21
1.6 Есептің қойылымы
Дипломдық
жұмыстың
мақсаты
сақтандыру
компаниясының
қызметтерін on-line режімде қолдануға мүмкіндік беретін web сайтты құру
болып табылады.
Құрылатын сайт арқылы қолданушылар өздеріне қажетті сақтандыру
полистеріне тапсырыс беруге, компанияның қызметтерімен және олардың
бағаларымен танысып, қажетті жұмыстарды есептегіш арқылы on-line
режімде есептеуге мүмкіндіктері болуы керек.
Дипломдық жұмыстың нәтижесінде келесі негізгі тапсырмалар
орындалуы қажет:
web-қосымшаның құрылымын құру;
программалау тілін таңдау;
мәліметтер қорын таңдау;
тиімді және түсінікті программалық интерфейсті құру;
клиенттердің тіркелуін ұйымдастыру;
сайт бойынша іздеу жүйесін ұйымдастыру;
жобаның экономикалық тиімділігін анықтау;
еңбек қауіпсіздігін талдау.
Web-қосымшаны құру барысында JavaScript,РНР тілі және MySQL
деректер қоры қолданылады және СMS жүйе ретінде Drupal таңдалды.
22
2 «G&N Garant» сақтандыру компаниясының web cайтын құру
2.1 Сайтты құрудың кезеңдері
Кез келген өнім сияқты web-сайттың өзінің өмірлік циклының кезеңдері
болады (2.1 - сурет).
2.1 cурет - Web-сайттың өмірлік циклының кезеңдері
Жобалау мақсаты мен міндеттері. Компания жауапкершілігі шектеулі
серіктестік ретінде 2010 жылы ұйымдастырылған. Компанияның толық аты –
«G&N Garant» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. «G&N Garant» ЖШС ҚР
Конституциясына сай құрылған. «G&N Garant» ЖШС негізгі мақсаты пайда
табу мақсатында сақтандыру қызметін ұсыну болып табылады. Серіктестіктің
I. Жобалау мақсаты мен
міндеттері
II. Сайтты құру
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау;
2. Мақсатқа жету критерийлерін анықтау;
3. Мақсатты пайдаланушылар сегментін
анықтау;
1.
Жобаның архитектурасы мен дизайнын жасау;
2.
Технологиялық негізін құру;
3.
Контентпен толтыру;
4.
Дайын шешімдерді тестілеу;
5.
Хостингтік платформаға көшіру;
6.
Жобаны жүзеге асыру.
1.
Іздеу жұйелеріне тіркеу және оңтайландыру;
2.
Web-қорлар каталогтарында тіркеу;
3.
Тематикалық қорларда кәсіпорын және сайт
туралы ақпаратты орналастыру;
4.
Іздеу жарнамасы;
5.
Баннерлік жарнама;
6.
Рейтингтік жүйелерде тіркеу.
III. Сайтты жылжыту
IV. Сайттың қызмет
көрсетуі
1.
Актуалдылығы және дамуы;
2.
Іздеу машиналарына оңтайландыру;
3.
Ендіру жұмыстары.
V. Сайттың жұмыс істеу
тиімділігі
1.
Экономикалық тиімділік;
2.
Компанияның бизнес жобаларының сайтпен
интегрирленуі;
3.
Сайт жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі.
—
23
ағымдағы қызметін басқару жалғыз атқарушы органмен жүзеге асырылады,
яғни Серіктестіктің бас директоры Ержанова Раушан Зейнуллаевнамен
жүзеге асырылады. «G&N Garant» ЖШС 2010 жылдың 24 қазанында
тіркелген. Компания көлік түрлерін, мүлік, денсаулық, кепілдіктерді, қаржы
шығындарын сақтандыруды ұсынады.
Серіктестік принциптері. Серіктестік қызметін ҚР қолданыстағы
заңына сүйене отырып жүзеге асырады. Компания жұмысының негізі болып
келесілер табылады: адамгершілік нормаларын ұстану және жақсы бизнес-
репутацияны қолдау.
-
кәсіпқойлық және біліктілік;
-
құпиялылықты сақтау;
-
тапсырыс берушінің мүддесін қорғау;
-
әр клиентке жеке дара тіл табу.
