ТАПСЫРМАЛАР Тапсырма 1. Құндылықтар спектрін өткізу. Біріншіден, төмендегі мәтінмен танысу. Үзінді: Алғаш оқушылардың өзін-өзі басқарулары енгізілді [81, 5 б.]. 1988 жылы 30 сәуірде Алматыдағы республикалық пионерлер сарайында әріптестер КСРО Халық мұғалімдерінің кездесуі болады. Олар Шығыс Қазақстан облысындағы Боран орта мектебінің директоры Қ. Нұрғалиев және Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют санаторий мектеп- интернатының директоры Г.М. Кубраков еді. Олардың арасында болған әңгіме-диалогта белгілі ұстаз Құмаш Нұрғалиев былай дейді: Өзін-өзі басқаруды енгізгенімізге жиырма жылдан асты. Біздегі оқу сыныптары тура мағынасында оқытумен айналысады. Білім берумен байланыссыз нәрсенің бәрін сынып өзгелерге берген, сабақтан басқа ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Жиырма жылдан бері бізде сынып жетекші деген жоқ дейді [120, 4 б.]. Оқушылар тобына тәрбиешілер бекітілмеген, балалар өзін-өзі басқарды. Бұл басты ерекшелік болды. Оқу, саяси, дене шынықтыру, техникалық, тұрмыстық мәселелер бойынша 13 комиссия мүшесі жұмыс істеді. Соған сай 13 тараудан тұратын мектепішілік жоспар жасалған. Әр комиссияға балалар өкілдері қоса болды. Мектеп комсомол ұйымының хатшылығына бірде мұғалім, бірде оқушы сайланды. Әр жастағы балаларға педагог бекітілмесе, оларды кім тәрбиелейді деген сұрақ туындайды. Бізде ешкім еш адамды күштеп тәрбиелемейді. Біз жай ғана еңбек етеміз. Оқушылар өздерін-өздері тәрбиелейді деген [120, 2 б.]. 25
жылдан астам уақыт өткеннен кейін біз енді ғана мұғалім бағыт-бағдар беруші
деп жатырмыз. Халық мұғалімі бұл мәселені өткен ғасырда болжай білген.
Педагог-тәрбиешілер немен шұғылданады? Макаренко қалыптастырған жүйенің ерекшелігі осы арада көрінеді. Әркім өзінің сүйікті ісімен айналысады. Мектептегі оқу үрдісін, педагогикалық кадрларды дайындауды ұйымдастыруға іскерлік көзқарас керек, өйткені бүгінгі күнгі біліктілікті арттыру үрдісінде ассоциятивтік-рефлекторлық көзқарас оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді деді [120, 3 б.].
Құмаш Нұрғалиевтің авторлық мектебінің тұжырымдамасы біртіндеп
жасалды және тәжірибедегі шынайы қарама-қайшылыққа талдау жасаудың
нәтижесі болып табылады.