Әлеуметтік-сындарлы оқыту - талқылау, пікірталас, ынтымақтастық, білімді
бірлесіп құру сияқты диалог жүргізудің түрлі әдістерін қолдана отырып
түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу.
Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын
оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған
және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа
білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді. Әңгіме-дебат – оның барысында қатысушылар арасында ой-пікірлерде үлкен
алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады. Әңгіме-дебат
ынтымақтастыққа бағдарланбаған бәсекелестікке негізделеді.