Инновация - жаңалық енгізу, жаңарту.
Интеллигенция - (лат.ойшыл) – кәсіби ой еңбегімен, күрделі творчестволық
еңбекпен, мәдениетті дамытумен айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.
К Кәсіподақтар - жұмысшылар т.б қоғамдық ұйымы. Өз мүшелерінің жағдайын
жақсартуға қызмет етеді. Солардың мүдделерін қорғайды. Қазіргі уақытта
кәсіподақтың саяси белсенділігі артуда. Бұл қоғам өмірінің даму көрсеткіші.
Келісім - екі жақты тиімді шешім қабылдау үшін жасалатын келісім.
Кирилица - ІХ ғасырдың аяғы мен X ғасырдың басында грек әрпі негізінде пайда
болған әліппе. Негізін қалаушы Кирилл мен Мефоди. Славяндар арасында
таралып, 1708 ж. І Петр реформалайды.
Консолидация - нығайту, күшейту, бірдеңені біріктіру, мысалы, үйым, жеке
топтарды біріктіру, ортақ мақсаттар үшін, күшті біріктіру.
Конституция - мемлекеттің басты заңы, мемлекеттік органдардың құрылымы
мен құрылысының принципі, азаматтың құқы мен міндеттері.
Конфискация (тәркілеу) - жеке тұлға мүлкінің қайтарылмайтындай етіп
күштесу арқылы алынуы.