Обреймова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиена детей и подростков. Москва: «Академия» 2000
Эндокриндік жүйе – (грек. эндон-ішкі, крино –бөліп шығару) эндокриндік бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, адам ағзасының тіршілігіне ықпалын тигізеді.
Ағзадағы барлық бездер 2 топқа бөлінеді: 1. сыртқы 2. ішкі.
Сыртқы секрециялық (лат. с. секреция-сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет - без өнімдері ) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сыртқы секрециялық бездерге сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр жатады.
Гормондар (гр. «һоrmae»– қоздырамын, козғалыска келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық мидағы гипоталамус (гр. «һуро» – асты, төменгі жағы, «tаlаmое» – бөлім). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустан гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар – нейрогормондар деп аталады.
Гормондар - жүйке жүйесімен бірге ағзаның өсуін, дамуын, физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар белгілі.
Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік, айырша (тимус), ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, бүйрек үсті, жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар сыртқы, және ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Гормондардың қасиеттері: гормондар өте белсенді, тым аз мөлшерде әсер ете алады; әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек. gipo – аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. giper – артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы ағзаның тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйенің қызметтері (оң жағында — ер бала, сол жағында — қыз бала): 1. Эпифиз( диффузиялық эндокриндік жүйеге жатады). 2. Гипофиз 3. Қалқанша без 4. Тимус. 5. Бүйрек үсті безі. 6. Карын асты безі 7. Жыныс безі (қыздар). 8. Жыныс безі (ер балалар).
2.Эпифиз
Эпифиз немесе домалақ без - пішіні домалақ, жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Сыртынан дәнекер тіндік капсуламен қапталған, одан ішіне қарай тосқауылдар өтіп паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердің ортасында пинеалоциттер, ал шетіне қарай тіректік глиоциттер орналасады. Пинеалоциттер пішіні көп бұрышты, ядросы көпіршік тәрізді, ядрошықтары ірі.
8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жасөпірімдер мен жігіттерде/ бойжеткендерде без жасушаларының қызметі белсенді, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді.
Эпифизде 3 гормон өндіріледі: меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар
Гипофиз
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар.
Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2% ортаңғы, 18-23% артқы бөлікке жатады.
Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) – лютеиндеуші (ЛТГ), лютетропты (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) және ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).
СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады.
СТГ – ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіреді. Алыптық пайда болады. Бойы 2 метрден асқан адамды алып деп атайды. Бойы нашар өскен балаларды бұл гормонмен емдесе, олардың бойы 6 айдың ішінде 5 – 6 см өседі. СТГ – ның гипосекрециясында баланың бойы өспей ергежейлі болып қалады.
Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне акромегалия байқалады, яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіріп, сүйектің өсуіне әсер етеді, жаңа қан капилляларының пайда болуына ықпалын тигізеді
Адренокортикотропин АКГТ бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатынын гормондары глюкокортикоидтар мен андрогендердің өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуын реттейді. Мұның гиперсекрециясы бүйрек үсті бездерінің қызметін күшейтіп, заттың алмасуын бұзады, қанда қанттың мөлшерін көбейтеді, қанның қысымын арттырады, сүйектің құрамын өзгертіп, борпылдақтандырады, сүйек тез сынғыш болады, Иценко – Кушинг ауруы пайда болады, адамның денесі толады, беті дөңегелектеніп, шабынып, колтығының терілері жарылады.
Гонадотропиндер ТТГ қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: иод элементінің без жасушасында жиналуына, тотығуына әсер етіп, қалқанша гормондарының түзілуін реттейді. Ол қалқанша безінің жасушаларының өсуіне, қызмет атқаруына ықпалын тигізеді. Бұған қоса, қалқансерік бездеріне де сондай әсер етіп, қанда кальций тұзын көбейтеді.
Гонадотроптық гормондар (ЛТГ, ЛСГ, ФСГ) балалық кезде өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан физиологиялық мәні онша бола қоймайды. Тек жыныстық жетілу басталған мерзімнен кейін оның организм үшін маңызы арта бастайды. Жалпы алғанда, бұл гормондар ерлерде сперматогенезді күшейтеді, әйелдің етеккірін мезігілінде келтіріп, жыныс гормондарының түзілуін, бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде гормондардың пайда болып, ағзаға әсер етуін бақылайды.
Меланотропин (МТГ) адам терісінің түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісі ақ, ал азайса – қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе, адамның барлық денесінің терісі аппақ болып, күн шалмайды. Бұған қоса, меланотропиндер көздің жарық қабылдағыш апппаратының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа бейімделуге және естің қалыптасуына қатысады.
Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп алататын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құрылған. Бұлар супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларларда түзіледі де, аксондар арқылы нейрогипофизге келеді. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады.
