Ч а с т ь I v молодой ученый


Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әді-



Pdf көрінісі
бет102/144
Дата21.01.2022
өлшемі4,85 Mb.
#24164
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әді-

стері:

Біріншіден, жаңа материалды түсіндіргенде немесе 

жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда ани-

мациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графи-

калық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған 

дұрыс.

Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымда-

стырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық мате-

риалдары пайдалы болуы мүмкін.

Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, 

ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда 

бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік те-

стіленуі.



Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану 

арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топта-

стыруға мүмкіндік беретін әдіс.

Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды 

орындау кезінде. Мұндай ЦБР — дың артықшылығы қол-

дануы өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан 

тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмасты-

руға мүмкіндік береді.

Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пән-

дері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды 

жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады.

Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өз-

деріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материал-

дармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік 

тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан 

оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. [6]

Қорытынды

Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, 

бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни 

сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық техно-

логиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен 

толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу 

тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушы-

лардың назарын зерделенген көріністердің ерекшелік-

теріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, са-

бақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, 

өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қы-

зығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланы-

стыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер:

1.  Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дай-

ындау стандарты (www.nci.kz)

2.  АҚ «Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық орталығы» (www.nci.kz)

3.  Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық 

институт (www.ripkso.kz)

4.  Роберт И. В. Теория и методика информатизации образования (психолого-педагогический и технологический 

аспекты). 3-е изд., доп. — М.: ИИО РАО, 2010. — 356 с.

5.  Савелова  Е.  В.  Цифровые образовательные ресурсы в  школе: методика использования. Обществознание. 

Сборник учебно-методических материалов для педагогических вузов. — М.: Университетская книг, 2008. — 224 с.

6.  Қадірбаева Р.І. Жаңа ақпараттық-білім технологиясын пайдаланып оқытудың ерекшеліктері //Шығармашылық 

іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері: Халықаралық ғылы-

ми-тәжірибелік конференцияның материалдары. — Шымкент-Москва, 2009. — Т. ІІІ. — Б. 174–178.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет