Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші және тұрақты жұмыс орындарын құрушы бола алады. Цифрландыру жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасына жаңа технологиялардың бейімделуі мен оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналады. 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында 8 мың жұмыс орны құрылды.
Жоба басты төрт бағыт аясында іске асатын болатын. Оның әрқайсысына тоқталып, талдап көрелік.
1)ауылды аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жоспары тұр, Қазақстан Республикасының транзиттік жағдайын арттыру.
2) Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласына цифрлық технологияны ендіру. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқтап өтелік. Олар - көлік және логистика саласы, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, ауыл шаруашылығы мен электронды сауда саласын дамыту
Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жұмысының сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы ету.
4)IT-секторындағы білікті мамандарды дайындау.
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қазақстанда үшінші жаңғырудың бастау алатыны ресми түрде жарияланды. Бұл дегеніміз Қазақстанда үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы қажет. Бұл ретте IT саласына ерекше басымдық беріледі.
Сонымен бірге, тек 2017 жылдың өзінде “Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасында 244 радио және телевизиялық станция салынатын болды. Жүзеге асқан жобалардың көптеген бөлігі мемлекеттік және жекменшік серіктестігі аясында іске асады.
Цифрлық сауаттылық – бүгінгі заман талабы Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы. Цифрлық технология қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады.
Цифрлы технология – болашаққа батыл қадам
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды айта келіп, «Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру шеңберінде барлық жоспарланған жобаларды толық іске асыру үшін оларды ІТ-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта 6283 денсаулық сақтау мекемесінің 3,050 немесе 51 пайызы интернетке қосылған. 97784 жұмыс орны дәрігер мен медбикелердің (соның ішінде ауысымдық жұмыс) 82,149 немесе 84,9 пайызы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. 757 денсаулық сақтау ұйымының 619 немесе 85,4 пайызы медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылған.
Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.
Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.
Қазақстан экономикасының цифрлануы:
«Цифрлы экономика» термині 1995 жылы қолданысқа енгізілді, сонымен қоса және бірінші кезекте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты болды. 1995 жылы американдық информатик Николас Негропонте «цифрлы экономика» терминін енгізді. Қазір бұл термин бүкіл әлемде қолданылады
Цифрлы экономика - бұл әлемнің көптеген мемлекеті ұлттық экономикасының тиімділігін және табысын арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды қолдануы.
Цифрлы экономика - бұл әлемнің көптеген мемлекеті ұлттық экономикасының тиімділігін және табысын арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды қолдануы.
Соңғы онжылдықта әлем экономикасы жаңа форматқа көшіп жатыр, оны қалыптастыруда цифрлы технологиялардың басты құралына айналып, маңызды рөл атқаруда. Ақпараттық технологиялардың жеке және мемлекеттік сектор жұмысындағы рөлінің кеңеюі - цифрлық мемлекетке көшудің негізі болып отыр.
Әлемдік жетекші сарапшылардың болжамына сәйкес, 2020 жылға қарай жаһандық экономиканың 25 пайызы цифрландырылмақ. Ал мемлекет, бизнес және қоғамның тиімді өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу барған сайын ауқымды және динамикалық үдеріске айналуда.