Компания қызметтері:
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
- тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен
денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- Жеке нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
- туроператордың және турагенттердің азаматтық құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- экологиялық сақтандыру.
Сайтты құру бірнеше кезеңдерді қамтиды:
1)
Бастапқы кезең. Бастапқы кезеңнің мақсаты – жобаның дизайны мен
технологиялық негізінің талаптарын анықтау, сонымен қатар ресурстың
мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, жобаны құрастырудың жоспарын
бекіту. Жобаның графикалық безендірудің талаптарын қамтитын «дизайнның
брифі» құрастырылады.
2)
Жобаның дизайны мен архитектурасын жасау. Сайттың дизайнымен
байланысты жұмыс келесі кезеңдерді қарастырады:
-
пайдаланушы интерфейсіне қойылатын талаптар анализі;
-
материалдардың интуитивті түрде түсінікті ұйымдастырылуы мен
ойластырылған өтулер;
-
дизайн
концепциясының
құрастырылуы.
Жобаның
барлық
функционалдық мүмкіншіліктерін жақсы жағынан ұсынып, мақсатты
аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу;
-
дизайнды бекіту. Жобаның бастапқы дизайн концепциясына қажетті
өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу.
24
Тапсырыс берушінің қойған негізгі талаптары келесідей:
a)
сайттың бірінші бетінде компания жайлы слайд болуы;
b)
сайтта іскерлік әдеп сезілуі;
c)
сайттағы тустердің кара және сұр тустері болғаны;
d)
жоғарғы горизонталь және сол жақ вертикаль мәзірлердің болуы.
3)
Технологиялық негізін жасау; Технологиялық негіздеме мен
бекітілген дизайн концепциясы бойынша мәліметтер қорының оңтайлы
құрылымы жасалады. Сондай-ақ сайт бөлімдерінің шаблондары мен
интерактивті сервистері бапталып өңделеді.
Сайттың қызмет көрсету функциялары мен материалдарын компания
қызметкерлеріне оперативті түрде өзгертуге мүмкіндік беретін сайттың
әкімшілік жүйесінің интерфейсі мен механизмдерін құрастыру жұмыстары
жүргізіледі.
Аталған кезеңде графикалық және мәтіндік материалдарды енгізуге
болатын сайттың жұмыс нұсқасы жасалады.
4)
Контентпен толтыру;
Бұл кезеңде сайттың мәліметтер қоры контентпен толтырылады. Тиісті
шаблондар мен механизмдер құрастырылғаннан кейін барлық мәтіндер,
файлдар және қажетті көрсетілімдер енгізіліп немесе әкімшілік интерфейс
арқылы мәліметтер қорына көшіріліп сайтта жарияланады.
5)
Дайын шешімді тестілеу;
Жүйені интегрирлеу мен интернет өкілеттіліктің құралдырының
баптаулары аяқталған соң тестілеуге ұсынылады.
6)
Құралдарды баптау және хостингтік платформаға көшіру;
Мұнда провайдерді таңдау, хостингті алу, домендік атты таңдау және
сайтты интернетке жүктеу әрекеттері жүргізіледі.
7)
Жобаны іске асыру; Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін сайтты
тестілеп, жобаны қолдау бойынша мамандардың нұсқауларынан өткеннен
кейін сайт оның кірушілеріне ашылады.
2.2
Сайтты құру құралдары
Интернеттің дамуына орай жасалынған web-беттердің бет-бейнесі
өзгере түсуде. Бастапқыда HTML беттер тек белгілі бір ақпаратты бере отыра,
ешқандай қосымша қызметтерді атқармайтын. Бірте-бірте сұраныстар
күрделене түсті, енді сайтты құруда тек HTML тілін білу жеткіліксіз. Түрлі
технологиялар икемді сайт жасауға ықпалын тигізеді. Қазіргі заманауи
сайттарды құру үшін: HTML, CSS, JavaScript (немесе VBScript), Flash, PHP
(немесе Perl) және MySQL реляциялық мәліметтер қоры пайдаланылады.
Технологиялардың қолданысқа енуіне байланысты web-сайттардың оңтайлы
өзгеруін байқауға болады (2.2-сурет).
25
2.2 cурет - Web-технологиялардың қолданысқа енуі
Клиенттік орта (браузер, мысалы Opera) бағдарламаның сыртқы келбеті
(бір бөлігі) болады. Осы ортада HTML беттер мен қызмет көрсету сеанстары,
ағымдағы сессиялар көрсетіледі. Бетте орналасқан нысандар терезелерді,
оқиғаларды және HTML беттерін (манипуляциялауға) басқаруға мүмкіндігі
болуы міндетті. Ол үшін JavaScript клиенттік тілі керек.
Сервермен жұмыс істеуде PHP тілі (немесе Perl) және MySQL
мәліметтер қоры қажет.
HTML. HTML- бұл бағдарламалау да, құжаттарды басқару тілі де емес.
Бұл ең алдымен гипермәтінді белгілеу тілі. Оның басты мақсаты- мәтінді
орналастыру, құрылымын тегтер арқылы сипаттау: параграф, цитата, тізім,
бөлім.
HTML тілінде көптеген құрамдас элементтері бар. Олар құжатты кез
келген қалау бойынша безендіруге көмектеседі. Браузердің үнсіздік кейпіндегі
қаріп стильдерінің көрінісі ұнамаса, қосымша тегтер арқылы оңай өзгертуге
болады. Егер бұл да көңілден шықпаса CSS стильдер кестесін пайдалануға
болады.
XHTML. XHTML тілі XML және HTML тілдерінің қоспасы, біртіндеп
HTML-ды ығыстырып келеді.
CSS. CSS (Cascading Style Sheets) – каскадты стильдер кестесінің тілі. Ол
web-беттердің мүмкіндіктерін арттыру үшін құрастырылған.
Web - құрастырушыларға беттің сырт келбетін жақсартуға мүмкіндік
береді (қаріптер, түстер, шегіністер, орналасуы, т.б.). CSS құжаттың негізгі
ішкі құрылымын (мысалы, HTML тілінде жазылған) және оны безендіруінен
(CSS-те жазылғанынан) айыру үшін жасалған. Мұндай әрекет құжаттың
сырты көрінісі мен қайталанатын элементтерін безендіруге септігін тигізеді.
HTML мен CSS-ті пайдаланғанда келесілерді ескеру қажет:
26
- HTML-код мәтінді логикалық тұрғыда жазады, яғни web-беттің
құрылымын береді: абзацтардың, графикалық суреттердің, жолдар мен
ұяшықтардың орналасуы мен кезегі;
- CSS стильдер кестесі мәтіндерді физикалық тұрғыда орналастырады,
яғни web-беттің көрінісін береді: абзац мәтәндері қандай қаріппен
терілетіндігі, атаулары қандай түспен көрінетіндігі, кестелердің қалыңдығын
және т.б.
Сонымен қатар, стильдерімен толтырылмаған HTML бет оқылуға
ыңғайлы. Себебі, HTML бетте бір уақытта web-беттерді (форматтаудың)
өңдеудің логикалық және физикалық тегтері болады. Қаріпті қоюл+0атып
ерекшелейтін және тегтері, сонымен қатар курсивті және
тегтері бар. Бірақ және физикалық өңдеу тегтері мәтінді тек
ерекшелеп қояды (сондықтан олар ескірген және қолданылмайтын тегтер
қатарына жатқызылады), ал және логикалық өңдеу тегтері тек
ерекшелеп қана қоймай, мәтінге маңыздылық дәрежесін береді. Егер web-
бетті мүмкіндігі шектеулі адамдар арнайы браузер арқылы оған дауыстап
оқып берсе, және тегтер арасындағы сөздерге өзге интонация
беріледі.
Flash. Flash бір уақытта бағдарлама (Flash, Adobe Inc.) және файлдық
формат
(.swf
кеңейтілімде).Adobe
Flash-
Adobe
компаниясының
мультимедиялық платформасы. Ол мультимедиялық презентацияларды,
web
-
беттерді, жарнамалық баннерлерді, анимациялық ойындарды,
web
- беттерде
водео және аудио жазбаларды ойнауда қолданылады. Adobe Flash векторлы,
растрлы және үш өлшемді графикалық суреттермен жұмыс жасайды.
Компиляцияланған flash файлдар .swf кеңейтілімімен сақталады. Flash
файлында видеороликтер .flv кеңейтілімінде болады да, ал swf роликтер тек
контейнер рөлін атқарады. Файлдық жұмыс форматы .fla кеңейтіліміне сәйкес
келеді.
