Цифрлы Қазақстан бағдарламасы



Дата14.10.2022
өлшемі1,53 Mb.
#43126
түріБағдарламасы
Байланысты:
Ұлттық Сандық қаржы


Цифрлы Қазақстан бағдарламасы
  • Сандық экономика (веб, интернет-экономика, электронды экономика) – бұл сандық технологияларға негізделген экономикалық қызмет, электронды бизнес пен электронды коммерциямен және олар өндіретін, сататын сандық тауарлар мен қызметтермен байланысты. Сандық экономиканың қызметтері мен тауарлары үшін төлемдер көбінесе сандық валютада (электронды ақша) жүргізіледі.

«Сандық экономика» терминінің пайда болғанына жиырма жылында ол әлеуметтік-экономикалық салада қолдануды кеңейтті және қоғамның саяси өміріне араласты. Аналогтық экономика – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұсынылған тауарларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысындағы қызметтер. Сандық экономика сандық технологияларды белсенді қолдану арқылы нақты экономиканы табысты толықтырады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторы ел экономикасының ең әлсіз тұстарының бірі болып табылады. Мемлекетіміз бәсекеге қабілеттілік бойынша жалпы рейтингте 42 орынды иеленсе, қаржы нарығын дамытуда (2015-2016 жылдардағы Дүниежүзілік экономикалық форум индексі бойынша) 91 орын алады. Осылайша, қаржы секторының төменгі рейтингі тұтастай экономиканың артта қалуына әсер етуімен қоса, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын жүзеге асыруға едәуір кедергі болады.
Төлем экожүйесін дамыту, атап айтқанда, шағын төлем жүйесі қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін ұлғайтады, банкоматтарды біріктіру бағдарламасын құрып, төлемдерді нақты уақыт тәртібінде жүзеге асыруға көмектеседі. Ақша аударудың тиімді әдістерін пайдалану арқылы тұтынушылар төлемдерін жүзеге асыратын заманауи төлем технологиялары, оның ішінде, электронды биллинг және электронды билет сатылымы болады.
Мобильді экожүйені құру қауіп-қатерді бағалау, кредиттік және ұялы әмиянды түрлі төлем әдістерімен жақсарту үшін заманауи деректер инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді. Бұл экожүйе тұтынушыларға ең жақсы және оңтайлы ұсынысты жылдам табуға өте тиімді. Автоматты бюджеттеу, капиталды нарықта инвестиция жасау сияқты әртүрлі қаржылық басқару құралдарының қолжетімділігі халық әл-ауқаты деңгейін арттырады.
Халықаралық қаржы орталығының аса тиімді сандық инфрақұрылым арқылы дамуы өңірдегі ірі нарықтарға қол жеткізуге, инвесторлар үшін транзакциялық шығындарды төмендетуге, инвестициялық диверсификациялау мүмкіндігін ашады. Және капиталдың тиімді бөлінуін қамтамасыз етіп, Орталық Азиядан ірі кәсіпорындар тартуға мүмкіндік береді.
Қаржы секторы ел экономикасының көптеген салалары мен секторларына әсер етеді және Қазақстанның дамуындағы маңызды фактор болып табылады. 
Сандық экономикаға кеңейтілген тәсіл сандық технологияларды белсенді қолдану позициясынан дәстүрлі тұжырымдаманың комбинациясын қамтиды. Сандық экономикалық модель экономикалық нарықтың түбегейлі өзгеруіне негізделген бизнес-модельдер, оның ішінде қаржы мен несие. Жұмыс нәтижелері: сандық экономиканың бастамашыл блогы ретінде «қаржы және несие» көпфункционалды категориялары әрекет етеді. Қаржы-несие саласында сенімді технологиялар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін әр түрлі қызметтер көрсетеді.
Қаржылық қызметтер саласына сандық трансформациялау арқылы жаңа технологиялар енгізу банк секторының ауқымы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, қаржылық қызметтерге деген сұранысты кеңейтуге, қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесін ұлғайтуға, көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Сандық экономиканың кеңейтілген интерпретациясы санға негізделген экономикалық қатынастар кешенін ұсынуға мүмкіндік береді: тауарлар мен қызметтерді өндіру, тарату, айырбастау және тұтыну кезіндегі технологиялар. Олардың ішінде: мәліметтерді құру және беру (Үлкен деректер), Интернет заттары, Индустрия 4.0, 5G байланыс желілері, инженерия 3D және т.б. Қаржы -несие секторында бұл Fintech

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет