Что такое гормоны?



бет2/2
Дата29.09.2023
өлшемі1,44 Mb.
#111550
түріСабақ
1   2
Байланысты:
嫢 07

Жыныс бездері

  • Жыныс бездері
  • Жыныс бездері аралас бездер қатарына жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс жасушалары - әйелде аналық жасуша және ерлерде аталық жасуша - сперматозоидтар өніп дамиды. Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне, дамуына, әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілерінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30 г, 8-10 жасқа дейін 0,17 - 0,18г. Әйелдерде салмағы 5-8 г, жаңа туған қыз балада 0,2 г,5 жаста 1г,8- 10 жасата 1,5г. Ерлердің жыныс бездері – қос мүше. Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді. Тестостерондардың алмасуы негізінде андростерон және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобына жатады. Аналық бездер үш қызмет атқарады: генеративтік (әйелдің жыныс жасушасы жұмыртқаны өндіру, фолликулдердің дамуы, сары дененің пайда болуы), вегетативтік және гормондық қызметтер. Аналық бездерде эстрогендер мен прогестерон гормондары өндіріледі. Эстрогендер тобына эстрадиол, эстрон, эстриол, гормондары жатады.

Түйіндеме

  • Эндокриндік бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан.

Бақылау сұрақтары

  • Эндокриндік жүйе қызметінің жас ерекшеліктері.
  • Стрестің жас ерекшеліктері.
  • Тест сұрақтары
  • Ішкі секреция бездерінің реттелуінде маңызды рөл атқарады:
  • A) Гипоталамо - гипофизарлық жүйесі
  • B) Симпатикалық жүйке жүйесі
  • C) Парасимпатикалық жүйке жүйесі
  • D) Жұлын
  • E) Ортаңғы ми


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет