жүйелерінің 98%
46
қолданушылар – бұл өз сайтының өз жүйесін емес, құрамын басқаратын
тұлғалар. Ал қалған 2% қолданушылар үшін әлі оңтайландырылған жүйе
жасалынбаған.
5) Бірегейлігі. Кез келген сайт үшін бірден алынған контентті басқару
жүйесі сәйкес келе бермейді. Өкінішке орай барлық «қозғалтқыштар» бір
жүйелік түрде өңделген. Жүйелер тек функционалдығымен ерекшеленуі
мүмкін, алайда жиірек бір программалық пакет екіншісіне қатты ұқсауы
мүмкін.
CMS бұл жай ғана функциялар жиыны болғандықтан, оның сыртқы түрі
әр жағдайда белгілі шаблонға сәйкес өзгеруі тиіс. CMS жүйесі кез келген
шаблон түрімен, санымен жұмыс жасай білу қажет, ал бұл шаблондардың
құрылымы мүмкіндігі бойынша қатаң және шектелмеген болу қажет.
6) Қолдану икемділігі. Кеңейтілуі. CMS жүйесінің қолдану икемділігі
әр қолданушы үшін қарапайым болу қажет. Яғни универсалды өнім барлық
өзінің қызметімен бірдей жұмыс жасай білу қажет.
7) Мәліметтер құрылымы. CMS жүйесі қамтылған сайтта түрлі типті
құжаттар көрсетілуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, сайттың түрлі беттері
құрамы бойынша ғана емес, дизайн, жіне құрылымы бойынша да түрлі болуы
мүмкін.
8) Қауіпсіздігі. Мұнда SQL-injection, XSS-скриптинг бойынша
жіберілетін параметрлердің беріктілігі кіреді. Мәліметтердің резервті
көшірілуі, және қалыпқа келтірілуін жүзеге асыру мүмкіндігі міндетті түрде
бар.
Бүгінгі күні кез келген сайт авторын қанағаттандыратын 800-ден астам
модульдер мен компоненттерді табуға болады. Берілген жүйелер кішігірім
сайттарға ғана емес, корпортивті сайттар мен ақпараттық жобалар үшін өте
ыңғайлы.
Интернет желісін бизнес жүргізу құралы ретінде пайдалану web-
сайттарды құруға және интернет-сайттарды өңдеу кезінде жобаларды басқару
технологияларын қолдануға жаңа талаптарды шығарды. Осылайша, өмірге
жобаларды басқару әдістемесінің жаңа облысы – web-жобаларды басқару
келді.
2.3 Сайттың құрылымы
Бұл жобаның басты мақсаты компанияның есімхат сайтын интернет
желісіне орналастырып, пайдалану болып табылады. Интернет желісінде оны
пайдалану үшін Windows пакетіне кіретін Internet Explorer немесе басқа да
броузерлерді қолданамыз.
Web-қосымша
2 бөлімнен тұрады: навигациялық сұлба мен
администраторлық сұлба. Бұл сұлбалар 2.8-суретте және 2.9-суретте
көрсетілген.
Маркетингтік аудит – бұл сайтты маркетингтік көз қарас бойынша
зерттеу. Сайттың тиімділігі ойластырылған маркетингтік шаралар
47
қолданғанда арта түседі. Іздеу жүйелерінде сайт жaқсы орналасқанмен, ол
тиімді және бизнесте қойылған мәселелерді 100% шешеді деген сөз емес.
Әрине, іздеу оңтайлылығы, дәстүрлі және контекстті интернет- жарнама
сайтқа кірушілер санын ұлғайтуға көмектеседі, сәйкесінше клиенттер саны
өседі деген сөз. Дегенмен, бар виртуалды кірушілер санынан, қандай да бір
тәсілмен клиенттер санын көбейтуге бола ма? Әрине болады.
Ол үшін сайттың маркетингтік аудитін жүргізу керек, өз кезегінде ол
сайттың жұмыс істеу тиімділігін қалай арттыру керек екеніне жауап береді.
