Ассоциациялық оқыту - түсініктер мен дағдылардың біртіндеп қалыптасуын
қамтамасыз ететін ассоциациялар, мнемоника, шынығу жаттығулары,
еліктеушілік, нұсқаулар арқылы оқу. Ассоциациялық оқыту нақтылы
жаңғырту мен жақсы есте сақтауға көмектеседі.
Апат - күтпеген жұт, соңы ауыр салдармен аяқталады.
Ауыл - тұрақ, ертеде көшпелі, қазір отырықшы.
Аффекттік фактор (лат. affectus – жан толқуы) – адамның өмірі мен қызметіне
әсер ететін, жоғары эмоционалдылықпен, терең күйзеліспен сипатталатын,
күшті, айқын пайда болатын және қызуқанды өтетін психикалық
жағдаймен байланысты фактор.