Қалқанша без
Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Оның аты 1956 жылдан бастап әйгілі болғанымен, организмдегі ішкі секрециялық қызметі жайлы алғашқы болжамдар 1838 жылы тәжірибелер негізінде көрсетілген. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған дәнекер ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлшектер адамның жасы ұлғайған сайын өсіп, көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы1 г, 6 айда 2 г. Алғашқы жылғы баланың өмірінде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г.
Қалқанша безде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтионин және кальцитонин. Бұл гормондар зат алмасуын үдетіп биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Қалқанша без қызметі күшейсе гиперсекреция байқалады Базед ауруына шалдықтырады бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әлсіресе гипосекреция байқалса шырышты ісік — микседема дерті байқалады тері кебірсіп, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді.
Қалқанша без қызметі жас шақтан жетіспесе өсу процесі нашарлап, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, нақұрыс — кретинизм аурауы байқалады.
Ауыз су мен топырақта йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де, организм эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейгенімен, гормон жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді, зат алмасу процесінің қарқыны төмендейді.
Қалқансерік безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos — қалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды.
Қалқансерік безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді.
Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 г. дейін өседі.
Қалқансерік безінен паратгормон бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады.
Қызметі:1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді;
2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді
3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс аркылы шығарылуын қамтамасыз етеді.
Қалқансерік бездерінің гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көп жинақталыпалып гиперкальциемия байқалады. Гипосекреция кезінде қалқансерік бездерінен аз мөлшерде гормон бөлінеді, қандағы кальцийдың мөлшері азайып, ағзада калий-натрий тепе-тендік бұзадады да гипопаратиреоз пайда болады.
Қалқансерік безі
Тимус
Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ бөліктер) бірі – бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысына орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмағы 23 г, 15 жаста 37 г болады. Одан әрі қарай без жасушалары солып азаяды: 45 жаста 35 – 16 г, 50-55 жаста 12 – 13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады.
Бала туғанда айырлы без жақсы жетіліп тұрады. Оның ұлпасы дифференцияланып, әр бөлігіндегі милы жне қыртысты қабаттары айқын көрінеді. Бала туғанда бездердің 62-63% қыртыс қабатында, 37-38% милы қабатында орналасады. Айырша без екі қызмет атқарады: ішкі секрециялық без ретінде тимозин (тимсекрецин) гормоның өндіреді және ағза иммунитетіне маңызы күшті Т – лимфоциттер дамып жетіледі. Жаңа туған баланың тимусындағы лимфоциттердің мөлшері қыртысты қабатта 62,6%, милы қабатта 42,4%.
Тимустағы эндокриндік без жасушаларының мөлшері 36-37% шамасында болады. 20 жастан әрі қарай бездің орнын май және дәнекер ұлпалары басады. 12 жастағы баланың тимусының 35,4 % ғана без болып, жасөспірімдік мерзімнен бастап біртіндеп азаяды.
Тимус безінің ағзада маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі қальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бұған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С дәруменінің қоры ретінде де қызмет атқарады. Бұл дәруменнің мөлшері бойынша айырша без екінші орында, бірінші орында – бүйрек үсті бездері. Мұнда В2 және Д дәрумендері өте көп және біраз мөлшерде цинк болады. Тимус нуклейн қышқылдарының алмасуына қатысады деген болжамдар да аз емес.
Карын асты безі
Қарын асты (ұйқы) безі аралас сөлініс безге жатады. Сыртқы секрециялық қызметіне ас қорыту сөлін өндіру қызметі жатады. Ұйқы безінен панкреатин сөлі бөлініп ұлтабарға құйылады. Ішкі секреция қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен «үш» жағында және аздап басқа бөлімдерінде орналасқан ерекше тін. Ең алғаш аралшықты морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863 ж. Лангерганс ашты. Лангерганс аралшықтарында 2 түрлі жасушалар бар және (түйірлі жасуша). Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%. Ұйқы безі көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды өндіреді: инсулин, глюкагон және самогастатин. Ұйқы безінің гипосекрециясы қантты диабет ауруын тудырады. «Диабет» деген сөз грекше «тесіп өтемін» деген мағынада. Осы сөз бұл аурудың дәл негізін көрсетеді. Шынында, қант жасушалық тіндік кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде сыртқа шығады.
Бүйрек үсті безі
Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6 – 12 г, әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5 – 10 г, милы қабаты 1,2 – 2,4 г шамасында болады., яғни қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық тұрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады.
Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1. Глюкокортикоидтар; 2. Минералкортикоидтар; 3. Адренокортикоидтар.
Глюкокортикоидтар бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа өте белсенді гормон – кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады.
Минералкортикоидтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. Бұл топқа альдестерон мен одан белсенділігі 20 – 30 есе төмен 11 – ші дезоксикортикостерон жатады.
Адренокортикоидтар – андростерон, эстрол және прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы зонасының жасушаларында түзіледі.
Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадераналин басқа мүшелерде де пайда болады.