296
«Молодой учёный» . № 14 (304) . Апрель 2020 г.
296
Молодой ученый Қазақстан
түсіне білуі керек. «Өте жақсы» бағасын тек тапсырма-
ларды толық орындайтын, үнемі белсенділік танытып,
ізденіс үстінде жүретін оқушыларға қойылса, «жақсы»
бағасын сәл қателіктер жіберген оқушыларға, ал «орташа»
бағасын жай қабылдайтын, қателіктері көп оқушыға қой-
ылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бой-
ынша бағалау үрдісін ұйымдастыру барысында оқушы-
лардың оқу танымдық қызметінің төмендегідей психо-
логиялық және педагогикалық ерекшеліктері ескерілуі
керек:
—
өз бетінше білімін, біліктілігін, дағдыларын жетіл-
діруге және жаңа белестерге ұмтылуға дайын болуы керек;
—
өз жетістіктерін нақты бағалай алуы керек;
—
өзінің алдына қойған міндеттерін білуі керек;
—
оқу және өз бетінше дайындалу сабақтарының ба-
рысында оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы;
—
сыныптағы жолдастарымен жақсы қарым-қаты-
наста болуы;
—
сыныптастарының алған бағаларына назар аудару
және оны өзара бағалауға үйренуі;
—
теориялық және критериалды тұрғыда ойлауының
дағдылануы;
—
талғампаздығы;
—
ақпаратты қабылдау барысында ынтасының
тұрақты, бір мақсатқа бағытталуы.
Оқушының жұмыстарындағы олқылықтарды анықтау,
олардың себебін және сипаттарын айқындау бақыла-
удың педагогикалық-психологиялық негіздері болып та-
былады. Мұндағы басты мақсат — кездесетін кемшілік-
тердің алдын-алу. Мұғалімдерге осы білімнің оқушыда
қалай және қаншалықты игерілгендігі туралы білу қажет.
Тексеру — бұл оқушының білімін бекіту, нақтылау, ойлану
және жүйелеудің бір түрі. Мұғалімнің тарапынан тақырып
бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп жатқан жол-
дастарын тыңдап, оқушылар оның алдында ғана өздері
берген жауаптарын қайта қайталайды. Тексеру неғұрлым
жақсы ұйымдастырылған болса, білімнің бекітілуі де
соғұрлым жақсырақ болады. Мұғалімнің осы орайда мақ-
саты — материалдың толық игерте білуінде. Ал ол үшін
білімді арнайы әдіс бойынша тексеру керек. Тек сонда
ғана білім толық және терең игерілгеніне көзіміз анық же-
теді. Бағалау қызметінің басты функциясы-білім беру са-
пасын арттыру. Критериалды бағалаудың практикалық
маңыздылығы келесі артықшылықтармен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |