Ж Жас ерекшеліктері - индивидтің белгілі бір жас кезеңдеріне тән танымдық,
уәждемелік, эмоционалдық, перцептивті, психологиялық ерекшеліктері.
Олар дамудың жас кезеңдерінің ауысу үдерісіне сәйкес өзгеріп тұрады.
Жазу - адам өмірінде маңызды орын алады. Жазу кіргеннен бастап адамзат
өмірінің дамуы қарқын алды.
Жалпы көзқарас - ымырашылдық, саяси көзқарас пен шешімділік, белгілі бір
мақсаттың жолын қуушылық.
Жеке басқа табынушылық - саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол
азаматтардың демократияльқ құқықтары тапталған, жанышталған елдерде
дамиды. Бір партиялық тоталитарлық жүйенің орнығуы кезіңде бұрынғы
КСРО-да орын алды. (Сталиндік билік). Жеке басқа табынушылык тумауы
үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті
орнату керек.
Жекешелендіру - мемлекеттік меншікті ( кәсіпорын, тұрғын үй, көлік
құралдары т.б) жеке меншікке беру немесе сату. Ол - нарықтық экономикаға
өту үшін қажетті шарттың бірі.