Тапсырма 2. Сұрақтар шеңберін өткізу. «Менің ауылдық балаларымның қалалықтар сияқты техникалық негізде оқуға құқы бар» /Нұрғалиев Қ. Сұңқар бол сен де жас ұрпақ // Қазақстан коммунисі. – 1987. – 11 ноябрь/ деген мақсатын Қ. Нұрғалиев қалай
іске астырды?
Бұл әдіс мұғалімдер/оқушылар бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын
дамытуға бағытталған, сондай-ақ аудиторияны толық қатыстыру арқылы оқыту
жағдайларын теңестіруді көздейді.
Ұйымдастыру үшін жылжымалы орындықтар болғаны абзал. Жұмыс
алгоритмі:Бұл әдіс бойынша оқушылар кезектесіп сөз сөйлейді. Оқушылар
төрт немес бес адамнан тұратын топ құрайды. Оқушыларға тақырып және ол
бойынша ой жинақтау үшін бірнеше минут беріңіз. Содан кейін талқылау
басталады, әр оқушыға үздіксіз сөз сөйлеу үшін үш минутке дейін (немесе өзге
уақытты таңдаңыз) уақыт беріледі. Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айта алмайды.
Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен кейін жалпы әңгіме жүргізу
мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріңіз. Бұл кезеңде оқушылардың
өзінің жеке идеяларын емес, біреудің айтқандарын негізге ала отырып сөйлеуге
тиіс екенін алдын ала ескертуді ұмытпаңыз, сонымен қатар әңгімені
қорытындылау кезеңінде олар жаңа идеяларды енгізе алмайтындығын еске салу
қажет.