Flash ерекшеліктері:
- платформалық тәуелсіздік, яғни flash арқылы құрылған сайттар түрлі
операциялық жүйелер мен браузерлерде бірдей көрінеді;
- үлестірілген және дизайнерлерге үлкен көлемді құралдардың берілуі;
- дұрыс жасалынған flash сайттар аз орын алып, тез жүктеледі;
Flash кемшіліктері:
- интернет
пайдаланушылардың flash ойнатқыштарын жаңарту
ниеттерінің болмауы, сол себепті жаңа flash модульдері жұмыс істемейді;
- интерфейсі мен стандартталуының қиындығы;
-ұзақ жүктелуі – графикалық объектілердің көлемді болуына
байланысты.
Flash және DHTML. Web-сайт дизайнерлеріне Flash және DHTML
арасында таңдау көп жағдайда туындайды. Егер DHTML интерактивтілікті
HTML, CSS және JavaScript құралдары арқылы жүргізсе, Flash технологиясы
HTML бетіне ендірілген жеке Internet- технологиясы болып келетін нысан.
27
Таңдау мәселесі тұрса, сайтта қандай ақпарат орналасатындығын
анықтап алу міндетті:
- мультимедия элементтері көп қолданылса, дұрысы- Flash;
- көлемді мәтіндерді қамтитын сайтқа DHTML немесе HTML
қолданылған жөн. Өзінің жетістіктеріне қарамастан Flash HTML беттерді
ығыстыра алмайды.
Интернеттегі бағдарламалау тілдері. Web- сайтты құрастыруда
қолданылатын программалау тілдерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
Біріншісіне, сайтқа кірушінің компьютерінде, браузерінде, орындалатын
код жатқызылады. Бұлар бәріне таныс JavaScript, VBScrpt, Java-апплеттері.
Осы тілдерде жазылған бағдарламалар, web-беттің кодына ендіріледі, немесе
бөлек файлға жазылып web-беттен шақырылады.
Екінші топқа, web-сервер орналасқан компьютерде орындалатын
бағдарламалар жатқызылады. Бұл топқа PHP жатады, және басқа тілдерге
қарағанда өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тілде бағдарламаны
құра отырып C++ немесе Perl тілдеріндегі сияқты файл сценарийлеріне
қатынау құқығы туралы, түрлі модульдерге қатынау жолдарын көрсету және
т.б. әрекеттерді ескермеуге болады. PHP бағдарламасын тестілеу үшін хостинг
провайдерде орнатылған операциондық жүйені орнату қажет емес. Сәйкес
web-серверді жүктеп PHP модулін қосса жеткілікті.
Құпиялылығы. JavaScript және VBScript скриптері web-бетке тікелей
орналастырылады да көру кезінде беттің кодында қарап шығуға болады.
Қандай да бір скриптің коды ашық жазылады. Ешқандай құпиялылығы,
қауіпсіздігі не авторлық құқық сақталынбайды, кез келгені алып өз ыңғайына
өзгерте береді. Perl-да жазылған бағдарламалар жеке файлдар түрінде SSI
директивалар, IFRAME және IMG тегтері арқылы шақырылады.
2.2.1 JavaScript негіздері
JavaScript тілінің танымалдылығы web- бет элементтерін бір-бірімен
байланысу және қайта жүктеудің кең мүмкіндіктеріне байланысты. Дизайн
бөліктерін көрсетуге, жасыруға, көшіруге және безендіруге көмектеседі.
Осындай
әрекеттер
презентациялық
эффектілерді
жасауға,
форма
мәліметтерін өңдеуге және құрамын басқаруға септігін тигізеді.