Ағымдағы техникалық және маркетингтік қателер анықталып, шешу әдістері
ұсынылады.
2.8 сурет - Әкімшілік басқару сұлбасы
Навигациялық сұлбада қолданушының компания сайтының қандай
бөлімдеріне кіре алуы сипатталған. Ал администраторлық сұлбада сайт
администраторы мен иесі сайттың қандай бөлімдерін өзгерте алатынын
көрсетеді.
Әкімшілік басқару сұлбасында администратордың толық құқығы мен
барлық мүмкіншіліктері сипатталған. Әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ,
администратор жүйеге өзінің логині мен құпия сөзін енгізу арқылы кіреді. Өзі
жайлы мәліметтерді және құпия сөзін өзгерте алады. Сонымен қатар сайттың
басқа тіркелушілерінің жеке мәліметтеріне қолы жетімді. Оларды сайт
Админист
рация
Каталогпен жұмыс
істеу
Жаңа полис түрін қосу
Жаңа каталогты қосу
Каталогты түзету
Каталогты өшіру
Акцияларды өңдеу
Жазбаны өшіру
Акциямен жұмыс
Қонақ кітапшасымен
жұмыс істеу
Сатып алушылар туралы
мәліметтер
Тауар мен жұмыс істеу
Администратор поролін
өзгерту
Полисті түзету
Полисті жою
48
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тіркелушілерді белсенді немесе
әрекетсіз ете алады. Әр қолданушымен байланыс орнатып, басқара алады.
Келесі мүмкіндіктерінің бірі «тауармен толық жұмыс істеу»
қабілеттілігі. Ондағы жаңа полистің түрін қосу, оны толық сипаттау, әр
жағдайға анықтама беру. Сақтандыру суммасына және ұшыраған оқиғаға
байланысты қорытынды ақша көлемін есептеу схемасы. Полисті түзету, яғни
полистің сипаттамасын, ондағы суреттерді, полистің құнын өзгертіп, нарық
ағымына сәйкес жаңартып отырады. Сонымен қатар полисті жою
мүмкіншілігі бар. Яғни ол уақытша полисті әрекетсіз ету немесе толығымен
жоя алады.
2.9 сурет - Қолданушы сұлба
«Каталогпен жұмыс». Яғни администратор интернет сақтандыру
жүйесінің негізі болып табылатын каталогты жүйеге келтіріп, өзгертіп, полис
түрінде ұсынады. Бұл дегеніміз программисттің мүмкіншіліктерінің бір
бөлігіне ие деген сөзді білдіреді. Оны түзету, жөндеу жүйенің
артықшылықтары мен ерекше мүмкіндіктерін қолдану арқылы іске
асырылады.
«Сатып алушылар туралы мәліметтер» бөліміне келетін болсақ, яғни
тұтынушы өзіне қажетті полисті таңдағаннан кейін өзі жайлы енгізілген бүкіл
мәліметтер мен қажетті адрестер және де төленген ақшаның жету жайлы
ақпаратын көріп, өңдей алады.
Қолданушы
Дүкен туралы
мәлімет
Іздеу
Акциялар
Прайс лист
Қонақ
кітапшасы
Полиске
тапсырыс
Каталог
Интернет
Операциялық жүйе
Мәліметтер базасы
Полис өнімдері
Полисі
Тапсырысты әзірлеу
49
«Қонақ кітапшасымен жұмыс» істеудің негізгі мәні қонақтардың веб
сайтта болған толық уақыты мен істеген іс-әрекеттерін тану болып табылады.
Осыған қарап тұтынушылардың қызығушылығын анықтауға болады.
Интернет бизнес дәстүрлі бизнес секілді маркетингтік іс-әрекеттер,
амалдар болады. Солардың бірі әр мезгілде түрлі «акциялар» ұйымдастыру.
Акцияларды құруға, өзгертуге, уақытпен шектеуге және тағы басқа амалдарға
қол жетімді. Ол акцияға қатысушы тұтынушының саны, қаржы көлемі және
уақытын басқарып отырады.