- қабаттарды қолдау. Бірінің үстіне бірін орналастыруға болатын
HTML бөліктері (пиксельге дейінгі дәлдікпен) ;
- пішіндермен жұмыс. Кез келген мәліметтерді скрипттер арқылы
өңдеу ыңғайлы, ол ақпаратты серверге жіберу алдында дұрысытығына
тексереді. Егер мәтіндік алаңға қандай да бір санды енгізуін сұраса, әріптік
символдардың енгізілу мүмкіндігін ескеру қажет;
- суреттермен жұмыс. Скриптер арқылы суреттің алдын ала жүктелуін
жасауға болады. Суреттерді тікелей көру алдында браузер өзінің жадысында
сақтайды да, қажет болған жағдайда жылдамырақ бейнелейді. Ені, биіктігі,
графикалық файлдың адресі сияқты суреттің негізгі параметрлерін
динамикалық өзгертуге болады. Ол тінтуірдің әрекетіне байланысты жауап
28
береді, ерекшелегенде сурет өлшемі өзгереді. Ұқсас әдіспен суреттер
галереясы жасалады- суреттің өзгеруі бір бет шекарасында жүргізіледі;
- уақыт пен күнді айқындау. Көптеген дизайнерлер өз жобаларында
ағымдағы күн мен уақытты көп қолданады. Арнайы күнмен жұмыс істеуге
арналған Date объектісі пайдаланылады;
- Cookies файлдарымен жұмыс. JavaScript cookie файлдарымен толық
жұмысты қамтамасыз етеді. Cookie- техникалық ақпарат сақталатын локальды
компьютердегі мәтіндік файл. Бұл файлды оқырманның соңғы кіру күнін,
парольдерді, сонымен қатар сайттағы басқа да әрекеттері туралы ақпарат
сақталады. Аталған әрекет сайтты жекешелеп кірушілерге ыңғайлы етіп
жасайды;
- оқиғаларды бақылау. Оқиға ретінде пайдаланушының белгілі бір
әрекеті немесе құжат күйінің өзгеруі айтылады. JavaScript көптеген
оқиғаларды бақылап отырады да оған жасалған әрекеттерді анықтауға
мүмкіндік береді. Мысалы, web-бетті жүктегенде onLoad оқиғасы жүреді.
Егер скриптті құжат жүктелгеннен кейін жүзеге асуы керек болса, онда осы
оқиға басталғандағы болатын функцияны анықтау қажет;
- жаңа терезелерді құру. Скриптер жаңа терезелерді құруға, оларға
сыртқы пішінін және ішкі құрамын өңдеуге мүмкіндік береді. Жасалған
терезелердің адрестік жолын алып тастауға, айналдыру жолағын жасыруға
және экранда орналасу орнын беруге болады;
- браузерді тексеру. Түрлі браузерлерде объектілік модельдерді
бейнелеу стандартталмаған, соңына дейін барлығы қолдамайды. Сол себепті
универсалды құжатты жасау үшін, ағымдағы уақытта қандай браузер
қолданыста екендігіне байланысты сәйкес кодты беру керек;
- математикалық функциялар. JavaScript қажетті арифметикалық
операцияларды қамтиды, барлық стандартты математикалық функцияларды,
бүтін мен үтірі жылжымалы сандарды, қолдайды;
- құжат құрамын басқару. Write() әдісімен кез келген ақпаратты
жасалған құжатқа ендіруге болады, мысалы, бүгінгі күнді. Жаңа құжатты
динамикалық құрастыруға болады. Бұл түрлі браузерлердің, операциялық
жүйелердің ерекшеліктерін ескере, жеке мәтіндерді шығаруға мүмкіндік
береді.
Әрине, мұнда JavaScript тілінің барлық мүмкіншіліктері жазылмаған.
Дегенмен, айтылған мысалдардан web-беттің мүмкіндіктерін арттыратын
универсалды және ыңғайлы құрал екендігін көруге болады [10].
Орыс тілінде екі түрлі жазылуы қарастырылған – «Джава» және «Ява».
Java тiлiндегi программа байт код өңделетiн бағдарламамен (JVM) Java
виртуалдық машина атқарылатын байтқа хабарландырлайды және жабдыққа
беретiн нұсқау бұл интерпретатор. Орындау тәсiлiн ұқсас қадiр-қасиет байт
толық тәуелсiздiктi болып көрiнедi. Басқару жүйесiнен код және Java-
қосымша үшiн тиiстi виртуалдық машинада болған кез-келген құрылғыда
орындауға рұқсат берген жабдық. Java технологиясының басқа маңызды
ерекшелiгi қауiпсiздiк икемдi жүйе бағдарламаның орындауы, виртуалдық
29
машина толық бақылау арқасында болып көрiнедi. Мысалы, мәлiметтерлерге
рұқсат етiлмеген қол жеткiзудi әрекет бағдарламаның орнатылған
өкiлеттiктерiн асқан кез-келген операциялар немесе басқа компьютермен
қосылуын үзуге шақырады.