Ал енді «сатып алушылар туралы мәліметті басқаруға» келетін болсақ
ол полисті толтырған кездегі мәліметтерге, ақша төлеу түріне, банктық есеп
номеріне және полис түріне толығымен қол жетімді. Тұтынушыны полиспен
қамтамасыз еткенге дейінгі және қамтамасыз еткеннен кейінгі статустарға
толық жауапты. «Өңделуде» , «Қайтарылды», «Полис жеткізілді» статустары
қойылады.
Тұтынушы ең алдымен жеке компьютер, ұялы телефон немесе жеке
қалта компьютерін қолдану арқылы веб-сайтқа кіреді. Ең алдымен өзіне
қажетті полис түрін таңдайды. Оның ішінде өзіне тиімді нұсқасын көрсетеді.
Сипаттамалары мен міндеттемелерімен толық танысып, көңілі толса тапсырыс
береді. «Тапсырыс беру» кезінде ең алдымен өзі күнделікті қолданатын
электронды адресін енгізеді, келесі кезекте өзі жайында толық мәлімет
байланыс номерлері және де сақтандыру құнын енгізеді. Тапсырыстың соңғы
кезеңінде төлеу тәсілін таңдау арқылы сақтандыру құнын біледі.
Сенімділік болу мақсатында «компания жайлы толық мәлімет» ала
алады. Онда компанияның тарихы, байланыс номерлері, картадағы орны
бейнеленген. Тұтынушыға қолайлы болу мақсатында іздеу компоненті
қосылған. Акциялармен толық танысып, тапсырыс әзірлеуге мүмкіндігі бар.
Бұл интернет жүйесінде қонақ ретінде кірген тұтынушы сайтқа тікелей
тіркелуге немесе тапсырыс әзірлеу барысында жүйеде автомтты түрде
тіркеліне алады. Тіркелу жайлы жалпы мәлімет қолданушының жеке
электрондық почтасына жіберіледі. Тіркелінген немесе қонақ күйдегі
тұтынушыларға ерекше жасырын болған бөлімдері жоқ. Түсінбеген
мәліметтерді толық білу үшін менеджерлер бөліміне қоңырау шалып немесе
«сұрақ-жауап бөліміндегі» форманы толтыру арқылы сұрақ қоюға болады.
Егер тұтынушы өзіне қолайсыз сәтте мысалы, жұмыс орнында жүйеге кіріп,
мәліметтермен толық танысып түсінбеген жағдайда «кері қоңырау шалу»
батырмасы арқылы тапсырыс бере алады. Осылайша біз өз интернет
тұтынушыларымызға қолайлы түрде дизайн және әр компоненттерін ыңғайлы
орындарға қойдық.
Локалді компьютерде интернет сақтандыру сайтын пайдалану үшін кез
келген броузер (Microsoft - Internet Explorer ver 5.0 корпорациясының
броузерінің болуы ұсынылады) және Web-сервер (Apache ұсынылады) болуы
қажет. Ол Windows XP дистрибутивіне кіреді. Windows 95 дистрибутивіне, осы
интернет сақтандыру сайтын пайдалану мақсатына келмейтін, Internet Explorer
3.0 версиясы кіреді.
50
Компьютердің техникалық мәліметтері маңызды атрибуттар болып
табылады. Осы интернет дүкенін пайдалануға қарастырылған ең төменгі талап,
800x600/CDRom/ аз емес рұқсатымен Р 100/ram32 Mb/video 1 Mb/ SVGA
монитор болып табылады. Міндетті параметрлер – бағдарламалық қамтамасыз
етудің болуы. Internet Explorer 4.0 версиядан төмен емес.
Web - торапты қосу үшін локалдық сервер Denwer ді іске қосу қажет.
Web-броузерді (IE) қосыңыз және адрестік жолға http://localhost/denwer.kz
жазыңыз.
|