Java платформасының классификациясы:
Java SE (Java Standart Edition) негiзгi шығару, компиляторлар, API, Java
Runtime Environment бірнеше рет қолданбалы қосымшалардың жасауын
сақтайды;
- Java EE (Enterprise Edition) кәсiпорынның деңгейiн бағдарламалық
қамтамасыз етудiң жасауы үшiн спецификациялардың теруi болады;
- Java ME (Java Micro Edition) есептеуiш қуат бойымен шектелген
құрылғыларды пайдалану үшiн құрылған, мысалы, жылжымалы телефондар,
кiрiктiрме жүйелерде;
- JavaFX табиғи даму Java келесi қадам болып көрiнетiн технология бұл
Rich Client Platform корпоративтiк және бизнес қосымшалардың графикалық
интерфейстердiң жасауы үшiн арналған.
Java
және Microsoft. Microsoft компаниясымен өзіндік JVM
реализациясы жарыққа шыққан болатын. MSJVM Sun Java қарағанда
ерекшеліктері болды, әр түрлi тұғырлардың арасындағы тасымалданғыштық
программ көпшiлiгiнде бөлінетiн негiзiн қалайтын тұжырымдамалары:
- алшақ әдiстердi шақырудың программалық интерфейсi қолдаудың
жоқтығы (RMI);
- технология қолдаудың жоқтығы JNI;
- қалыпсыз кеңейтулердiң бар болуы, Java және DCOM ықпалдасу
Windows жұмыс iстейтiн ғана тұғырларында.
shootout.alioth.debian.org сайтының тұжырымдамасы бойынша, Java
C/C++ қарағанда жетi әр түрлi тапсырмалар үшiн орындау уақыты орташа бiр
жарым-екi есе көбiрек құрайды, ал кейде Java басқа мағнада тезiрек, кейде 7
есе ақырынырақ. Google компаниясының жүргізілген зерттеулері бойынша,
C++ тiлiндегi программалармен салыстыруда Java тестiлiк мысалдарында
естiң тұтынуы көбiрек. Қосымшалардың әзiрлеуiн Eclipse ортасында хабар
плагин бұл ретте қолдана
Android Development Tools немесе
IntelliJ IDEA
мүмкiн.
JDK версиясы 5.0 және одан жоғары болуы керек.
Кейбір платформалар Java үшін аппаратты қолдауды ұсынады. Мысалы,
JVM бағдарламасының орнына Java кодын оырдайтын микроконтроллерлер.
JavaScript тілінің және jQuery кітапханасының сипаттамасы
JavaScript – HTML беттiң белсендi сценарилердің жазуы үшiн арналған.
JavaScript тiлі Java тiлге ешқандай да қатынасы болмайды. Java SUN
фирмасымен өңделген. JavaScript
Netscape Communication Corporation
фирмасымен. Бастапқы атауы
LiveScript.
Коммерциялық пiкiрлердi Java тiлдiң бүкiләлемдiк атақ жеңiп алуынан
кейiн LiveScript атын JavaScript деп өзгерттi. JavaScript автономды
қосымшалардың жасауы үшiн арналмаған. JavaScript тiлiндегi программа
HTML-құжат түпнұсқада тiкелей iшiне орнатады және бұл құжатты жүктеудiң
30
өлшемi бойымен браузерлер түсiндiредi. JavaScript көмегiмен жүктелетiн
HTML-құжат мәтiнiн өзгертуге болады, динамикалық және оқиғада құжат
күйiнiң өзгерiстерiмен немесе терезеге келушi әрекеттерге қатысты.
JavaScript маңызды ерекшелiгі - объектiнiң хабарланғандығы. Құжаттар,
гиперсiлтеме, пiшiн, фрейм мұндай сияқтыларды бағдарламалайды. Объект
(қасиеттермен) ақпараттарымен бейнеленеді және мүмкiн әрекеттермен
сипаттамалады. JavaScript сценариі HTML ішінде
Достарыңызбен бөлісу: |